Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.02.2022
143
«Тың өлкесін» жаздырып ал, азамат!
Дəнді ауылдың көктемдегі дабылын,
Жайқалғанын жазда бидай, тарының,
«Оқып, біліп отырамын» десеңіз
Күзгі күнгі алтын астық ағынын –
«Тың өлкесін» жаздырып ал, азамат!
Малды ауылдың тынымы жоқ жандары,
Оянғанын алакөбе таңдағы,
«Оқып, біліп отырамын» десеңіз
Өрбігенін егіз, семіз малдары –
«Тың өлкесін» жаздырып ал, азамат!
Сəнді ауылдың қала сынды құрылысын,
Семьяның жарасымды тұрмысын,
«Оқып, біліп отырамын» десеңіз
Қалалардың күн-түн тынбас жұмысын –
«Тың өлкесін» жаздырып ал, азамат!
Өлкеміздің осындай іс, міндетін,
Жер жүзінің жаңалығын мүлде тың.
Адамдардың арманы мен ерлігін
Жариялап жар салатын күнбе-күн
«Тың өлкесін» жаздырып ал, азамат!
1965 ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter