Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.02.2022
273

МОЛДАҒА ЖАУАП
Бір жиында Ғалиянұр деген бір ноғай молда Ақанмен
айтыспақ болады. Ақан ноғайдың ормақ мұрнына теңеп
сөз бастайды. Ноғай: «Мен ормақ болсам, пайғамбарда да
ормақ мұрын болған» десе керек. Оған Ақанның жауабы:
Мұхамбет құдай досы, пайғамбары,
Пайғамбарды көрген жоқ жұрттың бәрі.
Пайғамбардың сыйпаты сендей ме екен,
Ормақ мұрын, шегір көз, ақжал сары.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇