Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  224


Автор: Жарасбай Нұрқанов

Жарқыраған жұлдыздар

Ақынның ой, арманы – көп тілегі,
Сондықтан көңілім бүгін көк тіреді.
Əр өңір өз жұлдызын жарқыратып,
Қалған жоқ шаттануға көп күн енді.
Арқаның аспанында ардақталып,
Бес жұлдыз тағы жанбақ тармақталып,
Қуаныш құрметіне жыр жазамын,
Ақындар тұра алмайды салмақтанып.
Желбірер «Ленин туы» Қызылжарда,
Елжірер «Қызыл туды» көрген жан да.
«Көкшетау правдасы» көзді тартып,
Бастайды «Коммунизм таңы» да алға.
Аттарын əдейлеп жырға тіздім.
Бас болып «Коммунизм нұры» біздің,
Халық пен партияның ортақ тілі
Осылай өз қолына алды тізгін.
 Болса да кейбірінің жап-жаңа аты,
Бəрінің партиялық мазмұн-заты,
Көпшілік көңілінен шықты тағы
Лениндік ұлт саясат салтанаты.
Ісіне партияның сөзі лайық,
Халық боп қарсы алады құшақ жайып.
Жарқырап шыққан жаңа газеттерге
Жаңадан жаппай тегіс жазылайық!
1970 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу