Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.02.2022
133
![](/uploads/shorttexts/author_image/zharasbaj-nurkanov.jpg)
ДЕМАЛУШЫ ШАҒЫМЫ
Жұмыс деп қысы-жазы жұлынамыз,
Жалғыз ай дем алуға жылына біз.
Бұзылып күн райы, оңбай қойды
Азырақ қымыз ішіп жылынамыз.
Түнемел, ұзақ шайқап, əрең құям,
Салқынды көп ішуге – белім құяң.
Алайып бəйбішем де бақылайды,
Бір кезде келін еді-ау керім ұяң.
Мен бе екен мына күнді қылған бұлтты,
Жауратып, жабықтырып қойды-ау жұртты.
Толассыз ақ жаңбырмен егескендей,
Көршілер көк мөлдірден тағы жұтты.
Жұтқандар асханаға тоңбай барды,
Байқаймын, ұнатпайды ел ондайларды...
Күн суық, құмы дымқыл, қыдырыс жоқ,
Қызығы демалыстың болмай қалды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇