Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.02.2022
179
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді
Оны бізге ешкім тегін бермеді.
Желтоқсанның ызарында қиналып
Қазақ елі Тәуелсіз боп өрледі.
Талай боздақ жігіттер де қыздар да
Көз жұмды ғой сол бір зілді ызғарда
Жанын салып күресті қазақ баласы
Тәуелсіздік бізге құшақ ашқанда
Шүкір қазір заманымыз өзгерді
Дос тұтамыз алыс – жақын өзге елді
Бейбіт елде өмір сүріп шарықтап,
Рухымызды жаңғыртатын кез келді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter