Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.02.2022
176
![](/uploads/shorttexts/author_image/zharasbaj-nurkanov.jpg)
ШЕБЕР
Комбайн қаздай жүзген таңда, кеште,
Кейде бір желмаяны салады еске.
Бұйдасын шымқай алтын шұбалтқандай,
Аңызда жатыр дəулет десте-десте.
Майысып бес бармағы бойжеткеннің,
Осылай тігуші еді ою-кесте.
Сызуға барын салып бала шəкірт,
Сынақтың берсем дейтін бəрін беске.
Теп-тегіс терме алаша жолындай ғып,
Жосылтқан ерден неге үйренбеске? –
Білмеймін қайда барын мұндай зергер,
Күнұзақ жаңылмас та, ерінбес те!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇