Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.02.2022
142
ҚЫЗЫЛ ҚЫРМАН
Қырманға келіп жатыр қырдан лағыл,
Күндіз-түн құйылады бермей дамыл.
Ағайын дəулет күреп, дəн ұшырған,
Жағалай жанұшырып абыр-сабыр.
Қызыл қырман,
Қызыл қырман.
Дүйім жұрт, дүбірлі еңбек қызындырған.
Жігіттер жанарынан жалын атып,
Балқиды балғын қыздың жүзі нұрдан.
Қырманда қызылданған шымқай ақық,
Тыным жоқ жөнелткенше тиеп-артып.
Дəулетін аттандырып керуен-керуен,
Əулеті диқандардың тұр ғой шалқып.
Қызыл қырман,
Қызыл қырман.
Дүйім жұрт, дүбірлі еңбек қызындырған.
Жігіттер жанарынан жалын атып,
Балқиды балғын қыздың жүзі нұрдан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter