Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.02.2022
122
АРДАҚТЫМ
«Жер-жиһанды жалғыз өзі жарық қып,
Нұр шашқан Күн – құдірет, қой, жарықтық!» –
Деді досым, мені тосып қолтықтап,
Күннің нұрын бойымызға дарытып.
«Күнге тартып күреңіткен Таба нан!
Тəңір қайда асатұғын тап одан?» –
Деді досым, екі көзін ала алмай,
Нанның исі бұрқыраған даладан.
Күн – құдірет, Нан – тəңір ме, досым-ау!
Құптайын да айтайыншы сосын дау:
Қасиетті дəм боларлық дəн еккен,
Кім демекпіз сонда Диқан осынау?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter