Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
29.01.2022
5960

ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗ АҒЫП ТҮСТІ АСПАННАН....
⠀
Жарық жұлдыз ағып түсті аспаннан,
Көрген көзден мұңға толы жас тамған.
Көлге айналды көптің жасы, айрылып
Өзіңіздей алып тұлға, асқардан.
⠀
Жердің беті - тек уақытша тұрақ бұл,
Білсем-дағы көкейде сан сұрақ тұр.
Жамандыққа қимай сізді көңілім,
Жүрегім де қан езіліп жылап тұр.
⠀
Халық үшін орны бөлек дарасыз,
Неге, қайда асықтыңыз, аға, сіз?
Жүр едіңіз жұрттың жүгін арқалап,
Енді қалай қиып тастап барасыз?
⠀
Біз айтқанмен:"неге кетті ерте?" - деп,
Ажал сізді қуып жетті желкелеп.
Жер-Ана да асықты ма алуға
Жақсы ұлын бауырына ертерек?!
⠀
Жылағанмен көздің жасы құрғамай,
Сене алмаймын қазаңызға, бұл қалай?
"Жұмақ төрін бұйырсын, - деп, - сізге енді"
Айтуға да оңай болмай тұрғаны-ай....
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇