Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  126


Автор: Жарасбай Нұрқанов

* * *

Бектұр менен Канал деп,
Қашан келіп қалар деп.
Жаутаң қағып жатқанда
Босқа көзім талар тек.
«Жұмыс, жұмыс» деп жүріп,
Босамайды-ау ер жігіт.
Өзі жəне көктем боп,
Жол бұзылса, жер жібіп.
Мұнар шалса өңірді,
Мұң шалғандай көңілді...
Жоқ, жоқ, əне достарың
Төбелері көрінді.
Жаңғырғандай тау іші,
Қандай ыстық қауышу.
Өлең етіп ол сəтті
Мүмкін емес тауысу!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу