Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  174


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ҚЫЗЫЛ ГҮЛІМ

(Мəнсия – Мəншүк)
Мəнсия, Отанды сен сүйіп едің
Жаныңды шүберекке түйіп едің.
Туған ел: «тұйғыным» деп неге айтпасын,
Ел үшін шыбын жанды қиып едің.
Жайратып жүрген кезің, жауды жаншып,
Мерт болдың қан майданда, қайран Мəншүк!
Үзілген сабағынан қызыл гүлім,
Кетеді, сені ойласам, кеудем шаншып.
Өжет қыз, өте бардың жалындаумен,
Қоштасып, үлгермедің Алатаумен.
Дүние неше дүркін өзгерсе де.
Өшпейді санамыздан алтын сəулең.
Мəңгі жас, боздағым да, ардағым да,
Не дермін сенің ауыр тағдырыңа?
Өзіңді Жеңіс күні еске аламыз,
Бас иіп уа, дариға!.. Аруағыңа!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу