Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.02.2022
191
ЫНТЫМАҚ
Белгісі дос күндердің бірге болған –
Көп сурет көз алдымда, Зейнеш-Қорған.
Біздерді көкшіл таулар таныс етіп,
Жіберді жақын қылып жасыл орман.
Самалдап сəске менен түс арасы,
Болғанбыз нұрлы шуақ нысанасы.
Мəз едік əзіл-қалжың ұшқынына,
Жоқ еді бойда шарап күшаласы.
Толқынға егіз ескек қағыстырып,
Ескекті есе алмауды намыс қылдық.
Тұмсығын түйістіріп қос қайықтың,
Көк айдын қойды тағы табыстырып.
Тербеліп майда толқын ырғағымен,
Ішімнен ынтымақты жырладым мен...
Қараймын сол күндердің белгісіне,
Көңілдің үзбей жанған шырағымен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter