29.01.2022
  1973


Автор: НҰРЛЫБАЕВА ГАУҺАР

Ақ тілек

Кейде адамға өзі жырақта болса да, жаны үндес жақын адамдардың қолдауы, жанашырлығы дем береді. Мен үшін сондай ыстық жандардың бірі - жерлесім, əпкем Жеңісгүл тəте. Бір-бірімізді интернет желісі арқылы ғана білсек те, мені ең əуелі адам ретінде бағалап, өнеріме қолдау көрсетіп жүргенінің өзі - жаныма желеу, көңіліме демеу. Болашақта, балапаным сəл ширап алғаннан кейін көрісіп, шынайы өмірде де туыс, бауыр ретінде араласқым келеді. Алла қаласа, ол күннің де ауылы алыста емес. Жеңісгүл əпкемді бүгінгі жеңіс күнімен қатар келген мерейлі мерекесі - туған күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сырымызбен бөліспесек, білер кім?
Сіз екеуміз ұрпағымыз бір елдің.
Бүгін туған күніңізде, әпкетай,
Ақ тілекпен өлең жолдап, жібердім.

Жақсы жанды көрмесем де, танырмын,
Сөзіңізде бар салмағы сабырдың.
Туылыпсыз ұлы жеңіс күнінде -
Мамыражай тоғызында мамырдың.

Жеңілістен жеңісіңіз көп болсын,
Жаныңыз жаз, көйлегіңіз көк болсын.
Алла берер ырыздығы таусылмай,
Басыңызға құт, береке дөп қонсын.

Жақынына айқара ашар жүрегін,
Балажансыз, бауырмалсыз - білерім.
Ағайынға сыйлы болып, ұл, қыздың
Қызықтарын көріңіз деп тіледім.

Жаратушы не берсе де, нақ берсін,
Жаңа жаспен ең бақытты шақ келсін.
Жарыңыз бен сізге берсін күш-қуат,
Ұлыңыз бен қызыңызға бақ берсін.

Аман болсын арқа сүйер еріңіз,
Жақсы күндер алда әлі, сеніңіз.
"Бақыт" атты базарыңыз тарқамай,
Аман-есен жүз жасқа да келіңіз!

ІЗГІ ТІЛЕКПЕН: СІҢІЛІҢІЗ ГАУҺАР КӨПЖАСАРҚЫЗЫ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу