Өлеңдер ✍️
![](/uploads/shorttexts/author_image/zharasbaj-nurkanov.jpg)
АРҒЫНҒАЗЫ ЕГЕУБАЕВҚА
Өмірдің бүгін – көктем, ертең – жазы,
Тойыңа шақырғанға – ел разы.
Мерейлі туған күнің құтты болсын,
Алпысқа жаңа келген Арғынғазы!
Ең алғаш тіке тұрып, тəй-тəй басқан,
Ауылыңның аты – Тұңғыш, мөлдір аспан.
Əйгілі Қоржынкөлдің түлегісің,
Оқуға белін буған бала жастан.
Талпынып, талмай іздеу əрдайым да,
Жазылған пешенеңе, маңдайыңа.
Сен сонау Қостанайдан келдің жетіп,
Алматыға – Алатау баурайына.
Жастарға мəуесі мол жасыл бақтың,
Жайлауы тартты сені Зоовет жақтың.
«Мөлшерлеп азықтандыр əр малды» деп,
Ғылымнан өз жолыңды ерте таптың.
Мəртебе, дəрежеңді өсіріп бір,
Мұрша жоқ көп сөйлеуге көсіліп бір.
Азығын малдың дəйім ойлайтының,
Қазының дəмінен-ақ сезіліп тұр.
Жоғары мектебінде фермерлердің,
Мыңдаған кəсіпкерге білім бердің.
Тындырған небір істі жəйлап қана,
Өзіңді жан адамға теңгермедім.
Дегендер: «фермерлікке ауысайын»,
Көбейіп келе жатыр ауыл сайын.
Сен жазған əдістеме-нұсқаулардың,
Мен қалай бəрін айтып тауысайын?!
Ұшқындап жанарыңнан ізгі бір ой,
Сүйсінтер аса сұңғақ, көрнекті бой.
Баяғы студенттік құрылыстарда
Талай қыз деуші еді ғой: – Аргин, ты мой!
Арайлап тіршіліктің алтын таңы,
Жас дəурен, уа, дариға, сағынтады.
Көзіңнің қарасынан айналайын,
Көп қыздан таңдап алған Зағипаны.
Динараң – жарық жұлдыз, теледидар,
Еркесі Зағипаның – Айгүл, Айдар.
Қызығын балалардың бірге көріп,
Екеуің жазғы ормандай жайқалыңдар!
Тойыңа келдім осы бір өлеңмен,
Сыйлыққа бұдан артық не берем мен?
Көркейіп жүруіңді тілеймін тек,
Жетпісте – жеті бірдей немереңмен!
Өмірдің бүгін – көктем, ертең – жазы,
Тілегім қабыл болса, мен ыразы.
Толысқан ойың кемел, бойың биік,
Жасай бер, адал жүрек, Арғынғазы!!!
2001 ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter