Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  180


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ТУҒАН ӨЛКЕМ

Туған жер – Тың өлкесі асқан көркем,
Сары бел, жасыл жазық, асқарлы өлкем.
Далада дамылдасам жұмыстан соң,
Тау – жастық , төбе – төсек, аспан – көрпем.
Тың өлкем – егінжайы тіршіліктің,
Төбеден күле қарап тұр шығып Күн.
Еңбегін есептеуші секілді бір
Жұмылған жұмысына жұртшылықтың.
Ежелден, еңбек десе, ұйыған жұрт,
Қоймаға маңдай тері – құйылар құт.
«Мыңғырған бай» дейтұғын баяғыда,
Мың емес, ендігі есеп – миллиард пұт!
Көкесі бар байлықтың – Бөлке бізде,
Келіп көр кереметті ертең күзде.
Бауырсақ жан басына жаппай жетер,
Жер жүзі жиналса да Өлкемізге!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу