Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.02.2022
164
СӨЙЛЕ, ҚАЗАҚ РАДИОСЫ!
Алматыдан, Астанадан
Емін-еркін осы –
Сөйлеп тұрған
Қазақ радиосы.
Жаңалықтар, жаңалықтар,
Қалт жібермей тыңда!
Сыр шертеді небір хабар
Қазақ радиосында.
Жаңғырған үн, жылы лебіз,
Түрлен, көркей, нұрлан!
Бір ізгілік сезінеміз
Əуе толқынынан.
Күмбір-күмбір əуен-сазы,
Айдын «Шалқар» – осы.
Əсем толқын қысы-жазы,
Шіркін, қазақ радиосы.
Менің өлең-əуендерім
Айтылып жүр ептеп.
Радио – ең əуелім
Алтын қорын əуелетпек.
Тыңдаушы жұрт бірден ұғар,
Сырлас, мұңдас досы.
Ойландырар, толғандырар,
Сөйле, қазақ радиосы!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter