Өлеңдер ✍️

  01.02.2022
  7337


Автор: Таныстыру сөздері

Сайыс, «Келіндер» байқауына таныстыру

Атып жатыр шаттықта арай таңым,
Көктемдейін құлпырып жаздай жаным.
Армысыздар, иіліп сәлем бердім,
Шын жүректен сіздерге салып әнім.

«Қыз жат жұрттық» демейме, бұл қазағым,
Қайынжұрттан сіздерге жыр жазамын.
Абылайдың қызымын өр мінезді,
Күннен күнге құлпырар бұл ажарым.

Келінімін кіші жүз, адайлардың,
Бірге үндескен таң шапақ, арайларым.
Қазағымның қызымын, Жұлдызымын,
Қызыға да қарайтын талайларың.

«Келіндер» байқауына келдім мен де,
Қарсыластар күлімдеп ендің сен де.
Сәттілікті тілеймін баршаңызға,
Қобалжуға ендеше жолды берме!
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу