Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  154


Автор: Жарасбай Нұрқанов

СҮЙГЕН ЖАРДЫҢ СУРЕТІНЕ

Іліп едім суретіңді басыма,
Болдың келіп қалғандай-ақ қасыма;
Ақ жүзіңнен аймалатып, еркелеп,
Тұрғандайсың иығыма асыла.
Білегіңді орай салып мойынға,
Енді бірде кіргендейсің қойынға;
Есім кетіп, мен жатырмын біле алмай,
«Шын ба, – деп – бұл, əлде қиял, ойым ба?»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу