Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  148


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ІҢКƏР КЕЗ

Алтын емес, əрине, мыс пен жездің,
Опа бермес өткінші, жеңіл сезім.
Ең бақытты күндерім екен менің,
Сенен көзін алмайтын іңкəр кезім.
 Үлбіреген жас кезің, гүл ме дерсің,
Кіршігі жоқ, менің де мөлдір кезім.
Мөлдіреген күйінде мұңға айналған,
Кеудемде жүр керемет сол бір сезім!
* * *
Арманым таудың биік асқарындай,
Əр күнім шыңға қадам басқанымдай.
Өлеңді көп ойланып, сирек жазам,
Ақылдың сезім ішкі астарындай.
* * *
Ару дей ме, сұлу дей ме, не дейді,
Сұлулардың бəйгесі де көбейді.
Ару қыздар, сұлу қыздар, жұлдыздар,
Қайдан келген ай мен күндей бұл қыздар?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу