Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  140


Автор: Жарасбай Нұрқанов

АҚ КҮМБЕЗ

Сары арқа, сайран тау, кім білмейді,
Ақ күмбез, Ақмола күмбірлейді.
Көсегем көгерсін, деп, осында,
Ертеңін ойлаған ел – осында.
Арулар Арқаны төркіндейді,
Арқаға келген жан өкінбейді.
Даланың жүрегі – дəл осында,
Қазақтың шырқалсын əні осында.
Маңдай тер жайдан жай төгілмейді,
Ақмола гүлдейді, дəуірлейді.
Елімнің сəулеті, сəні осында,
Арманым, үмітім, бəрі осында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу