Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.02.2022
130
МӨЛДІР ƏУЕН
Сыңғырлап жетеді əуен құлағыма,
Жайлаудың сылдыраған бұлағы ма?
Əлдилеп талбесікте тербеткендей,
Алады жанға жайлы құндағына.
Ескендей сəске түстің сал самалы,
Ырғалып иілгендей дəн сабағы.
Осы бір мөлдір əннен бейбіт елдің
Байқалар тыныштықты аңсағаны.
Анамдай ешкім мұны айта алмайды,
Тыңдасаң, шерің тарқар қай-қайдағы,
Əуені жан сарайын желпіп тұрған
Іргесі мұндай елдің шайқалмайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter