31.01.2022
  247


Автор: Жеңіс Қашқынов

Көмектесем анама

Ішіп болып тамақты,
Кірісемін жұмысқа.
Жуам кесе, табақты,
Су құйып ап ыдысқа.

Көмектесем үнемі,
Анам ісі сонша көп.
Ойлап ылғи жүремін,
«Қолқанаты болсам» деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу