Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.02.2022
128
ДОСҚА ХАТ
Күндерді күндер қуып, тез кетеді.
Жылды да жылжытып жыл, тездетеді.
Əр айға балалығын бөліп беріп,
Балдырған есі толып, ер жетеді.
Ер жету есті жанға ой салдырып,
Бітеді ойға, бойға байсалдылық.
Есейтіп өмір жолы біреуді ер ғып,
Біреуді өсіретін жайсаң қылып.
Бірі – сен жанның сондай жайсаңының,
Мақсат зор, талабың өр, мол сабырың.
Сен енді – еліміздің азаматы,
Жұртыңа жақсы жігіт болсаң бұрын.
«Ойшыл – деп, – ойлайтұғын ел жағдайын»,
Айтып тұр кере қарыс кең маңдайың.
Ақылдың нышаны бар дидарында, –
Білем ғой мен де адамның кім, қандайын.
Тусаң да қыстың кəрлі ақпанында,
Кез кепсің өмірдің жаз аптабына.
Көркейтіп бұл өмірді бұдан дағы
Халқыңның айналғайсың мақтанына.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter