Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.02.2022
148
КҮЗГІ БҰЛТ
Күзгі бұлт күркіремес, шатырламас,
Ойнамас от-найзағай, жайнап түсі.
Өртенбес. Жасын соғып, шатыр да ағаш,
Сұр бұлттың кеткен əбден қайрат-күші.
Жоқ енді қара нөсер күркілдеуік,
Қызыл гүл шомылатын күліп тұрып.
Ақ жауын жұма бойы бүркіп, сеуіп,
Суық жел үдей түсер ұлып тұрып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter