Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.02.2022
147
ЫСҚЫРЫҚ
Көрінсе кімнің оғаш іс-қылығы,
Құтқармас милиция күш-құрығы.
Артыңа, дəуде болсаң бұрылтады
Естілген сонадайдан ысқырығы.
Көк жаға келген шақта жанға таяп,
Зəрені ұшырардай ала таяқ.
Көшеде жол жүрудің ережесін
Есіңе салады екен өзіңді аяп.
Апарса қолын сержант шекесіне,
Көшкені айып сөздің төтесіне;
Айыпқа мойынсұнып, монтиясың –
Көкеңнің жолыққандай көкесіне.
Жайылған жүргіншіні өз бетімен
Жалықпас жүз қайтара түзетуден.
Өмірде оңға басып, жүрсем түзу,
Кеудемде ар-ұяттың күзетімен!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter