Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  180


Автор: Жарасбай Нұрқанов

Сөйле «Халық кеңесі»

Самал есіп сəуірде,
Сөгілді бұлт көбесі.
Сəулесі мол дəуірде
Тудың, «Халық кеңесі».
Жария сөз қаулаған,
Жаңаның жоқ теңдесі.
Өстің ұлттық ауладан,
Жайна, «Халық кеңесі»!
Жарқыраған айдында
Аққу – құстың төресі.
Қанатыңды жайдың ба
Елге, «Халық кеңесі»?
Ұста дүкен ішінде –
Істің мығым шегесі.
Үлкенге де кішіге
Керек «Халық кеңесі».
Ой салады көңілге
Елдің талқы, келесі.
 Əрбір үйдің төрінде,
Сөйле, «Халық кеңесі»!
Он бесінде толады
Айдың алтын тегеші.
Өрең биік, жоғары
Болсын, «Халық кеңесі»!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу