06.02.2022
  259


Автор: Сарбас Ақтаев

БАТЫР БОПАЙ

Қыр  қызының   тағдыры           қызық   қой.      Көшпелі тұрмыс       салтына           сәйкес қаршадайынан ат            жалын тартып мініп, ер азаматтармен әмәнда үзеңгілес жүруіне тура келеді. Үзеңгілес жүрген соң әлбетте жігіт білетін өнердің бәрін ол да меңгеруі керек. Алдына ондай талап қойған қыздардың ынта-ықыласына жалпы әйел затына тән алғырлық, пен алымдылық, қажырлық пен қарымдылық, табандылық, пен тағандылық қосылғанда көп жағдайда олар ерлердің алдын орап кетіп   отырады.  Сондықтан  сайыс   пен   жарыста,   күресте   жігіт-желеңге   есе жібермей, жеңіп кетіп жүретін қыздардың қазақ қырында аз болмағаны белгілі. Құдыққа құлаған атан түйені екі өркешінен ұстап суырып алатын, құрық тимеген шу асауды құлағынан басып         шөкесінен отырғыза қоятын, құнан өгізді бір өзі көтеріп кететін, көкжал қасқырды тобылғы сапты дырау қамшымен-ақ соғып ала беретін апаларымызды ел әлі күнге аңыз етіп айтпай ма. Ал таңдайынан шаң шыққан           талай        шешендерді   шоңқитып,   айтыста   небір   ақындардың   аузын аштырмай қоятын жез көмей ділмар да айтқыр шайыр қыздар өз алдына бір төбе. Осыдан келіп көбіне жігітке айтылатын сегіз қырлы, бір сырлы деген сипат негізінен әйел затына лайық па деген де ой келеді. Кенесарының кәдімгі хан Кененің қарындасы Бопай да кезінде сандар ақылына ажары, өжеттігіне өнері, күшіне ісі сай батыр да батыл қыз болған сияқты.


Көзсіз батыр, көшелі ақыл иесі Қасым төренің Саржан, Есенкелді, Ағатай, Бопы, Көшек, Кенесары және Наурызбай сияқты шетінен сайрауға емес, самғауға жаралған сайыпқыран алты ұлының арасындағы жалғыз қызы сайыскер-серілік салт-дәстүрде аға-інілерінен қалмауға құлшынып, жастай шынығып шымболаттай шыңдалып өсті. Қыз бала білуге тиіс өнердің бәрін бес саусағындай игерген ол күшке келетін қарекет-қимылда да жігіттердің өзіне дем берген жоқ. Әсіресе ол сайысқа бөлекше шебер еді. Ақ боз аты ойнақтап, құндыз бөркінің үкісі желкілдеп, кәмар белбеуінің алтын-күмісі күнге шағылып жетіп барғанда-ақ белдесуге шыққан жігіттің құты қашатын. Жанаса бере аттан қарсыласын қалай жұлып алғанына көз ілеспейтін. Баяғыда Байгөбек байдың асында бұған бір еркек


 


тең келмей, бәрі ат сауырынан сырғып, тырапай асқанын жұрт ұзақ уақыт ауыздан тастамай айтып жүрді. Сонда жиналған ел: "Сандал қайындай сымбаттысын қарашы! Сілеусін көзі өңменіңнен өтетін ақсары Кенесарының өзінен аумайды. Жанарының жап-жасыл ұшқын атып тұрғанын көрмейсің бе! Қасымның кілең көкжал бөрі ұлдарын қойып, қызына дейін қасқыр ғой" деп, таңданып таңдай қағысқан-ды. Ал Бопай жақ тартқанда да адырнасын ала өгіздей мөңіретіп, жебесін көз жетпейтін жерге түсіретін қарулы садаққер әрі құралайды көзге атқан мерген. Жиын-тойларда жамбы атып та талай жүлде алған.


Аруақты атаның бұлай боп өскен ерке қызы өмір тірлігінде де өзін еркін ұстады. Жастай көңіл қосқан сүйіндік Жанайдар батырға деген жүрек ұшқынын ол көз жұмғанша сөндірген емес. Алайда тәкаппар Қасым біраз елді аузына қаратқан Орынбай бидің жалғызы қанша жерден батыр болса да, қара қазақты төре тұқымымен терезесін тең көрмей, Бопайды Әбілқайыр сұлтанның Сәмекесіне беріп, Ырғыз бойына ұзатқан. Атаның айтқаны әрқашан зан болатын заман ғой, артына қарай-қарай кете барған ерке қыз. Бірақ ол түскен жерінде де тізгінін ешкімге бермей, өз отбасының ғана емес, бүкіл әулеттің билігін уысында ұстап, айбын бай, айдынды жүрді. Сол батыр мінез, батыл қылығы ағасы Саржанның туын жықпай, жолын жалғастырып, ереуіл атқа ер салған Кенесары орыс отаршылдарына қарсы бас көтерген тұста бар қырынан көрінді.


Көтеріліс оты қаулап, қырға қанатын жая бастағанда балаларының алды кәмелетке толып, үйленіп үлгерген Бопай қол қусырып үйде қарап отыра алмады. Айналасындағыларға үтір айтып, ері Сәмеке мен оның туыстары Сартеке мен Досанға "атқа қонып көтерілісшілердің бір жағына шығысайық", деп сөз салып көріп еді, керенау төрелер қозғала қоймады. Ыза болған Бопай күйеуіне де, оның ағайын-туғандарына да қолды бір сілтеп, алты баласын алып "көтеріліс ошағы қайдасың" деп тартты да отырды. Сөйтіп ол 1837 жылы өз бақталайын қалың елдің бостандығы жолында басын бәске тіккен көтерілісшілердің тағдыры мен ұштастырды. Қыз кезіндегі арманы мен қайта қауышып, осы Кенесары қосынында Жанайдар батыр мен тағы да табысты, талай жорықтарда үзеңгілес жүріп, қиын-қыстау кезендердің көбін бастан бірге кешірді. Алты бала тапса да артық еті жоқ, құлан мүшелі ханшайым қырыққа таяп қалса да талайлардың көмейіне құрт түсіріп, көзінің жауын алатын-ды. Оның жанында жүретін "жүртым үшін жан пида" деп атқа мінген арғын қызы Алтыншаш пен табын қызы Ақбөкен де өзі сияқты ерге ердей, серіге серідей жолдас бола білетін қайратты да айбатты қыздар еді.


Айтқан ақыл-кеңесі қашанда діттеген жерге доп тиетін Бопайды Кенесары ереуіл кеңесінің мәжілістеріне ұдайы қатыстырып, оның ұсыныс-пікірлеріне құлақ, асып отырды. Ереуіл басшыларымен келісе отырып, оған арнаулы қызмет белгілеп берді. "Бопай зекет жинайтын және көтеріліске қосылмаған сұлтандардың мүлкі мен азық-түлігін тартып алатын алты жүз адамдық ерекше топты басқарды" деп жазды белгілі тарихшы Ермұхан Бекмаханов ("Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында". Алматы, "Санат" баспасы. 1994 ж.)


Көтерілістің мән-маңызын жұрттың көбі әлі жете түсінбеген кез. Ел алдағы игіліктен қолдағы тірлік-талшығын артық көреді. Сондықтан көпшілігі көтеріліс


 


шығынын көтерісуге енжар қарады. Сол себепті біраз жерде "берсең қолыңнан, бермесең жолыңнан" деп күш қолдануға да тура келді. Әсіресе, мыңды айдап отырып мыңк, етпей, түбі не болар екен деп, әліктің артын бағып, жалтақ қағып отырған байлар Бопайдың ашу-ызасын туғызды. Оны ол ереуіл кеңесінде ашық та айтты.



  • Олардың ақ патшаға жағынып, жаны шығып жүргенінің өзі сол қолдағы байлығынан айырылып қалмаудың амалы, - дейді Бопай қабағын сәл шытып, Патша жандаралдары бекініс салып, келімсектерге аздаған үлес беріп жатқаны болмаса, жердің шұрайлысы әлі де Самеке, Нұралы, Бөкей, Уәли хандардың ұрпақтарында ғой. Мал үшін олар қазақтың жері түгіл, жанын да береді. Бірі бүкіл Есіл, Нұра бойын жайласа, бірі сонау Сырымбет тауының Құсмұрын мен Шұбарға дейін көсілген кең алқапты алып жатыр. Ал өзгелерді қойып бір ғана Уәли ханның анау Айғаным жайлап отырған бөкгерге үш болыс елдің малы сияды. Бопай кенет ағасына ашулана ҡарады. Қашанғы сол қатынды басымызға секіртіп қоямыз?! Қоңырқұлжадай оны да шабатын мезгіл жетті, жібермейсің бе бір батырыңды.

  • Қатын ауылын батыр шаппас болар, -деп Кенасары қасқыр көрген бүркіттей түйіле қалды.

  • Қатынды қатын шаппаса, батыр шапқаны ерсі, - деп отырғандар да шу ете


түсті.


-Мен дайын. Бүгін түнде-ақ жүріп  кетуге бармын, - деп қуанғаннан


Бопайдың екі көзі жарқ етті (Ілияс Есенберлин "Қаһар" романы). Алайда оған жедел аттанып Аманқарай дуанын шабу тапсырылды. Ол шабылысымен іле-шала Ақмола бекінісіне лап қоймақшы. Ондағы ой Ақмоланы қорғауға Омбыдан жіберілген әскердің бетін солай қарай бұру еді. Бұл тапсырманы Бопай бұлжытпай орындады. Аманқарағайға шабуыл жасап, төңірегіндегі ауылдардан көп мал айдап әкетті. Өзінің бұрынғы күйеуінің ағайын-туғандарының да ауылдарын шауып, өшін алды. Қайтар жолда Сырымбетке соғып, Айғанымның да ордасын ойрандады. Осыған орай Редько деген мәжіліскер Омбы облысының басқарушысы полковник Талызинте: "Сұлтанша Бопай Қасымова өзінің екі жүз адамымен Аманқарағай округінің қазақтарынан көптеген малды тартып әкетті және қайтар жолда Сырымбет елді мекеніне келіп, қойманың құлпы мен есігін бұзып, оцдагы киіз-кілемдерді, елтірі тері және қыруар азық-түлік қорын алып кеткен" - деп жазды.


Жалпы, сол 1838 жылы Бопай елінің жасағымен Батыс Сібір губернаторлығының терістік-батыс аудандарына үңгір еніп әрекет етті. Дұшпан жеріне ендеп еніп, партизан жорығын жасап, ту сыртынан соққылап, қыруар шығынға ұшыратты. Көтеріліс ісіне белсене қатысып, қырға атағы кеңінен жайылған Бопай Кенесары басқарған ірі шайқастардың бәріне дерлік қатысқан. Оның үстіне өзінің тікелей міндеті бойынша зекет жинай жүріп, одан бас тартқан немесе жалтарған бай-шоралардың, би-төрелердің мал-мүлкін тәркілеген.


Бұндайда бата соқпай, қате соғатын сәттер болмақшы да ғой. Сондай бір мезет Бопайдың алтыбас қыпшақтың атақты биі Балғожаның (Ыбырай Алтынсариннің атасы - С. A.) ауылын шабуы болды. Кенесарының іс-қимылына


 


бұрын да онша бейіл танытпай жүрген би бұл оқиғадан кейін тіпті теріс айналып, қастасып кетті. Әсіресе ауылын батыр шайпау, қатын шапқаны қатты батып, ашу- кегін кемерінен асырып жіберді. Хан Кененің осылай бір қорықса, соңымнан ерер деген үміті быт-шыт болды. Бар малын айтатын алса да мәрт мінезді нар бидің иілер, иліген сыңайы аңғарылмайды. Амалы таусылған хан енді оған кісі салуға мәжбүр болды. Арнайы хат жолдап:


Ойда Қоқан, қырда орыс, Әкім болды қаласы.


Кімнен таяқ, жегендей, Біздің қазақ баласы.


Бақталас болып жүргені , Ауылының аласы,


-деп намысына тамыздық тастап, бас құрап, бірігуге шақырды. Бірақ, арына


жанын, жанына малын садака ететін бидің беті бұрылмады. Ол да жырмен жауап қайтарып, ащы болса да шындығын айтып, ашулы хат жолдады. Алдымен Кенесарының қапияда қолға түсіп, ол ордан шығуы қиынға соғатынын, жауы


жалғыз орыс емес екенін, қайда барса алдынан тор құрулы тұрғанын, райынан қайтпаса, ғазиз басы қор болатынын ескертіп:


 


Былай барсаң Қоқан бар, Қоқандаған әкең бар.


Былай барсаң үйсін бар, Жүрегінде түйсін бар.


Былай барсаң Бұқар бар Жайын болып жұтарлар. Тау жайлаған Қырғыз бар,


Жүрекке түскен бір мұз бар, Артыңда қалған орыс бар,


Байғүс-ау,   мұнда саған   қайда қоныс   бар…".  -деп шырылдаған  шындықты шиқанның аузын қасығандай қан қақсатып айтады.


Қатеңді досыңнан гөрі қасың көргіш екеніне ханның көзі кәміл жетті. Бірақ, болар іс болды, шегінерге жер жоқ, Оның үстіне Балғожа би сияқты бәрі ашық қарсы шықпағанымен, орыс ұлықтарына жең ұшынан жалғасып, ханды сыртынан сатып, ізін аңдып жүрген басқа да би-сұлтандар мен байлар бұл далада жыртылып айырылады. Бәріне бірдей айтқаныңды білектің күшімен, бишіктің ұшымен орындата алмайсын Сондықтан кейде қатеңді мойындап елді ішке де тарта білу керек. Оның қырық бірінші жылғы маусымда Орынбор шекара комиссиясының төрағасы генерал-майор Генске Сібір әскери жасақтарының қанқұйлы қылықтары туралы хатында өз қателігін мойындап "Алтыбас руының биі Балғожа Жаңбыршинді шапқызған менің өзім, одан өш алуымның өзіндік себебі бар" деуінде осындай да мән жатқан тәрізді. Келесі жылы альфа кеңесшісі Ларионовтың сол шекара комиссиясына баянхатында "Старшын Сабанбай Бекболатов маған қыпшақ биі Балғожа Жаңбыршиннің арызын айтып, арылу үшін Кенесарыға өзі барып, ақыры оның баласына қызын бермек болып, құдандаласып,


 


татуласып қайтқанын айтты" деген не қарағанда, олардың ортақ тіл табысқаны байқалады.


Бірақ жұрттың бәрі Балғожа бидей әріден ойлап, алдағын болжай бере ме. Елдің, жердің қамы қаперіне кіріп шықпай, көз алдындағы қара-құрасына мәз болып, аз күнгі тыныштыққа масайрайтын тоқмейіл тоғышарлар қырда баршылық қой.


Оларға беймаза сұлтанның, халықтың қамсыз ертеңін ойлауы бүлікшілдік қана боп көрініп, біразы патша ұлықтарына арқа сүйеп, хан Кененің соңына шырақ алып түсті. Әскери жасаққа жол нұсқап, қапияда ордасын шаптырып, қатын-баласын, ағайын-туған дарын тұтқындатты. Бөлтірігін алдырған бөрідей аласұрған көтеріліс басшысының әсіресе осы тұстағы қарекет-қимылы тым тегеурінді болды. Ол патша үкіметі қарсы айдап салған қазақ сұлтандарының талай жасағының бетін тойтарып, Омбы мен Орынбордан шыққан жазалаушы әскерлерді де әр-әр жерде күйрете жеңіп, ойсыратып кетіп, қазақ қырына баса көктеп кіріп, қаптата бастаған бекіністер мен станциялардың да біразының күлін көкке    ұшырды.         Осы                       жорықтардың   денінде       сарбаздарға  дем               беріп,           ерлікке жігерлендіріп, оның қарындасы батыр Бопай балаларымен бірге қақ ортада жүрді. Алайда  кемел   ойлы   Кене   хан   қол   жеткен   табыстарына   тоқмейілсіп,


масаттана қойған жоқ, Келешектегі күрес жолының қиын-қыстау болатынын ол күні бұрын көріп-білді. Өзін жақтайтын көбі кедей ауылдардың шаруашылығы құлдырай бастағанын да сезді. Жығылғанға жұдырық деп 1844 жылдың қысы да қытымыр болып, шекара аймағындағы шұрайлы жерінен айырылған қазақтардың онсыз да күйсіз малын жұт жалмады. Шекарадағы саудадан қол үзген халық, күнделікті тұрмысқа қажет заттарын таба алмай, наннан да тапшылық көруге айналды. Ұзаққа созылған әскери жорықтардан жұрттың өзі де қалжыраған еді. Аяқ-қолын бауырына алып, ел есін жинап алуы үшін Орынбор губернаторымен жаңадан келіссөз бастады. Бірақ, патша үкіметінің қазақ даласында табаны тиген жерден айырылар түрі байқалмайды. Тақа болмаған соң хан князь Горчаковка: "Бізге Ұлытау, Сарысу және Үшкеңгірден Жыланшық-Торғайға дейінгі өңірді алып берсеңіз, онда ант беруге және оны қандай түрде ұсынылған болса да орындауға әзірміз. Еш уақытта патша ағзамының қол астындағы халыққа қарсы қару көтермеуге уәде береміз" деп өтініш жасауға мәжбүр болды. Үкімет қазақ хандығын қалпына келтіруден қарадай үрейі ұшып, Кенесары өз өтінішінде атап көрсеткен азын-аулақ аймақтың өзін оның қарауындағы елге қимады. Қайта жазалау экспедициясын үсті-үстіне төгіп, көтерілісшілерді жан-жақтан қыспаққа алып, қоршау құрсауына түсіруге тырысты.


Амал жоқ, алтын бесік Сарыарқамен қош айтысуға тура келді. Сонда Кенесарының туған жермен қоштасардағы бір сөзін көкшетаулық Бабаназар қажы қағазға түсірген екен. Бұл жыр бір жағынан оның артында қалып бара жатқан еліне өсиеті де сияқты.


Бағынба, қазақ, орысқа, Бағынған соң орысқа, Осы бастан қош айтыс Сарыарқа деген қонысқа.


 


Билік кетер басыңнан, Береке кетер асыңнан, Күйдіруші табылып, Төгіндікпен қурарсың, Көрші-жақын досыңның Қысылып тұрсаң байқамай, Шын көңілді айта алмай, Ер соңыма, қазағым,


Басынды бекер шұлғымай. Көрінісі орыстын, Текеметтің түріндей.


Ойлағаны жамандық … Жаралан ардан іріндей, Абақты деген үйі бар, Қазалы тұрған көріндей. Кейінгі туған ұрпақтың, Обалына қаларсың, Қорыққайсың көз-жастан, Солардан лағнет аларсың, Ажалдан аулақ әкетем,


Соңына еріп ерінбей, - деп, еліне соңғы сөзін айтып, Жетісуға бет түзеді. Ондағы ойы Ұлы жүз қазақтарымен, Алатау қырғыздарымен тізе қосып, білек біріктіріп, старшындар әкеле жатқан апаттың алдын алу еді.


Қол ұшын беруін өтініп барған екі ағасы Саржан мен Есенгелдіні аярлықпен мерт етіп, өзі тұтқынынан кездейсоқ құтылған, қарт әкесінің ажалына себепші болған Қоқан хандығынан Кенесары күдерін әбден үзген еді. Қаза табарының алдында "діндесша" деген елдерді тағы бір сынап көргелі шарғайып шау тартқан Қасым төре қырқыншы жылы Хиуа жаққа аттанған болатын. Қасында балаларынан Көкек пен Бопай бар. Жол-жонекей оларды Созақта Ташкент күшбегі қолға түсіріп, табаны күректей бір ай тұтқында ұстайды. Одан Көшекті Ташкентке шақырып алып, Бопайды Әзірет бекінісіне әкеп қамайды. Кезінде Кенесарының тұтқынына түсіп қазақ тілін заматта үйреніп, әулеттің сеніміне тез еніп, "Акжол" атанған урядник Гаврийл Першин де солармен бірге жүрген. Соның жазба деректеріне қарағанда, тұтқында әбден титықтаған әрі қарт, әрі сырқат Қасым сұлтан қыркүйек айында дүние салған. Күзеті қатал болып, оған тұтқындағы кезінде Ақжолдан өзге ешкімді кіргізбеген. Ал қайтыс болған соң, қалада беклербек келмей, төренің мәйіті бір айдай көмусіз жатқан. Қала басшысы келген соң ғана оны Әзірет-сұлтанға апарып, әкесі Абылайдың жанына жерлеген.


Тұтқында жүріп Бопай Қасымқызы өзінің ұлы Нұрқанның Ақтөбе жасағының қолына түсіп қалып, тұтқында кеткенін есітіп, қатты егіліп, өксіп- өксіп көп жылады, деп жазады Г.Першин. Нұрқан нағашы тұқымына тартқан алғыр да өжет, шынында, болайын деп тұрған бала еді. Жастығына қарамастан көтерілісшілер арасынан өз орнын ойып тұрып қалғанда.


 


Кенесары қосынын құрғалы шыққан жасақпен ол Сарыкеңгір мен Қаракеңгірдің арасында кездесіп көп қайрат көрсетіп, қатты шайқасқан көрінеді. Бірақ күш тең болмай, орыс жасағы жаралы жігітті қолға түсіреді. Ол Омбы тұтқынында отырып берген айғақ сөзінде былай дейді.


"Менің атым Төрехан емес, Нұрқан. Әкем - Сәмеке. Төреміз. Жасым он жетіде. Қадимше оқи білемін. Жазып үйренгенім жоқ. Дінім … мұсылман. Қазақ даласында тудым. Тұрақты ата қонысымыз Ақмола дуанының жерінде. Туған әкем Сәмеке төре мен анам Бопайдың қанаты астында өсіп-өндік. Өзімнен үлкен ағаларым Әли мен Канапия, інілерім Ақбота, Жанас, Маңғаз және кішкентай екі қарындасым бар. Біздің қазақ қырында көшіп-қонып жүретін нағашым Кенесары Қасымов. Күнімжан деген әйелі ұдайы жанында жүреді. Ағасы Көшек інісінің бүлігі үшін қазір Тәшкентте тұтқында отыр. Ресейге бодан болу жөнінде ант бергенім жоқ. Әкемнің, ағаларымның, сондай-ақ нағашыларым Қасым балаларының да ант берген, бермегенін білмеймін. Осыдан үш жыл бұрын Ақмола дуанында анамның ағасы Кенесары басқарған дүрбелеңге орай оған еріп көптеген болыстардың халқы қыр қойнауына ендеп еніп кетті. Әкеммен, өзге де ағайындармен, түрлі болыстардың қазақтарымен бірге біз де Әзіретке көшіп келдік. Оған нағашым қарсылық көрсеткен жоқ. Биыл жазда Тәшкент күшбегінің датқа атағы бар Есенғұл атты баласы әкеме жиі келетін болды. Сол кісі әкесі күшбегінің айтуымен мені Кенесары Қасымовқа елді талауын енді доғарсын деген әмірін жеткізуге жұмсады. Соның әмірімен мен сегіз күндей жол жүріп, Бұланты деген жерде отырған нағашымның ауылына келдім. Ол арадан Ақмола салт атпен жүргенде шамамен он бес күндік жол. Туыс ретінде сәлемдесіп, амандық-саулық сұрасқан соң, нағашыма мен күшбегінің өкімін баяндадым. Ол келіскен сыңай танытып, оған хат жазып бір төлеңгітін жіберді. Нағашы ауылында бес-алты күн қонақ болып, үйге қайтқалы жүр едім, не себебі бар екенін кім білсін, кенет Кенесары екі жүз қарулы жігіт алып, арасына мені де қосып Сарыкеңгір мен Қаракеңгір өзендерінің бойына аттанды. Сол жерде бізге орыс казактары шабуыл жасап тарпа бас салды. Екі жақтан да атыс басталды. Орыс жағынан келген бір бодан қазақтың оң бүйіріме қылышы қадалып, оң қолым жараланды. Жаралы мені екі қазаққа қоса тұтқындап Ақмола дуанына, одан Омбыға алып келді. Содан қайтып, артық жасақтарын көрген жоқпын. Және шабуыл да жасаған емен. Сайып келгенде, мен Әзіретте жүргенде Кенесары нағашымның ауылында қайдан келгені, қандай жерден шыққаны беймәлім көп орыс бар деп естуші едім. Ал Бұлантыда болғанда нағашымның ауылынан бірде-бір орыс ұшыратқаным жоқ, сол алқапта нағашыма бағынышты жүз шақты ауыл отыр еді. Малдары санаулы- ақ.


Тармақтап қойған сауалдарыңызға ештеңе жасырмай, шынайы жауап беріп отырмын. ("Қазақ, халқының Кенасары Қасымов бастаған ұлт-азаттық қозғалысы". Алматы. "Ғылым" баспасы. 1996 ж.).


Сол Нұрқан тұтқында отырып, Кенесарының қайта-қайта қоймай сұрап, табандап талап етуі арқасында әрең босап, нағашысының қосынына қайта қосылып, қайда салса да қайрауы келіскен қылыштай алып түсетін сенімді


 


батырларының бірі болды. Бопайдың батырлығының үстіне дүниеге осындай ұл әкелгені үшін де аспанға көтеру керек-ау, сірә.


Жетісу жерінде де ол ағасына тапжылмас таяныш, таптырмас сүйеніш бола білген тәрізді. Өзіне бекітіп берілген бес жүз жігітімен көтерілісшілер үшін үйсін ауылдарынан зекет жинауға қатысты. Байсал тартып, тарпаң тентек мінезден арылғандығы да болар, бұл өңірде оның тарапынан асыра сілтеп, артық кету секілді келеңсіздік кездескен жоқ, Сүйіндік Жанайдар батырдан кейін жан баласына жүрек кілтін ашпаған ол, Мұхтар Әуезовтың "Хан Кене" атты тарихи пьесасында көрсетілгендей, көңілі құлаған қолбасшысы, батыр Әжіке Бұғыбайды кеудеден итермеген сияқты. Бірақ жеме-жемге келгенде біраз серіктері сатып кетіп, Кенесары төңірегіндегілер мен қырғыздардың қоршауында қалып, тағдыры ұстараның жүзіне ілінгенде ханды тастап, қашып құтылайық, леген Бұғыбайға айтҡан Бопай сөзі оның қандай адал да абзал, арі асқақ адам екенін айшықтай ашып, айқындай түседі. "Өліп қалсам да енді саған ермеймін. Әлдеқандай көріп, сұңқар екен деп жүрсем, жемтік басындағы қарға екенсің ғой… Сөйтіп тұрған сен итке еріп, ағамды, арымды садақа қылып, артыңа мінгесіп қашып кетсем керек мен… Тапқан екенсің. Өзіңдей арсыз, жігерсіз жанды… Жоқ, Бопайды олай десең, адасқаның… Жоғал қазір жанынның барында!" деген сөзі оның елінің азаттығына өзінің бақытын құрбан қылатын халық перзенті екенін, қайтпас қаһарман екенін бар қырынан жарқыратып жайып салғандай.


Рас, Кенесары Ұлы жүзден бастап, бақтас батыр достар тапты. Байзақ пен Байсейіт, Сұраншы мен Саурық, Тойшыбек тәрізді батырлар оның қуанғанда қанаты, күйзелгенде қуаты бола біліп. қолдау-көмегін аяп көрген жок. Әйткенмен, орыс патшасы құрған тұзақ өрмекшінің торындай қайда барса да аяқ-қолын шырмап, құлашын жаздырмады. Патша ұлықтары қазақ дүмділеріне қоса қырғыз манаптарымен де астыртын байланыс жасап, аузын алып, оларды да Кенесарыға қарсы айдап салды. Ақыры, баяғыда Балғожа би айтқандай, қырғыздардың қолына түсіп, торына шырматылып, қазған орынан шыға алмай, қапияда опат болды.


Халык, иесі хандардан, Жетім қалдық айырылып. Екі бірдей қанатым,


Топшыдан сынды қайырылып. Балдағы алтын ақберен,


Тасқа тиді майырылып… Кенесары кеткен соң, Иесіз қалды тағымыз.


Наурызбай төре кеткен соң, Бастан тайды бағымыз.


Бұлбұлдай сайрап жүр едік,


Байланды тіл мен жағымыз, - ден Нысанбай жыраудың аузымен айтылған халық жоқтауы анғар-аңғарды, шатқал-шатқалды қуалап, сай-саланы, тау-тасты жаңғыртып, елім деп еңіреп өткен есіл ердің өлімін естіртіп, жер-жаһанға жайып жатты. Сол жоқтауды ойша да, ауызша да қайталап, қабырғасы сөгіліп, ағыл-тегіл


 


егіліп зарлаған қаралы шеру Арқаға қайтты. Соның арасында он жыл бойы аттан түспей, туған елінің азаттығы жолында жорықтың ыстық-суығын барлық ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей бөліскен Бопай батыр да бір сәтте ай маңдайын әжім басқан кемпірге айналып, еліне оралды. Зайыры, ол өзі келін болып түскен Ырғыз бойында дүние салса керек. Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында Бопай атты ауыл да бар екен. Сол ауылдың тұсындағы бір төбешіктің басында көне бейіт бар көрінеді. Сол Бопайдың зираты болуға тиіс деген болжам бар.


"Егемен Қазақстан" газетінде профессор, тарихшы Төреғали Қаратаев осындай болжам айтты. Алайда ол Бопайды Кенесарының әпкесі деп жазады. Сүйенер дерегі Ермұқан Бекмахановтың белгілі кітабынан "Жұлдыз" журналында 1992 жылы басылған үзінді. Жалпы, бізді орыстың "брат", "сестра" деген сөздері- ақ шатастырып бітті. "Дядя", "племяннигі" де дәл сондай. Біріншісі қазақта аға, іні болып бөлінеді де, ал екіншісі апа сіңлі, қарындас боп кете береді. "Дядяны" да аға, нағашы деп жіктеп, "племянникті" жиен, немере іні деп жіктейді қазақ. Қайсысы үлкен, қайсысының кіші екені өз-өзінен белгілі болып тұрады. Ал аудармада абай болмаса, ағаны іні, қарындасты апа деп жіберу оп-оңай. Ерекең кітабын орысша жазған ғой. Сол кітапты бір-ақ жерде, оның өзінде де кесте ішінде "әпке" деген сөз кездеседі. Бәлкім, ол кітаптың түпнұсқасында кеткен де қате болар. Әйтпесе Бопайды Кенесарының қарындасы деп хан әулетін көп зерттеген Илияс ағамыз жаңсақтық жіберді деуге ауыз бармайды. Кенесары, Наурызбай жайындағы халық жырлары мен аңыз-әңгімелердің бәрінде ол қарындасы деп келеді. Кенесарының өзі көтеріліс туын көтерген тұста қырыққа тақап қалған кезі ғой. Апасы онда қырықтан асып кетеді. Ал қырықтан асқан сарықарын бәйбішенің қанша намысқой болса да белсене атқа қонып, қол бастап шыға қоюы неғайбыл. Жарайды, Бопай Кенесарының құй қарындасы, құй апасы болсың — мәселе онда емес. Бәрінен бұрын оның елінің азаттығы үшін білегінің қаруын, жүрегінің жалынын сарп еткен халықтың адал перзенті, қазақтың қаһармен қызы екенінде ешбір шүбә жоқ.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу