Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.01.2022
229
Жақсы десең....
Жақсы десең, жақсымын,
Жаман десең, жаманмын.
Осы - менің нақ шыным:
Қарапайым адаммын.
Кішіпейіл жан болсаң,
Кішірейе аламын.
Пасық әрі паң болсаң,
Өктем бола қаламын.
Маған күліп қарасаң,
Күлімсірей саламын.
Кем тұсымды санасаң,
Саған да мін тағамын.
Сыйлағанды шынайы
Бағалаймын, сыйлаймын.
Тәкаппарға ұдайы
Құрметімді қимаймын.
Барша жанмен санасам,
Мақсатым жоқ көздеген.
Өзің нені қаласаң,
Соған қарай өзгерем.
Пікіріне өзгенің
Мен емеспін елеңдер
Жөндеп алсын өздерін
Мені жаман дегендер.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter