Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  139


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ҚАРАҒАЙ

Тамаша-ау таулы өлкенің қарағайы,
Жаз – аптап, қыс – аязға қарамайды.
Жап-жасыл, жайнап тұрар қылқан, бүрі,
Кім оны дəйім жасқа баламайды?
Көрген жан көңілі толып бас иетін,
Не дейсіз оның осы қасиетін,
Тас жарып, тауға біту қиындығы, –
Дер едім, – «тұрған оны жасыл етіп!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу