28.01.2022
  278


Автор: Қалихан Ысқақ

Аюлыда адам да бар





Повесть


Көктемнің нағыз кемеліне толған бұла шағы, Алтай бөктері көкжасыл көрпесін айқара жамылып гүл-жапыраққа малынып жатыр.


Ойдым-ойдым жазықтар мен жота-бел біткеннің жонарқасын соқа түрені тілгілеп, атыз алабын молайтып, талай ауқымға үркітіп апарып тастапты. Көктемгі егістің аяқтап, шаруа қолының қалт еткен шағы. Осыдан біраз күнгі ұзақ сабылыстан тынышы кеткен өлке де, мазасы қашқан табиғат та бүгін уһ деп сұлық түскен тәрізді. Салыңқы рең, маужыраған өлі тыныштық бар.


Қайда салса сандалып жүре беретін қақпайшыл өгіз сияқты бойдақ дегенің бір бейкүнә жан ғой. Кеше ғана аудандық ауыл шаруашылық бөлімінде нұсқаушы болып, әркімге "ақыл" айтып, жіберсей басқан жайым бар еді. Бүгін міне мынау бір қауғасақалға еріп "Аюлы" деген жыраққа салып-ұрып келемін. Амал қанша, салт басты, сабау қамшының көрген күні осы енді. Өзіме де обал жоқ. Басқаны қайдам, әйтеуір өзімнің жұртпен тұзым жараспай-ақ жүр. Қайда барсам да қоныс тебе алмай, байдан шыққан әйелдей жылыса бергенді мен де қоймадым, оныкі-мұныкі деген сылтаумен алдап-сулап сырғытып жіберуден басшылар да жалықпайды.


— Біраз істедің ғой, тәжірибең бар, жұртпен тіл таба білесің. Іс басында болғаның жақсы емес пе. Сені мына Аманкелді атындағы колхозға зоотехник етіп жібергелі отырмыз. Шаруашылығының аздап нашарлау екені рас, өзіміз көмектесіп тұрамыз, жастар көп, мықтап кіріссең өзің де алып кетесің, — деп аудандағы жолдастар қолтығыма су бүркіп, демеп жіберген секілді еді.


Колхозға келуін келдім-ау, бірақ бас көрсетіп , топ көбейткенім болмаса тындырып тастаған дәнемем көрінбейді. Тіпті менің қолғабысымды қажетсінетін шаруаның ырқы болмады, бидай ішіндегі бір сұлыдай көрер көзге сопайып, бас сұғар орын таппаған тәріздімін. Осыдан ба, әйтеуір жалғызсырап, жоқтан өзгеге елегізіп, кеудем құлазып қалғандай болады да тұрады. Екі көзім далада, лағып кеткім келеді. "Ашқарақ иттің көңілі арғы жақта" дегендей, көңіл шіркін әлденені армандай бере ме, қалай, құлазып қалған қуыс кеудені ертеңгі күн толтыратындай, келер күннің үмітін, атар таңның сәтін өзіме -өзім медет тұтамын. Неше таң атты, нелер күн өтті, ай кетті жылжып, үміт елесі алауламай-ақ қойды. Алакөңіл боп жүргенімді сезді ме, парторг кабинетіне шақырып алды. Колхоз бастығы екеуі отыр екен.


— Бала, сен "Аюлы" бөлімшесіне бригадир болып барасың-ау деймін. Асып-төгіліп жатқан шаруасы да жоқ, басқару онша киын болмас, — деді. Мұнысының жұбату екенін де сезіп тұрмын, көмейінде "қайтсең де барасың" деген сөздің қалып қойғанын да білем. Орталықтан он бес шақырым жерде "Аюлы" атты комплексті бригаданың бар екенін естігенмін, бірақ олай қарай ат ізін салған жан емеспін. Мейлі, болады дедім. Демеске шара жоқ, ендігі менің пешенеме жазған тіршіліктің сиқы осы шығар. Сәуегейлік айтып болмайды, мүмкін әлгі үміт елесінің, маған деген өмір сыбағасының сонда күтіп тұрмағанына кім кепіл. Мен шығып кеткен соң:


— Әй қайдам, сіздің осы жігітіңіздің жібі бостау секілді. Онсыз да жетісіп тұрған бригада емес, ертең тақыр мұзға отырғызып кетпей ме, — деп бастық парторгке шұқшиып жатқанын есік сыртында тұрып естіп қалдым.


— Жас қой, бір жұмысты сеніп тапсырған соң жауапкершілігін сезінер. Тіпті икемге келмей қыңырая беретін болса, есің барда еліңді тап деу қиын емес қой, деді ол. Сонан бір жағы намыс қысып, бір жағынан елес қуып шыққан бетім еді. Бұрын бел шешіп шаруаға араласқан пенде емеспін. "Сен данышпан боласың", "сен ынжық боласың" деп туғанда жұрттың аузына періштесі түкіріп кетеді деймісің. Мен де тірі жанмын ғой, айналдырған бір бригаданы шырқ иіруге шамам келетін шығар. Бірақ шаруа – шаруа-ау, бәрінен де мына екі сақалдың ызасы өтіп бара жатқанын көрмеймісің...


Қауға сақал да, түбіт сақал да дүңк немелер екен. Үшеуміз орталықтан бірге шығып едік, қазанның құлағына таласқан күндес қатындарша бір-бірімізді жеп қоятындай ұртымыз толып, бұртиысып келеміз.


— Леспоилкаға барасыздар ма, арбаларыңызға отырғыза кетпейсіздер ме? — деп сыпайыгершілік өтініп көрген болып ем, қауға сақал:


— Сенсіз де жүгіміз жеткілікті, — деп гүр ете қалды.


Шынында да жүктері біраз бар екен. Жалғыз атты ырдуан арбаның үсті толған бос шелек. Иісіне, шыбынның үймелеуіне қарағанда балдан босаған болу керек. Үн салған екі қапты діңкитіп ұзыннан төсеп қойып қауға сақал арба үстінде талыстай сұлап шіреніп жатыр. Жас шамасы алпысты қылғындырып қалғанға ұқсайды. Бірақ екі иығына екі тең жүк артса да ыңқ етпейтін еңгезердей зор адам. Көнелеу қара сәтен көйлегінің өңірін ағытып тастап, шалбарының сыртына желбегей қоя беріпті, жел үп еткенде делдиіп, қампиған жалаңаш қарын жарқ ете түседі. Өзінің дене бітісі де ересен екен. Тұла бойын түк басқан, бас қазандай, ауыз кере қарыс. Сол кере қарыс ауыздағы қайысша созылған дүрдік еріннің асты-үстіне қаптаған қауға сақал сасыған шалшық қара судың жиегіне қау өскен қоға тәрізді, ұйысып қалыпты. Содан бүкіл жақ-шықшытты қапталдап келіп, алқымға түсіп, жалпақ төсті ен жайлап, қақ жүректің басына таман үшкілдеп барып бітіпті. Жел қарсыдан тұрғанда мүңкіген теке иісі қолқаны қабады. Тегі батырың самогонды стаканмен сылқита тартып, артынан сарымсаққа тыңқия тойып алған болу керек. Бұл екеуі қосылған соң иіс-қоңыс болмай тұрсын ба...


Түбіт сақал делбе ұстап арбаның алдыңғы жағында отыр. Жас шамасына өзімше жиырманың алты-жетісін берген болдым. Сырт пішіні аумаған Қауғасақал, егіздің сыңарындай. Қауғасақал жасамыс гүжбан бұқа да, мынау жаңа етейіп келе жатқан дөнежін бұқа тәрізді. Айырмашылығы: бойы мыртықтау, бірақ оның есесіне бақалтақ. Қауғасақалдың түгінде көк ала қыл аралас, ал мынаны көмірдей қара да, сиректеу, қоғадан гөрі кәдеге көбірек келеді. Шұқанақ-шұқанақтарда арба солқ еткенде мығым дене ырдуанға көлденең төсеген тақтайды сындырып жібере жаздайды.


Жыланның ізіндей ирелендеген тастақ жол қолат-қолатты қуалап Алтайдың үңірейген меңіреу шатқалына көтеріліп келеді. Екі жағы сыңсыған қарағай, қайың, самырсындар бұтақтары салбырап төніп тұр.


Қос сақалдың жеккені құнан ба, дөнен бе, аласалау келген қарабайыр жылқы екен. Сабылтып ұзақ мінгеннен қолы түсіп қапты. Ақсаңдап, ақ көбігі шығып ілбіп келеді. Түбіт сақал сонда да жаудың малындай үсті-үстіне сойылдап жанын қояр емес. Сорлы хайуан тыртыңдап зіл арбаны әудем жер сүйреп барды да, тік кейкеңге жеткенде төбеге ұрғандай бұрлығып тұрды да қалды. Түбітсақал тағы да бас-көз демей төпей бастады. Арт жақта ұйқылы-ояу жатқан Қауғасақал басын көтерместен:


— Фе....о...до...ор...р! — деп даусын әндете созды.


Түбітсақал бұған мән бере қоймаған соң, ол аяғын сәндеп, баппен көтерді де, шикі теріден долбарлап тіге салған, талпиған бұтыл етікпен тұра майқұйрықты көздеп тұрып былш еткізіп теуіп қалды. Феодор түк сезбегендей жайымен ғана артына бұрылды да:


— Шо-о? — деп тіл қатқан болды. Қауғасақал оған ешқандай жауап қайтармады. Феодор оның нені мегзегенін емеурінінен түсінгендей арбадан секіріп түсті. Делбені ырдуанға қыстырып, атты біраз жерге дейін жетелеп жолға салып жіберді. Арбаға қайтып ұмтылмады, жанасалап жаяу еріп келеді.


Ат бір тоқтап, бір жүріп дөн басына ілінді. Құлдиға құлай бергенде Қауғасақал тағы да:


— Фе....о...до...ор...р! — деп дауыстады.


— Шо-о?


— Быстрей!..


Феодор қарсы сөзге келместен баяғы орнына қонжиып торышаны төмпілдетіп таяқтың астына алды-ай кеп. Сойыл батқан жануар солтың-солтың желген болды да, тағы да аяңға басты. Сабай-сабай қары талды ма, жалықты ма, Феодор қайтіп қамшы көтерген жоқ. Қауғасақал бір жаққа қашып кететіндей теңірейген қарынын құшақтап алып, әрі-беріден соң ұйқыға бет қойды. Танауы бітіп қалған ба, жоқ әлде табиғатынан солай ма, дем алғанда қолағаштай танауы шуылдап, "бух-бух" деп екі ұрты делбең-делбең етіп дамылсыз секіреді.


Не қылған жандар болды екен бұлар, ә? Көзім шыққаннан екеуінде. Осы бір сауалдың жауабын әлі таппай келемін. Арбадағы шелек-қаптарға қарап, ішімнен "базар күнін құр жібермейтін саудагер шығарсың" деп жоримын да, Қауғасақалдың масаң кейпін көргенде "барын сатса да батып ішетін маскүнем боларсың-ау" деп топшылаймын.


Қауғасақал менің соңғы күдігімді ұйықтап жатып-ақ сезіп қойды ма, бет-ауызы тыржың -тыржың ете қалды. Артынша арба үстіндегі шелек атаулыны жаңғырықтыра қатты түшкіріп жіберді. Бал жұғынына кенедей жабысып жатқан қара шыбындар ду көтерілді. Өзі де кеңсірігі түсіп қалғандай күректей алақанымен танауын қапсыра қысып, ұйқысынан шошып ояңды. Шел басқан қызыл көзін аударып-төңкеріп, "мына неме әлі еріп келе жатыр ма еді" дегендей зәрлі кескінмен әуелі менің бас-аяғымды шолып шықты. Сосын орнынан ыңырана көтерілді де:


— Фе...о...до...ор...р! — деп дауыстады.


— Шо...о?..


— Направо!


Қос сақал ұрлық жасағандай, өз-өздерінен қуыстанып, апыл-ғұпыл атты бұрып алды да, сып беріп ағаш арасындағы сырт жолға түсіп жоқ болды. Мен оларға ерерімді де, тұра тартарымды да білмей жол үстінде аңтарылып қалдым. Біраз уақытқа дейін "Фе...о...до...ор...р!" деп барқ еткен Қауғасақалдың зілді әмірі, ат сауырына шып-шып тиген сойыл дауысы естіліп тұрды да, бірте-бірте алыстап әрберден соң оның да үні өшті. Иек астынан ит үрді. Тымық аспанға тіп-тік шаншылған көп түгін көрінді.


* * *


Мен бөлімшенің бұрынғы бригадирі Афанасийдің үйіне тоқтадым. Үй иесі еңкіштеу келген орта бойлы, тарамыс адам екен. Жылқының түп құйрығындай тікірейген қалың шашын қырау шала бастапты. Өңі сынық, көз еті сарғайып, ұрты солып, бет сүйектері бұдырайып шығып кеткен, әбден қажыған кісі тәрізді. Қырылмаған сақал-мұрты онсыз да қызылаш адамды онан сайын жүдетіп жіберіпті. Үстіндегі жең-жағасына әлденеше рет жамау түскен заманғы көне китель мен шынтағынан жұлынған оң жақ қолы Отан соғысының мүгедегі екендігін айтпай-ақ аңғартқандай. Ренішін де, қуанышын да білдірген жоқ, әдеттегі келімді-кетімді көп қонақтың біріндей сыпайы ғана қарсы алды.


Афанасийдің семьясы да ошарлы жан екен. Алдымен көзіме түскені балалары болды. Байқауымша он шақты бар-ау деймін. Өпел-жөпел өскен өңкей ұлдардың алды он жасар шамасы да, арты әлі қаратабан, жалаңбұт, жығылып-тұрып күресінде шапқылап жүрді. Бұл аз болғандай тәмпіш мұрынын тер басқан секпіл бет жирен әйел аузы-мұрынынан шығып, аяғын зорға басады. Қозы қайырған адамдай күргейлеп, әр қайсысының төбесінен бір нұқып қап көп ұлдарды ауызғы бөлмеге қуып барады. Бір ерекшелігі, үйдегі жан біткеннің бәрі қазақша мен орысшаны судай сапырып сөйлей береді екен. Таңданған пішінімді байқады ма, Афанасий:


— Бұл ауылдың бәрі де осындай аралас тұқым, — деп күлді. — Оқуға жараған төрт ұлымның төртеуі де қазақша оқиды.


Үй иесі бастап берген осы әңгімеден кейін, келген қонақты сыйлағаны болар, күбір-сыбырдың бәрі қазақ тіліне көшті.


* * *


Ауылдың азан-қазаны басылған. Батар күннің қызыл арайы әлгінде ғана дастарқан үстін тіміскіп жүр еді, енді одан түк таппағандай тайқып қабырғаға шығыпты, қан-сөлінен айырылып, бозамық тартып барады. Бөлменің бұрыш-бұрышынан ымырт кіріп келеді. Афанасий тізесін жастанып ұйықтап қалған сары бастың бірін төсекке апарып салды да, пеш үстінде тұрған білтелі ондық шамды алып келді. Сүттен босаған көк тегешті столға төңкеріп, үстіне апарып қойды. Шолақ қолының тұқылымен қолтығына қыса отырып, ыстанған шынысын тазалады. Сіріңке тұтатып жатып:


— Баламыз көп, үйіміз тарлау, — деп қойды. — Келген қонақты қуайын деп құлақ қағыс қып отырғаным жоқ, інішек. Жәй, әншейін, жәй-күйді әңгіме ету кісі келгендегі үй иесінің рәсімі ғой. Мына жеңгеңнің бір өзі бір колхозбен жарысқа түскені қашан. Колхоз мал басын өсірем деп әлек, бұл жан басын өсірем деп әлек. Шопандар қойын бір жылда екі төлдетсе, бұл бір реттің өзінде-ақ егіз-егізден тауып қалысар емес әйтеуір. Құдай қолдаса түбі біз озып шығамыз ба деп ойлаймын. Бұған да шүкіршілік.


Афанасийдің қарқылдаған қатты күлкісінен төсектегі бала оянып кетті. Күлейін десем үй иесінің әйелінен қысылып, күлмейін десем буынып, пысылдап барып мен де азар тоқтадым. Ыдыс жуып отырған әйелі Афанасийді қабағының астымен бір түйреп өтті де:


— Әншейінде аузына малта тыққандай, кісі келсе мұның өстіп дәлдүрлеп кететіні бар. Не қып отырсың енді, бар ана баланы уат! — деп зікіп тастады. Афанасий қозғала қоймады. Бала ыңырсып бір-екі аунап түсті де ұйықтап қалды.


— Озғаның жақсы-ау, бірақ мына қайныңа төсекті қайда саласың. Әлгі құрып қалғыр бүргесі де бар екен-ау бұл үйде. Осы бүрге деген бір пәледен құтыла алмай-ақ қойдық. -Афанасий тағы да мырс етіп күліп жіберді де, ұрса ма дегендей әйелінің бетіне қарады. Бұл жолы жеңгейдің жүзінен оншалықты ызғар білінбеді. Маңдай терісінің жиырылуына қарағанда, теріс айналып өзі де күліп отырған болуы керек.


Бүрге деген аты естілгенде менің де денем шым-шым етіп, әр жерім қышып сала берді. Афанасий стол үстіндегі нанның ұсақ қоқымын сыпырып-сыпырып аузына тастап жіберді де, бүргенің жәйіне тағы кірісті.


— Бүрге дегеннен шығады-ау, осы мына шолақ қолдың зардабынан госпитальде ұзақ жатып, елге 1948 жылы зорға оралдым. Ауылда Жанпейіс деген ақсақалымыз бар еді, ол кезде әскерден қайтқандар қандай кәдірлі, сол ақсақал үйіне шақыра қойғаны. Байқұстың менімен құрдас баласы соғыста қаза тапқан екен. Үйге жүр, Мұратыммен құлын-тайдай тебісіп, тете өсіп едің, кемпір-шалдың қасында болып, бір күн де болса мауқын басып кет деп болмаған соң бардым. Ұмытпасам осы Қарақұста отырды білем солар, ә, Анфиса?


— Е, ұмыта қалдың ба, әлі де сонда отырған жоқ па, — деп Анфиса жеңгей қаға жауап берді.


— Иә, сол Қарақұста, малда екен. Қи жүрген жерден бүрге үзілсін бе. Оның үстіне отырған үйі де жәпірейген аласа кепе, малшының баспанаға жарыған күні қайсы. Қыстың көзі қыраулы, бір жағынан есіктен кірген ызғар, бір бүйірден қазандықтың оты, бөлме ішін бу алып кеткен. Ет жеп, сорпа ішкен соң пысынап терлей бастадық. Жіпсіген денеге бүрге қандай жабысады. Тұла бойым тыз-тыз етіп удай ашып, буып кетті. Қасынайын десем үй толған адам, қасынбайын десем өлтіріп барады. Не істеудің амалын таппай отыр едім, қатын-қалаштар әңгіме айт, әңгіме айт деп қоймады. Реті келген шығар дедім де, жалғыз қолды сыбанып жіберіп әңгімеге кірістім емес пе. Сонда не айттың десеңші. Өй, соғыс дегенің қиямет қой деп қоямын. Мына иықта пагон, мына иықта пагон деп шолақ қолмен екі иығымды қос-қостан ырғап-ырғап қойдым. Аяқта керзі етік, оның қонышын сәндеп жымырып қайырып тастаймыз деп екі балтырымды үйкеп-үйкеп бір қышуын қандырып алдым. Сонан кеп, белде белбеу, гимнастерканы ысыра шарт буынып аламыз деп мықынымды ысқылап-ысқылап тағы бір қасынып алды деші. Қойшы, сонан әңгімені аяқтай келіп, мына қалтаға бір гранатаны, мына қалтаға бір гранатаны тығып аламыз да, уралап жауға ұмтыламыз-ау деп екі санымды осып-осып жібердім.


— Қайтсын-ай, енді, жан бермек оңай ма, — дейді отырған кәриялардың бірі жағасын ұстап. Жанпейіс ақсақал мені бағып отырса керек:


— Әй, балам-ай, етіңнің қышуы қанбай қалды-ау, ә? Әңгімеңді сөз түссең қайтеді, — демесі бар ма. Жұрт күлкіден қыран-топан болып қапты... Бұл бүрге деген құдай атқыр сонда бір сазамды тарқызған ғой. Ал, інішек, айтып істеген ұрлықтың айыбы жоқ деуші ме еді, сенің де тынышың кететін болды енді. Ол үшін мына жеңгеңді болмаса ағаңды айыпқа бұйырмассың, ә. Бір пәлесі бұ шіркіндер бөтен адамды тани қояды өзі.


— Жә, қойшы, таниды деген не сөз, сен де соға береді екенсің, — деп Анфиса шынымен-ақ күйеуімен сөз таластырып жатыр.


— Жо-жоқ, құдай ақын таниды, біздің үйдің бүргесі ме, ол бөтен ала жаралған. Өзі бар ғой, тал торғайдай,-деп Афанасий қарқ-қарқ күлді. — Жә, күлген күлген-ау, жол жүріп қонағымыз шаршаған шығар. Анфиса, мына қайның екеумізге төсекті далаға салшы, әрі салқын, әрі бүргесі де аз шығар.


* * *


Аспан шайдай ашық. Тұңғиық көктен сан жұлдыз жымыңдайды. Шым-шымдап қараңғылық қоюлап келеді. Үйдің, қора-қопсының іргесінен дамылсыз безектеген заржақ шегірткенің шырылы естіледі. Афанасий жалғыз қолын басына жастана шалқасынан жатыр. Жаңағы бір қуақы мінезі өзгеріп, әлдеқандай ой тұңғиығына сүңгігендей, үнсіз қалыпта. Аспандағы сан жұлдыздың есебіне жете алмай жатқан тәрізді, тесіліп қалыпты. Құрсаққа ел қонып дене жіпсіген кезде бойым салғырт тартқандай болып еді, таза ауа қауып, жұмсақ жастыққа басым тиген соң ұйқым қашып кетті.


Жанбасы талды ма, жоқ, мен тынышсыздана бергенге ыңғайсызданды ма, үй иесі әрберден соң маған қарай аунап түсті.


— Інішек, астың жайсыз боп жатқан жоқ па. Кешір, аты-жөніңді де сұрағаным жоқ, інішек дей берсем болды емес пе. Мен өзі үлкенді үлкендей, кішіні кішілей атағанды жақсы көрем... Көрпеңді қымтай жат, бұл тау ішінің шығы қалың түседі, тоңып қалып жүрме.


— Уақасы жоқ, қыр баласымыз ғой, шық болса қайтер дейсіз.


— Әй, шырағым-ай соған ерлік жасаудың қажеті жоқ-ау. Осы суықтың зардабы ма, мына шолақ қолдың тұқылы мен сол жақ аяғым шымырлап ұйып қала береді. Ден саулықтың өзі де әу бастан мүкістеу ғой, дәрігерге көрінуге жұмыстан шыға алмай ширығып жүр едім...


— Шаруашылығы ауыр ма сонша, бұл бригаданың.


— Баяғы колхоз жұмысы емес пе. Алып-жұлып бара жатқан да ештеңесі көрінбейді. Бір сиыр фермасы, ағаш тілетін мастерской, бес-алты отар қойы, бес мың ұя бал арасы бар. Сонда да не қыс, не жаз арқа-бас бір кеңімейді.


— Мұнда қанша уақыттан бері істеп келесіз?


— Кір жуып, кіндік кескен жерім осы менің. Інішек, сіріңкеңді шағып жіберші, мына бір жерде бүрге жүр-ау деймін, тіпті тулатып кетті, — деп отағасы көрпесін айқара бергенде, сарт еткен қақа даусы екеумізді де селт еткізді.


Ебелеңдеген бір адам кірген бетте үйге тұра тартты. Есіктің тұтқасына жармаса беріп, "Әй, Есләмбісің, ей"-деген Афанасийдің ту сыртынан шыққан қатқыл үніне селк етіп, артына бұрылды:


— Опанас?!.


— Иә...


Қараңғыда баппен бір басып, екі басып біздің үстімізге үңірейіп кеп тоқтады.


— Бұл не жатыс.


— Жатыстың қандайы болушы еді. Адасып жүргеннен саумысың өзің.


— Ауыл үйдің асын аңдуға күндіз қол тимейтін болған соң, түн баласында адақтап келе жатқаным да.


— Ой сорды-ай, ішіп, жеуден кенде едің.


— Шүкіршілік, өзіме де жетеді, өзгеге де жетеді. Тек сен секілді күн батпай қазан-аяғын жалап-жұқтап, қызыл іңірден тымпиып жата қалатын ниеті бұзылған кержақтан құдайым сақтасын. — Тіліңе шиқан шыққыр-ай, ұйықтайын деп жатқан адамның шырқын бұзып қайдан жетіп келіп едің сумаңдап.


— Ұйықтайын деп жатырмысың, жоқ әлде шөгейін деп жатырмысың. Қасындағы Әмписә мә, кім өзі.


— Құдай атсын сені, қонағым ғой.


Ырқ-ырқ күліп, мәз болып тұрған Есләм көмейіне тас түйілгендей қиқ ете қалды да:


— Өйбай шырағым, кешіре көр, кешір, — деп өбек қағып, ұшып кете жаздады. — Мына Опанас екеуміз құрдастығымызға жығып қалжыңдай беретініміз бар. — Быртық саусақтар танауыма төніп кеп қалды. Баса-көктеп барады, код ұсынып азар құтылдым.


Есләм себет алдынан әлде бір томаршаны сүйреп әкеліп, үстіне жалпая отырды.


— Адамның ту сыртынан қадалмай, былайырақ келсеңші. Бүгін сені орталыққа кетті деп еді, не шаруа тындырдың, — деді Афанасий.


— Е, ел аман, жұрт тыныш көрінеді, — Есләм томарымен ілгері жылжи түсті. — Мен тындыратын қай шаруаның реті бар еді. Бастықтардың өзіне де жетпей жатқан жоқ па. Онан қалғаны сенен де артылмас, — деп мырсылдады.-Мына інішектің осында келгенін мана сол орталықтан, парторгтен естідім. Үйге түсер деп қатынға ас салдырып қойып едім...


Берместің асы піспес болды ғой. Ағыңнан жарылсаң ертерек шақырмаймысың.


— Күн шалған таудың басын ылғи өзің жәйләйтін әдетің еді, күргейлеп қотан шетінен қайырып қалмай, ертіп әкелсең болмады ма.


Сөз екен-ау, күнгейден қашып көлеңкеге, теріске тығыла, беретін өзіңнен көр.


Жә, қалжың ғой бәрі де. — Есләм сіріңке жағып темекісін тұтатты. Үңірейген таңқы танау мен көп қайнап сілікпесі шыққан кәрі қойдың шеке құйқасындай жықпыл-жақпыл боп төбесіне қарай жиырылып қалған тәйкі маңдай бұлыңғыр сәулеге ілесе жылт етті де жоқ болды. — Алақандай ауылда аңдитынымыз келген-кеткеннің аяғы. Қай есіктен кіріп, қай тесіктен шықса да төбесін көріп отырамыз. Алыс емес, ағайынды адамдармыз ғой, үй мына іргеде, бұйырған дәмді әлі де талай тата жатарсың, інішек.


Есләм орнынан көтеріліп, кетуге ыңғайланып бір тұрды да, қайтадан бізге бетін бұрды.


— Опанас, осы Феодорға көлікті сен бердің бе?


— Қайдағы көлік?


— Әлгінде ғана, апақ-сапақта торшолақты тепектеп Прийскіге тартып барады екен. Тырақы немені онан сайын ақ, қаптал қып бітіріпті. Астынан аударып алайын деп бір тұрдым да, сені жақауратқан соң үндемедім.


— Әй, жігіттер, ағайын менікі болса, мал сендердікі.


Афанасий жастықтан басын жұлып алды.


Ағайын сүрейден алты аласы, бес бересімнің жоқ екенін білесіңдер, мені қажай бергенді қойсаңдар қайтеді осы. Көрдің бе, көрсең ер-тоқымын сыпырып бер де, жұрт мүлкін де атаңның басы бар ма, деп неге айтпайсыңдар ол дүлейге.


— Оны енді өзің айтарсың.


Есләм шылымының тұқылын жерге бір атып, өкшесімен езіп-езіп жіберді де шығып кетті.


— Сөз екен-ау-деп Афанасий ызғарлы күңк етті.


— Құрдасыңыз әлденеге өкпелі ме деймін, тілі тым ащы екен.


— Зәу-зәтімен сондай. Бұл да биліктен дәметеді. Билік екеуміздің қай теңіміз. Ақсақ иттің көңілі арғы жақта деген ғой әйтеуір.


— Мана қауғасақал бір қарт пен Феодор деген жігітті жол үстінде кезіктіріп едім, сол Феодор емес пе айтып тұрғаны.


— Дәп соның өзі. Қауға сақал әкесі, аты Дмитрий, менің немере ағам болады.


— Колхоз мүшесі ме?


— Санатта бар, сапада жоқ. Әскер қатарынан оралғанына бір жыл боп еді, онда сандалып, мың да сандалып жүріп биыл әйтеуір алтын Прийскісіне жұмысқа орналасыпты ғой. Әкесі колхоздың жерін жерлеп, суын сулап ауылда отырады. Төрт-бес шошқасы, жиырма шақты ұя бал арасы бар. Мал жиған заман да баяғы.


— Ауылда қанша түтін бар?


— Жүз, соның тең жарымы қазақ та, қалғаны кержактар1 . Жұмыс қолы көп, жұмыс істейтін адам жоқ. Бірі өрге тартады, бірі қырға тартады. Адам жылқы мінезді деген тегі рас-ау деймін. Бабын тауып баптай білмесең асау болады, шаужайлай берсең арыншыл, ұра берсең бас белең. Ал мәймөңкелетсең тіпті басыңа шығып кетеді. Қай ығынан шығарсың. Саятшы боламын деп-ақ қажыған секілдімін... Жәй осылай, інішек, шаруа деген әуелі осыдан басталады.


Афанасий сөзін осымен түйді де, бар әңгімесін айтып сарыққандай көрпесін қымтай түсіп үнсіз қалды.


— Мұнда коммунистер саны қанша? — деп тағы да мазалап сұрақ қоймағанымда ол қайтып үн қатпайтын да екен.


— Бесеу-ақпыз, — деп еріне жауап берді.


— Аз екен...


— Аз ғой, аз... Өзің ше?


— Мен әзірге кандидатпын.


— Оның жақсы екен, біреу де болса...


— Жастар көп пе?


— Көп қой, бірақ бәрі де колхоздан қашып Прийскіні паналайды. Атнөпір ақша керек дейді.


— Осынысы шатақтау екен де.


— Қайтесің, амалың жоқ...


Афанасийдің жауабы бірте-бірте шолақтап, дауысы да бәсеңдей берді. Ортасынан асқан ай кенереден жаңа ғана қылтиып, көтеріліп келе жатты. Манағыдай емес қараңғылық сейіліңкіреген тәрізді. Жұқалап түскен шықтың дымқыл иісі келеді танауға. Безілдей -безілдей шаршады ма, заржақ шегіртке де тына қалыпты. Афанасий де шаршаған сияқты. Жалғыз қолын көкірегіне қойып, шалқасынан түскен күйі бірден қор етіп ұйықтап кетті. Болымсыз түскен ай сәулесі биік қабақтары мен шодырайған етсіз бет сүйектерін жалай өтіп, қоңқиған кесек мұрынының сол жақ қапталынан шағылысып қайтыпты. Аузы сәл ашылып, бедірейіп түпсіз аспанға қадалған күйі әлі де сол жымыңдаған сан жұлдыздардың санына жете алмай жатқандай. Шынында да оның дәл осы жатысыңда қатты қажыған адамның кейпі бар еді.


Күн тас төбеге көтеріліп, шаңқай түс бола ауыл іші қыбырлай бастады. Таң бозынан ширыққан ферма сиырлары жаңа сауылып, азан-қазан өріске шығып барады. Бөгелектің ызыңын естіген біреу құйрық көтерсе болды, бүкіл табын жау тигендей бет-бетіне жөңкілетін сиыр малының әдеті емес пе, жан ұшыраған торпақ-тайыншалар қотанға қойып кетіп бақташыға бой бермей жүр. Әзірге ауыл-үйді адақтаған осылардан басқа тірі мақұлық көрінбейді. Афанасий екеуміз пилорамаға келгенде төрт-бес адам далда астындағы көлеңкеде отыр еді, бізді көріп, бір-екеуі балта, сүймендеріне жармасып оны-мұны шұқылай бастады. Басында дөңгелек пұшпақ бөрік, аяғында саптама етік, үсік алып бара жатқандай барқыт шапан киіп, белін шырта буынған егде адам шетке шыға беріп тоқтады.


— Ә, жаңа нәшәндігіміз сенбісің?


— Мен боламын.


— Болсаң боларсың, — деп бетіме шақшия бір қадалды да, бөркін қолына алып қайта бұрылды. Қозы қарыны бар, тапал қара кісі екен. Бет-аузын жылтырата қырып, едірейген мұртын таңқы мұрынының алдына бір шөкім қып иіріп тастапты. Өрт шалған төмпешіктей қушықтау басында ақ-қарасы аралас сирек шашы бар. Оқыс бұрылғанда ойма тазы күнге шағылысып, сағым жалаған айдың бетіндей жалт-жұлт ете қалды. Тебінгідей қалқиған құлағын шеміршектете созғылап тұрып:


— Қай елсің? — деді.


— Осы елдің қазағымыз ғой.


— Ұлысыңды, сүйегіңді айтам да.


— Атасыз ұл, сүйексіз адам бола ма екен, ақсақал.


— Болсаң боларсың, — деді, жақтырмағандай. — Иманжүзді бала екенсің, әлей болсын.


Сайқымазақтау ма, әлде сөз баққан адам ба, әйтеуір кім болса да қыршаңқылығы бір басына жететін.


Көзіме таныс жүздей елестейді, пошымын шырамытып тұрмын.


— Қой, диірменіме кетейін. Әлде мына нәшәндік баланың лебізін тыңдасам ба екен. Кешеден бері қатындардан естіп жатырмыз, күмпілдетулеріне қарағанда "сау сиырдың тезегі емес" сияқты, ауданнан келдің білем, ә? Солай ма, бала?..


— Ей, Құрымбай, — деп өзімен тұтас бір қарт зіки жөнелгенде Есләмнің әкесі екенін ішім сезе қойды. — Иманың күйгір пайғамбар жасына келгенше аузыңнан пәтуәлі сөз шықпады-ау. Жөніңе сөйлесең ішің кебе ме, онысы несі ей, кері кеткен шіркіннің.


Құрымбай алғашында қаймыққандай тиылып қап еді, аспан көз орыс жігітінің:


— Ой Жұмеке-ай, әйтпесе Құрекеңнің басын өрт шала ма, — деген әзіліне тағы да шытыр ете қалды:


— Немене, менің тазымның айы саған өтіп бара ма. Атасыздың аузы үлкен, енесіздің емшегі үлкен демекші, әкеңдей адаммен ойнағың келген екен. Кісі бола қалғанын көргенсіз шіріктің, — деп дүрсе қоя берді.


Афанасий бір жағынан, Жұмекесі бір жағынан тәк-тәктәп жүріп, мөңки жөнелген ойма тазды құрыққа азар тоқтатты.


Бәрі үнсіз, томсырайысып бір-біріне қабақ астынан қарасады. Афанасий де Жұмекеңнің қасына барып тізе бүкті.


— Жұмеке, бұл қай отырыс, шаруа қайда? — деп реніш білдіре жұмыс жайын сұрады. Жұмекең төмен қарап жер шұқылап отыр. Райында қысылғандық бар. Жас жігіт те ыңғайсызданғанын білдіргісі келмегендей қалтасынан шылым алып тұтата бастады.


— Қанша тақтай тілдіңіздер?


— Шырағым, соның есебіне жете алмай отырмыз-ау.


— Болмаған екен, ақсақал. Осы мына жеткізілген қарағайларды бітіріп тастаңдар деп құдайдың зарын қылдым. Басқаға емес, өзіңізге тапсырғаным қайда еді. Ұят қой тіпті... Ұятты білмей барамыз. — Афанасий шытынып барып бөгеліп қалды. Не ұрсарын, не ақылға саларын білмей тығылып отырды да, ашуы бірте-бірте тарқап, иірімге киліккен тасқын судай ернеуінен асып, лықсып-лықсып барып сағасына түсті. — Менің абройым үшін істемей-ақ қойыңыздар, мен енді бұның әбігерінен құтылған адаммын. Ендігі жауапкершілігі мына жігіттің мойнында, бірақ әр нәрсенің міндетін басқаға итере берсек іс біте ме, бір адам емес, бәріміз көтеруге тиістіміз, осының салмағын! — Оның ұрты бір толып, бір солып қомпаңдап кетті. Қолындағы ширатып отырған көк шөптің сабағын батырлатып үзіп-үзіп лақтырып жіберді де Жұмекеңе ту сыртын бере теріс айналды.


— Бері қара, Опанас, шырағым, — деді Жұмекең әлден уақытта басын көтеріп. — Өкпең орынды ғой. Сен кім, мына бала кім, маған бәрібір. Әйтеуір елге бас-көз болсаңдар болды. Біреу үшін емес, өзіміз үшін, колхоз үшін істейміз. Осы дүниенің шапағатын Опанас, Жұмабайлар ғана емес, бүкіл ел көреді. Мысық тілеулі адам болмаса түсінетін шығар деймін бәрі де. Жұмыс істеуден ексе емеспіз, бірақ осының бір есеп-қисабы болмаушы ма еді. Бітірмедіңдер деп сен ренжисің, бітетін дүние ме бұл. Күнде әкеліп үстемелеп үйіп жатады, тасып жатады бір жағынан орталыққа. Қанша ағаш тіл, қаншама іс тындыр, алатын еңбеккүнің де, ақшаң да сол баяғы. Не өспейді, не өшпейді. Әлгі Есләмнен бір нәрсенің жәйін сұрасаң шаншу қадалғандай қыртиып-тыртиып жөн жауабын да бермейді. Өзі бүгін тағы жоқ. Таз десем тағы ашуланады, мына Құрымбайды жан терге салып, қысып отыр едім жаңа ғана.


— Есләм қайда, ақсақал?


— Опанас шырағым-ау, маған айтты деймісің, ол қайда баратынын. Атына мініп құлқын сәріден аттанып кеткен, колхоз шаруасы тұрғанда жарғақ құлағы жастыққа тиюші ме еді.


— Еті тірі жігіт қой, таң атпай Қарағайлыға тартып бара жатқанын мен де көргенмін. Бірақ колхоз ол жақта емес секілді еді.-Жұмекең мырс етіп, әлде бір-екі ұшты сөзді қыстырып жіберді.


— Әй, Жұмабай! — деп Құрекең тағы да шап ете қалды. — Бұ қай қылғаның ей, сенің! Бір күн жұмысқа кешікті деп қара тізімге қосқың келе ме? Малымыз, үй-күйіміз бар деген сияқты, адам болған соң тіршіліксіз бола ма. Бағып отырсақ осы бізден басқаның бәрі өз қамын ғана ойлайтын көрінеді. Мына Опанастың ағайыны Метрейді неге көрмейсіңдер, түге. Астында колхоздың дүмбілдей бір аты, базар бара ма, шаруасын тындыра ма, бір адам оның қолын қақпайды. Шодоры болса қырдан қырып тауып жатыр, Метрейі колхозды сүліктей сорады. Енді соны көріп отырып біз қалай қарекет жасамаймыз. Алдымен келтірші соларды тәубесіне, сосын дүние күйіп кетсе де сенің қасыңнан шықпай күні-түні жұмыс істейін. Ө несі ей, шолтаңдап!


— Жә, жә, бас жағына барыспасақ та болар.


Жылағаныңды қойшы осы, сенің қарекетіңе қарағанда Метрейдікі тышқанның тіршілігіндей-ақ.


Құрымбай сөз қазбайын деді ме, ышқырын бір көтеріп ап тайып отырды. Оның түтіккен жүзінде ашу кеткен тәрізді, Жүмекеңнің көмейінде де айтылмаған зіл қалып қойғандай, екі бетінің ұшындағы тарамыс қызыл сызат молайып, желкесіне дейін нарттай боп барады. Сүйеулі тұрған балтаны қорс еткізіп бөренеге ұңғылата салып жіберді де, орнынан көтерілді.


— Әй, Сергей! Ағыт ана суынды, кіріселік. Әңгіме бұзау емізер, бұзау таяқ жегізер. Қысыр кеңеспен отырғанда жазды өткізіп алармыз,-деп жас жігітті түртпектей бастады. Енді біріңмен де сөйлеспеймін дегенді Жұмекең қабағымен танытты.


Жас жігіт науашаның алқымын ашты да қапалаққа су жіберді. Күрілдеген су мен ызыңдаған ара дауысынан пилораманың іші ың-жың боп кетті. Афанасий Жұмекең мен Сергейді шетке шақырып алып, әлде бір жұмысты тәптіштеп тапсырып бері шықты.


— Жеңгеңнің шәйі де суып қалған шығар, жүр үйге, оразамызды ашайық та.


Афанасий жол-жөнекей бір ауыз тіл қатқан жоқ. Салаңдап қайта-қайта шыға берген шолақ қолының бос жеңін қалтасына нығарлай түсіп жерден бас алмай келеді.


Алдымыздан сырғауыл артқан бір арба өте берді. Бізден сескенді ме, тезірек жылысып кетпекші болып, жанталасып еді, оған үлгере алмай қалды.


— Тоқта! — деп Афанасий айғай салды. Арбакеш өтіп барып атын тежеді. Назар аударатын түрі жоқ, белдік бауын көтеріп, қамыттың құлақбауын кері сырып әбігерленіп жүр. Таяп келгенде ғана кешегі қауғасақалды шырамыттым. Афанасий әй-шүйге қарамастан бірден тістесе кетті.


— Ағашты қайдан әкеле жатырсың?


— Танып тұрмысың? Сенікі емес қой, әйтеуір?


— Менікі болмаса колхоздікі. Орманда тегін жатқан дүние жоқ. Ортаның көлігін жегесін, ағашын ұрлайсың. Сауын сиыр ғой деп пе едің колхозды. Сотқа беріп, дәл осы үшін құнға жықпасам ба! Шаянның қайда қыстайтынын білмей жүр екенсің, кәрі түбір. Пилорамаға апарып түсір ағашты.


— Ормандағы құдайдың ен жатқан қарағайына колхоздың билігі жүрмес. Шамаң келсе апара ғой, әйтпесе қолымнан бере алмаймын.


— Мен апартқызамын, сен апарасың! — Афанасий аттың делбесіне жармасты. Метрей оның қолын қағып жіберіп, шылбырдан алды. Жанжал туып, іс насырға шабатын болған соң Афанасийді сүйрегендей қып зорға ертіп әкеттім. Екі беті қожыр-қожыр боп түктеніп, биік қабағы түксірейіп, күдірейген күйі міз бақпай Метрей кекті көзбен атып қала берді.


Күн қауырт ысып тұр. Афанасий қой қырықтыруға малшыларға кетіп еді, әлі оралған жоқ. Шаруа дегенің қисапсыз. Құрылыс бір жағынан қыстап барады. Қылқылдап пішені де тақап қалды. Бәрінен де мына омартасы бар болғырдың базынасы бітпей-ақ қойды. Қайбір шағын дүние. Оның үстіне быжынатып күніне оңдап, жиырмалап жаңа рой бөліп шығарып жатыр. Оған үйшік жасату керек. Бұ шіркіндер желкесінен қысып, жетектеп әкеп қотанға қамай салатын қой-ешкі емес, тұрған бойы кесапат, балы тілді үйіргенмен, тұмсығы ащы көрінді, тиіп кетсең көк ала қойдай қып қырып кете жаздайды. Күні бойы бүкіл ферма болып шуылдасып қашқан-пысқан ұяларды қуалап ағаш басын, дуал-дуалды аңдып шұрқырасып жүргеніміз. Әйтеуір әуресі шаш-етектен. Он пасека бар екен, бәрінде де омарташы, ұя жәшігі жетіспей, алды босып, арты қырылып та жатыр. Метрей болмағанда тіпті қол қусырып қалады екенбіз. Қазекем "бәлелі қуысқа бармағыңды батырма" деп тегін айтты деймісің. Өзіме де обал жоқ қой, бастық боламын деп шырылдап кеп қайнап тұрған қазанға түстім де кеттім. Тегі шаруаның кісісі мендей болмасқа керек. Бірақ алдында адам тұрғанда кейде шаруаны ұмытпасқа да шараң жоқ...


Бүгін орталықтан келе жатып тағы да Метрей екеуміз жолығысып қалдық. Жаяу-жалпы, басы-көзін тер көміп титықтап келеді екен. Тастап кетуге дәтім шыдамай мотоциклге отырғызып алдым. Алғашында:


— Ауыл алыс емес қой, бастықтар болмаса біз жаяу да жүре береміз, — деп бәлсінген сыңай білдірді де, отырып алған соң: — ЬІқыласыңыз түскен екен, құдай бірдеңе берер, отырсам отырайын енді, — деді кекетіп.


Афанасий айтты айтпады, діні қатты адам екен бұл өзі. "Аюлыға" келгеннен бергіде бір айдың ішінде Метрейдің ашылып бір пендемен сөйлескенін де, көрші-қолаңның есігін ашқанын да көрген емеспін. Омарта жөнінде бұл өңірде таптырмайтын шебер деп жұрт мақтасады. Бір кезде осы ауылдың бүкіл арасын жалғыз өзі бағып-қағыпты. Кейінірек колхоз балын жең ұшынан базарға сатып, суық қолы көбірек сумаңдап кеткеннен соң шығарып тастаған көрінеді, көз жеткізіп болмайды, шебер болса шебер шығар, өз басым бір-ақ мінезіне қаныққан секілдімін: киіктің текесіндей лағып, қашан да жалғыз өзі, оң жағынан шалғызбай келеді. Осыдан бірер жұма бұрын, колхоздың бөлініп кеткен он ұя арасын қоралап, бодаусыз он үйшігін берді. Күні ұзын бірге жүріп бір ауыз тіл қатқан жоқ. Кешінде неше еңбек күн жазайын дегенде, "маған күні түскен колхоздан не пұл сұрайын"-деп дүңк етіп жауап берместен кетіп қалғанды. Содан қайтып дидарласқанымыз осы.


— Қайдан келесіз? — деп едім.


— Е, мына орман объезчигінен, — дей салды.


— Жайша ма?


— Жайша қайдан болсын, сүтіңкеге билет алдым.


— Оны қайтпексіз?


— Қайткені несі, үй саламын да.


— Оныңыз жақсы ниет екен.


— Жақсы болсын, жаман болсын, әйтеуір тіршілік еткісі келген адамға баспана керек қой.


— Жалғыз адамға үй салу деген де оңай шаруа емес-ау. Ағашын дайындау керек, жеткізуі бір қиямет. Оның қиюы, көтеруі тағы бар. Тақтайыңыз да жетпейтін шығар. Көлігіңіз және жоқ. Машақаты көп екен...


— Көп болғанмен амал жоқ, сиырымды, қатын-баламды жексем де жеткізуін бірдеңе қылам ғой. Ал тақтай жағы шынымен-ақ қинайтын түрі бар. Қолма-қол ақшасын төлесем колхоз тақтай босатпас па екен?


— Сатпақ түгілі колхозшылардың өзіне тауып бере алмай отырмыз.


— Мен колхозшы емеспін бе?


— Соңғы екі жылдың ішінде бірде-бір еңбеккүн таппаған екенсіз, қайдан колхозшы боласыз. Әзірге еңбек етпеген ішіп-жемейтінін әлде ұмыттыңыз ба... Еңбек еткенге үйді өзіміз салып береміз.


— Социализмнің принципі дейсіз ғой?..


— Әрине.


— Бірқыдыру сауатың бар екен. Дұрыс, дұрыс, — деп Метрей миығынан күлді.


— Енді қалай, сауатымыз болмаса коммунизмге қалай жетеміз.


— Әй, сол коммунизмді көре алмаймын ба деп қорқамын-ау. Жас болса жетіп қалды. Жастар болмаса біздің қанша су ішкілігіміз қалды дейсің.


— Коммунизм деген де иек астында ғой. Тек бәріне бірдей емес.


— Бәсе, солай – ау деп ойлап едім.


— Солай болмағанда ше, ертең коммунизм кезінде қабыңызды арқалап базар аралап жүрсеңіз бүкіл Аюлыны жерге қаратқаныңыз емес пе.


— Қысқасы утильсырьеден басқа әжетке жарамайтын болдық қой.


— Ғажап емес.


— Жақсы ескерттің. Өстіп-өстіп сауатымды аша бермесең, шынында да коммунизмді көре алмай қап жүрермін.


Ауылға жеткенге дейінгі екеуміздің бар әңгімеміз осы болды. Метрейді есігінің алдына түсіріп тұрып:


— Тақтай жағын ойластырып көруге болады. Ертең кеңсеге келіңіз. Ал әзірге қаным кеуіп тұр, бір бақыр су әкеп берсеңіз қайтер еді,-дедім.


— Кемпірдің қайнап тұрған лагоны бар, мүмкін үйге түсіп сыра ішерсіз.


— Рахмет сол шіркінге соншалық құмарлығым жоқ еді.


"Ішпесең әдірем қал, менің де жалынып тұрғаным шамалы" дегендей Метрей:


— Мейліңіз... — деп, ауласына еніп кетті де, — Агафия, Ага-фи-ия! — деп барқ ете қалды.


— Шом дело? — деген кемпірінің әлжуаз дауысы естілді верандадан.


— Водичку, бригадиру нашему?


— Ах, эти бригадиры твои!.. Посудины то унас почти не осталось, все до последней разломали... Ой-ой, как же... Старый хрыч, а!


— Цыц!


— Ладно, ладно!.. Не кричи ради бога, не кричи!..


Кемпірін кіржіңдетіп жүріп Метрей бір стакан су әкеліп берді.


— Кешіріңіз, — деді стаканды ұсынып жатып, — қатын емес пе, бір сөйлеп қалмаса оларға ас батпайды.


— Оқасы жоқ, адам кәртейген сайын тарылшақ келе ме деймін.


— Әрқилы ғой, біздің қатын анадан шыр еткенде жерге шынтағын тістеп түсіпті... Агафия! Ага-фи-ия!..


— Шо?


— Алушы ма едің мына итаяғыңды, жоқ па?!


— Лақтыр әрмен, оған ас құйып беретін итім де жоқ менің — деп әдейі мен естісін дегендей кемпірі қазақшалап бажылдай жауап қатты. Метрей маған бір қолыңдағы стаканға бір қарап қипаңдап тұрды да, ақыры стаканды күресінге атып жіберді Сосын:


— Кешіріңіз, таков обычай, — деді. — Кәрі-құртаңдардың сүйегіне сіңген әдет сүйегімен кетеді ғой...


Сағым бұлдырап барады. Шам жағар уақыт болып қапты. Есләм қағаздарын жиыстырып, орнынан тұрып кетті.


— Өзі де қораш үйдің іші еді, қара тамаққа қамалып қалдың-ау, інішек-ә? Қодың тигенде үйге келіп, тіпті болмаса бала-шағаны жүгіртіп жіберіп қымыз алдырып тұрсаңшы біздікінен, — деді кеңседен шығып бара жатып. Әр нәрсені жақауратып менің қасымда көп бөгеліп еді, қипақтауына қарағанда көмейінде басқа бір айтпағы бар секілді көрінген, бірақ сырттан кіріп келе жатқан әлде кімдердің тықыры естілді де, шешіліп сыр ақтара алмады. Іле Афанасий кірді. Қасында Жұмекең, қарт сөйлеп келеді.


— Өзің жайлауға шығамын деп қарашұнақтанып қапсың ғой. Бәсе, әлгі Есләм сайтан қит етсе малшыларға шаба жөнелуші еді, дегенмен жылы-жұмсақты сенен бұрын сезген екен ол.


— Бір мен емес, сіз де соның жемтігіне тап болып жүрген жоқсыз ба осы? — Афанасий көнетоз боз плащын шешім, шкаф үстіне асылта лақтырып жіберді. Үюлі жатқан газеттің ескі тігінділерінен қою шаң бұрқ етіп бөлме ішін алын кетті. Қарт тыжырынып қалды:


— Апырай, мыналарың ұят екен. Кеңсе боларлық лыпасы қалмапты ғой өзінің. Кемпірді жіберейінші ертең, ең болмағанда су сеуіп шаңын басып қойсын.


— Ол бізге артық күтім ғой, отағасы. Қарайып тұрса болды емес пе, сұлуынан жылуы. Онсыз да атқамінерлер көбейіп барады, белсенділерді кеңседен шығара алмай жүрерміз сосын.


— О не дегенің? Дуананың да бір тоқтар далдасы бар деуші еді, бізге де тоқайласар бір күрке керек шығар-ау. Жұмекең шақшасын суырып, күбіртке жеп қойған мыж мыж сұқ саусағының басымен тық-тық шертіп отырын Афанасийге қабағының астымен жымия қадалды. — Өзің төреліктен сыпырылып қалған соң, былай жұртқа қайым сауып кет демексің ғой. Тым құрмаса мына бала екеуміздің көңілімізге де қарау жоқ, ә?


Әй Жұмеке, әзілін қалсайшы!.. Екеумізге төрелік қай бір жарасқан. — Афанасий іргеде тұрған сейфті ашты. Темір қақпақтың шаж еткен ащы дауысы тұла бойымды тіліп өткендей болды. Шам жарығын шабуылдап қайта-қайта далбақтай берген шайтан көбелектен көз алмай бір сәтке бейғам қалған қарттың да бет-аузының быжырқайы көбейіп, маңдайы тырысып кетті.


Құртатын нәрсені таппай жүр екенсің. Қараң қалғырды әлдеқашан күресінге лақтырып жіберетін неме еді ғой. Біз кеп қалдық па деп жүрсек, бұл боқшалағын қазандай ара құлыпқа әкеп тықпыштайды. Не өзі, алтын ішіндегі, берегірек шығарсаңшы, біз де көрейік. Тұқырыңдап әлдене қағаздарды сапырып отырған Афанасйи басын көтерместен:


Мұның ішіндегі алтыннан да қымбат, — деп күңк етті де белінен кендірмен тас қып буған жұлым-жұлым сарғыш папканы стол үстіне серпіп тастады. — Партвзнос төлеңдер, жолдастар үш ай боп қапты жиналмағалы. Ұят, жолдастар.


Солай екен-ау өзі. Осындай реті келгенде төлеп тұрмасақ әлгі кемпірі бар болғыр қалтаға артық ауыс тиын тебен де қоймайды. — Қарт өңірін ағытып, күртесінің ішкі төс қапталына жапсырылған етектей шұбар шыт қалтадан балақпандай былғары әмиянді суырып алды.


Сіз коммунист пе едіңіз?


Жұмекең маған жауап берместен бұрын әмиянін тінтіп шықты.Күлтеленіп қалған налогтің ескі квитанциялары, арабша жазылған әлдебір жапырақ-жапырақ қағаздар, бес, он сомдық ақшалар, — бәрін столға қобыратып төңкеріп жатыр.


Немене, сен де маған көмөнестікті қимай отырмысың? – деп қоқырдың арасынан ақшасын теріп отырып.


Қалтасында партбилет. Нағыз көз бояушының өзі осы. Афанасий орындықты сырғытып, столға тақай отырды. Түнеу үні ауылға бір дүмше молда келіп еді, үйінде еру боп жатты. Анау арабша жазылған қағаздың бәрі содан көшіріп ап қалған ішірткісі. Қолынан келсе молдалық құрудан да аулақ емес бұл шалың.


Қарт басын көтерді. Ақшасын Афанасийға ұсынып жатып:


Әй Опанас, осы сен сақалыңды неге мезгілінде қырып жүрмейсің. Түріңнен адам шошырлық, әруей секілді. Жап-жас адамсың, ұятты білмесең де кішкене қымсынсаңшы былай.


— Лақтыр әрмен, оған ас құйып беретін итім де жоқ менің, — деп әдейі мен естісін дегендей кемпірі қазақшалап бажылдай жауап қатты. Метрей маған бір қолындағы стаканға бір қарап қипаңдап тұрды да, ақыры стаканды күресінге атып жіберді. Сосын:


— Кешіріңіз, таков обычай, — деді. — Кәрі-құртаңдардың сүйегіне сіңген әдет сүйегімен кетеді ғой...


Сағым бұлдырап барады. Шам жағар уақыт болып қапты. Есләм қағаздарын жиыстырып, орнынан тұрып кетті.


— Өзі де қораш үйдің іші еді, қара тамаққа қамалып қалдың-ау, інішек-ә? Қолың тигенде үйге келіп, тіпті болмаса бала-шағаны жүгіртіп жіберіп қымыз алдырып тұрсаңшы біздікінен, — деді кеңседен шығып бара жатып. Әр нәрсені жақауратып менің қасымда көп бөгеліп еді, қипақтауына қарағанда көмейінде басқа бір айтпағы бар секілді көрінген, бірақ сырттан кіріп келе жатқан әлде кімдердің тықыры естілді де, шешіліп сыр ақтара алмады. Іле Афанасий кірді. Қасында Жұмекең, қарт сөйлеп келеді:


— Өзің жайлауға шығамын деп қарашұнақтанып қапсың ғой. Бәсе, әлгі Есләм сайтан қит етсе малшыларға шаба жөнелуші еді, дегенмен жылы-жұмсақты сенен бұрын сезген екен ол.


— Бір мен емес, сіз де соның жемтігіне тап болып жүрген жоқсыз ба осы? — Афанасий көнетоз боз плащын шешіп, шкаф үстіне асылта лақтырып жіберді. Үюлі жатқан газеттің ескі тігінділерінен қою шан бұрқ етіп бөлме ішін алып кетті. Қарт тыжырынып қалды:


— Апырай, мыналарың ұят екен. Кеңсе боларлық лыпасы қалмапты ғой өзінің. Кемпірді жіберейінші ертең, ең болмағанда су сеуіп шаңын басып қойсын.


— Ол бізге артық күтім ғой, отағасы. Қарайып тұрса болды емес пе, сұлуынан жылуы. Онсыз да атқамінерлер көбейіп барады, белсенділерді кеңседен шығара алмай жүрерміз сосын.


— О не дегенің? Дуананың да бір тоқтар далдасы бар деуші еді, бізге де тоқайласар бір күрке керек шығар-ау. — Жұмекең шақшасын суырып, күбіртке жеп қойған мыж-мыж сұқ саусағының басымен тық-тық шертіп отырып Афанасийге қабағының астымен жымия қадалды. — Өзің төреліктен сыпырылып қалған соң, былайға жұртқа қайың сауып кет демексің ғой. Тым құрмаса мына бала екеуміздің көңілімізге де қарау жоқ, ә?


— Әй, Жұмеке, әзілің қалсайшы!.. Екеумізге төрелік қай бір жарасқан. — Афанасий іргеде тұрған сейфті ашты. Темір қақпақтың шаж еткен ащы дауысы тұла бойымды тіліп өткендей болды. Шам жарығын шабуылдап қайта-қайта далбақтай берген шайтан көбелектен көз алмай бір сәтке бейғам қалған қарттың да бет-аузының быжырқайы көбейіп, маңдайы тырысып кетті.


— Құртатын нәрсені таппай жүр екенсің. Қараң қалғырды әлдеқашан күресінге лақтырып жіберетін неме еді ғой. Біз кәмөнезімге кеп қалдық па деп жүрсек, бұл боқшалағын қазандай қара құлыпқа әкеп тықпыштайды. Не өзі, алтын ба ішіндегі, берегірек шығарсаңшы, біз де көрейік.


Тұқыраңдап әлдене қағаздарды сапырып отырған Афанасий басын көтерместен:


— Мұның ішіндегі алтыннан да қымбат,-деп күңк етті де, белінен кендірмен тас қып буған жұлым-жұлым сарғыш папканы стол үстіне серпіп тастады. — Партвзнос төлеңдер, жолдастар, үш ай боп қапты жиналмағалы. Ұят, жолдастар.


— Солай екен-ау өзі. Осындай реті келгенде төлеп тұрмасақ әлгі кемпірі бар болғыр қалтаға артық ауыс тиын-тебен де қоймайды. — Қарт өңірін ағытып, күртесінің ішкі төс қапталына жапсырылған етектей шұбар шыт қалтадан қолақпандай былғары әмиянді суырып алды.


— Сіз коммунист пе едіңіз?


Жұмекең маған жауап берместен бұрын әмиянның тінтіп шықты. Күлтеленіп қалған налогтің ескі квитанциялары, арабша жазылған әлдебір жапырақ-жапырақ қағаздар, бес, он сомдық ақшалар, — бәрін столға қобыратып төңкеріп жатыр.


— Немене, сен де маған көмөнестікті қимай отырмысың?-деді, қоқырдың арасынан ақшасын теріп отырып.


— Қалтасында партбилет. Нағыз көз бояушының өзі осы.-Афанасий орындықты сырғытып, столға тақай отырды.-Түнеу күні ауылға бір дүмше молда келіп еді, үйінде айға жуық еру боп жатты. Анау арабша жазылған қағаздың бәрі содан көшіріп ап қалған ішірткісі. Қолынан келсе молдалық құрудан да аулақ емес бұл шалың.


Қарт басын көтерді. Ақшасын Афанасийға ұсынып жатып:


— Әй, Опанас, осы сен сақалыңды неге мезгілінде қырып жүрмейсің. Түріңнен адам шошырлық, әруей секілді. Жап-жас адамсың, ұятты білмесең де кішкене қымсынсаңшы былай.


— Кержақ емеспін бе мен.


— Онда сенің де көз бояушыдан артықшылығың болмады-ау. — Афанасий де, қарт та қарқылдап күлісті.- Күлкі-күлкі ғой, бірақ жас адамға салақтық жараспайды. Әрберден соң елге бас-көзсіңдер, жұрт алдымен сендердің бас-аяқтарыңа қарайды. Әй, сен маған ақшамның артығын қайырмаушы ме едің?


— Қанша беріп едің?


— Бергенімді қайтесің, аларыңды есепте де қалғанын бері таста. — Афанасий ведомосқа өзі қол қойып, артылған бір-екі сомды қарттың қолына ұстатты.


— Не мәселеге тоқтап едік? — деді Жұмекең.


— Сақал мәселесіне, — деді Афанасий жымиып.


— Ә, солай екен ғой. Ендеше қарттардың сақалын сыйлаңдар. Біз қолымыздан келгеннің бәрін сендерге сарқып бергенбіз. Бір кезде қат танымасақ та кәмөнес болғанбыз. Енді ғой, жас алпыстан кетіп, буынға сарсу тоқтап, сары сүйек болған соң сендерге иек артып отырғанымыз. Соның өзінде мына Опанас белсенді көбейіп кетті деп маңына жуытқысы келмейді. Әлгіндегі бір сөзінің төркінін түсіндің ғой? — Шал орнынан тұрып кетуге ыңғайланды.


— Жұмеке, шынымен көңіліңе алып қалғаннан саумысың?


— Е, тәйірі-әй, мені қойшы, менің көңілімді ауламай-ақ қой, басқаның көңілін таба білсеңдер болды да. Менің көңілім көзімнен-ақ белгілі. — "Сау болыңдар" деген оның дауысы есіктің сыртынан естідік.


Бөлімшенің есеп-қасабы да былығып барады екен. Бірталайдан бергі жұмыс наряды да жабылмапты, колхозшылардың еңбеккүні де қондырылмаған, орталыққа ақпар жіберу керек. Афанасий екеуміз түннің біраз уақытына дейін басымызды қатырдық.


— Осы комплексті бригада дегенің менің көкейіме қонбайды, — деді Афанасий, қағазға шұқшиған күйі, шоттың тасын қағып жіберіп. — Мүмкін жеріне қарай, ыңғайына қарай әр шаруашылықта әртүрлі шығар, пайдасы да болар. Ал дәп біздің жәйімізде қуыршақ секілді, құр алас-қапас әуресі болмаса сауын бермей тұр-ау.


— Менің миыма да кіріп отырғаны шамалы.


— Оның кірмейтін себебін айтайын саған. Бізде ғой трактор бригадасы бар. Ал оның тындыратын шаруасы? Бар болғаны бес жүз гектарға жетер-жетпес егіс. Жер жоқ, орманға, тауға егін сеуіп жарымайсың. Бұл бір деші. Екінші, қой фермасы бар. Бар болғаны бес отар. Онан әрі көбейтуге де мүмкіндік жоқ. Өріс тар. Тау, орман іші; жауын-шашыны көп, сарып болады да не өсімі, не еті мардымды емес, жүні де көрінген бұтаның басында қалады.


— Сонда мал өсірмесек, егін екпесек, біздің бітірмек қарекетіміз қайсы?


— Қарекет табылады ғой. Түтін боп кетті-ау бөлме іші, ана терезеңді ашып тасташы. Құрып қалғыр осы темекіні қоя алмай-ақ жүргенім. Қатыннан да сөз естіп, өкпені де ыстап... Ақшаға да зауал. Кейде былай ойлаймын. Тыңдап отырмысың. Кейде былай ойлаймын: "Қойды Сарбұлақ бөлімшесіне ауыстырса. Өйткені онда жайылым мол. Ұрықтандыру, шомылдыру пункіті де сонда. Ал бізде ше. Пункт сала алмайсың, бес отарға оның қажеті де шамалы. Бір веттехник, бір ветврач, бір зоотехник жүр". Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады" дегеннің кері. Оның есесіне Сарыбұлақта малшы кадры жетіспей жатыр. Все таки алпыс мың қой деген ойыншық емес қой. Механизаторларың анау, айналдырған алақандай жерді айдап тастайды да, қол қусырып отырады. Еңбеккүндері де аз. Тыңдап отырмысың. Тыңдасаң сол, трактор бригадасын мына көрші Жаңатілек бөлімшесіне беру керек.


— Сонда өзіңе не қалды?


— Бізге ме? Мейлі сиыр фермасын қалдырсын. Сосын мастерской бар, бір тягач, үш-төрт ЗИС-150 берсе болды, тақтайын да тілеміз, ағашын да тасимыз, қысқасы колхоздың күллі құрылыс материалы "Аюлының" мойнында. Оның үстіне бір құрылыс бригадасын ұйымдастыруға болады, шүкір, жұмыс қолы жетеді мұнда ұйымдастыра білген адамға. Колхоздың Аюлыдан элект станциясын саламыз деп жоспарлағанына талай жыл, біткен іс жоқ, соны біз орнатпағанда басқа жақтан біреу келер деймісің. Жауын жауайын деп тұр ма өзі, немене, желдетіп кетті ғой. Далада балалардың көрпе-жаялығы ілулі тұр еді, әлгі қатын ұмытып кетпей кіргізіп алса жөн болды. Тыңдап отырмысың, мен саған әлі ең қызығын айтқам жоқ. Бізде ғой омарта бар. Вот пайданың ең үлкені осында. Әзірге бес мың ұя екен, дұрыс бағып-қақсақ екі есе көбейтуге болады. Енді саналық, сиыр фермасы бір деші.


— Бір.


— Шотыңды қағып қой.


— Қақтым.


— Ағаш мастерскойы және құрылыс бригадасы.


— Екі.


— Омарта.


— Үш.


— Осы үш шаруаның басын қоссақ, әлгі мен айтқан атқамінерлер де азаяды, көрінген ұсақ-түйектің күйбіңінен көрі қомақты бір нәрсенің құйрығынан ұстаймыз. Сонда бөлімше жылына бес-алты миллион сомның пайдасын бермесе, мен мына қалған сыңар қолымды кесіп тастайын.


— Басшыларға айтып көрдіңіз бе?


— Әңгіме сонда боп тұр ғой, інішек. Мен манадан бері көкіп отырмын, көкіп отырмын, бәрі қысыр сөз. Басшыларға өтпеген соң, қысыр сөз болмай немене. Бәрібір іске аспайды. Осы можантопай не сандырақтап жүр дей ме, әйтеуір, иә, мұның дұрыс екен деген ешқайсысын көрмедім ғой, жамандағаным емес. Бір кезде, ойбай, күллі шаруашылықты комплексті етіп қайта құру керек деп дақпырт шыққанда онан-мұнан құрастырып, ұмарлап-жұмарлап ұйымдастыра салған. Пайдалы ма, пайдасыз ба, байыбына барған ешкім жоқ, қайткенде аудан жарлығын екі етпеу ғой. Енді сол жарлықты бұзудан жасқана ма, қайдам. Председателіміз комплекстендіруді бірінші боп қолға алып, атақ-абройға да ілініп қап еді... Шырпы тартып жіберші.


— Шылымды жиі шегеді екенсіз.


— Әй қойшы, осыдан келетін пәле жоқ, құдай ақын түк жоқ. — Афанасийдің сигарет қыстырған саусақтары қалтырап тұрды. Ыс басып кетіпті тырнақтарын, никотин иісі аңқиды.


Көк түтін қалқып жүр бөлме ішінде. Төбедегі бұрышта кішкентай өрмекші добалдай қара көк шыбынды быжылдатып әкетіп барады. Қай жәндік болмасын өлердегі жан дауысы ащы болады екен-ау. Афанасий шылымын орталап қалды. Күлін қақпастан тартып отыр. Қозғалар емес.


— Жеңгей күтіп қалған шығар, ренжіп жүрер, кешкі асқа бармаймыз ба?


— Ренжігенде он баланы тастап менен қайда қашар дейсің. Төркіні де жоқ кететін. Жеңгенді қоя тұр, Есләм не айтады, сөйлестіңдер ме өздерің?


— Тұйық адам ғой, әңгімеге тойғызған жоқ әзірге.


— Ыңғайыңды таппай жүрген де ол ағайының.


— Маған не ыңғай керек.


— Саған керек жоқ болса, оған керек.


— Түсінбедім.


— Түсінбедің бе, онда жұмбақтамай турасына көшелік. Мана айтып кетті, Жұмекең сол ағайыныңның ұрлығының үстінен түсіпті.


— Қандай ұрлық.


— Қай бір ұрлық дейсің, баяғы жеу де. Жеп қойыпты. Ағашты жеп қойыпты.


— Осындағы кесілген ағаштың, тілінген тақтайдың нарядын түгел тексеріп шықтым, бәрі дұрыс секілді көрінген.


— Дұрыс. Тіпті орталыққа түскен тақтайдың, құрылыс материалдың да есебімен дөппе -дөп. Бірақ сен мынаны байқадың ба, мұнда елу текше метр тақтай тілінсе орталыққа отыз, қырық текше метр түсірілді, қалған он, жиырма текше метрдің орнын бракқа шыққан горбыльмен толтырған.


— Сонда бракқа таза материалды шығарып, орнына жоңқа салғаны ғой.


— Әрине, жұрт еңбегін алып жатыр, жалпы есеп-қисап орнында. Оны тексеріп, бүге-шігесіне жететін Афанасий мен сен бе.


— Соншама дүниені қайда тығады.


— Қайда дерің бар ма, председатель жаңадан үй салып жатқан көрінді. Тағы да біреулерге ептеп жең ұшынан өткізіпті. Ағайынға алты қанат үй тұрады, Есләмнің қалтасына қарға тышады. Құда тыныш, құдағи да тоқ.


— Япырмау, председатель көріп отырып ештеңе демегені ме.


— Қалай десем екен... Енді председатель жақсы-ақ жігіт, шаруаның адамы. Тек сәл ептеп жекжат ағайынға сүйенетіні бар, ағайынды өкпелетпеуге де әзір-ау деп қалдым ғой.


— Солай деңіз. Есләмнің сөзі өктем-өктем секілді еді жұртқа.


— Әркімнің сенген бір шұнақ құдайы бар.


Есік жұлқи ашылды. Жалғанның жартысындай боп Метрей кіріп келеді екен. Салғырт қана бас изеп амандасты.


— Шам жанып тұрған соң кіре кетейін деп.


— Мұнда қашаннан бері үйірсек боп едің, — деп Афанасий оның сөзін бөліп жіберді.


— Ақша өткізуге келдім.


— Ақшасы несі? Ол қандай ақша?


— Бір.


— Шотыңды қағып қой.


— Қақтым.


— Ағаш мастерскойы және құрылыс бригадасы.


— Екі.


— Омарта.


— Үш.


— Осы үш шаруаның басын қоссақ, әлгі мен айтқан атқамінерлер де азаяды, көрінген ұсақ-түйектің күйбіңінен көрі қомақты бір нәрсенің құйрығынан ұстаймыз. Сонда бөлімше жылына бес-алты миллион сомның пайдасын бермесе, мен мына қалған сыңар қолымды кесіп тастайын.


— Басшыларға айтып көрдіңіз бе?


— Әңгіме сонда боп тұр ғой, інішек. Мен манадан бері көкіп отырмын, көкіп отырмын, бәрі қысыр сөз. Басшыларға өтпеген соң, қысыр сөз болмай немене. Бәрібір іске аспайды. Осы можантопай не сандырақтап жүр дей ме, әйтеуір, иә, мұның дұрыс екен деген ешқайсысын көрмедім ғой, жамандағаным емес. Бір кезде, ойбай, күллі шаруашылықты комплексті етіп қайта құру керек деп дақпырт шыққанда онан-мұнан құрастырып, ұмарлап-жұмарлап ұйымдастыра салған. Пайдалы ма, пайдасыз ба, байыбына барған ешкім жоқ, қайткенде аудан жарлығын екі етпеу ғой. Енді сол жарлықты бұзудан жасқана ма, қайдам. Председателіміз комплекстендіруді бірінші боп қолға алып, атақ-абройға да ілініп қап еді... Шырпы тартып жіберші.


— Шылымды жиі шегеді екенсіз.


— Әй қойшы, осыдан келетін пәле жоқ, құдай ақын түк жоқ. — Афанасийдің сигарет қыстырған саусақтары қалтырап тұрды. Ыс басып кетіпті тырнақтарын, никотин иісі аңқиды.


Көк түтін қалқып жүр бөлме ішінде. Төбедегі бұрышта кішкентай өрмекші добалдай қара көк шыбынды быжылдатып әкетіп барады. Қай жәндік болмасын өлердегі жан дауысы ащы болады екен-ау. Афанасий шынымын орталап қалды. Күлін қақпастан тартып отыр. Қозғалар емес.


— Жеңгей күтіп қалған шығар, ренжіп жүрер, кешкі асқа бармаймыз ба?


— Ренжігенде он баланы тастап менен қайда қашар дейсің. Төркіні де жоқ кететін. Жеңгеңді қоя тұр, Есләм не айтады, сөйлестіңдер ме өздерің?


— Тұйық адам ғой, әңгімеге тойғызған жоқ әзірге.


— Ыңғайыңды таппай жүрген де ол ағайының.


— Маған не ыңғай керек.


— Саған керек жоқ болса, оған керек.


— Түсінбедім.


— Түсінбедің бе, онда жұмбақтамай турасына көшелік. Мана айтып кетті, Жұмекең сол ағайыныңның ұрлығының үстінен түсіпті.


— Қандай ұрлық.


— Қай бір ұрлық дейсің, баяғы жеу де. Жеп қойыпты. Ағашты жеп қойыпты.


— Осындағы кесілген ағаштың, тілінген тақтайдың нарядын түгел тексеріп шықтым, бәрі дұрыс секілді көрінген.


— Дұрыс. Тіпті орталыққа түскен тақтайдың, құрылыс материалдың да есебімен дөппе -дөп. Бірақ сен мынаны байқадың ба, мұнда елу текше метр тақтай тілінсе орталыққа отыз, қырық текше метр түсірілді, қалған он, жиырма текше метрдің орнын бракқа шыққан горбыльмен толтырған.


— Осы үш шаруаның басын қоссақ, әлгі мен айтқан атқа мінерлер де азаяды, көрінген ұсақ-түйектің күйбіңінен көрі қомақты бір нәрсенің құйрығынан ұстаймыз. Сонда бөлімше жылына бес-алты миллион сомның пайдасын бермесе, мен мына қалған сыңар қолымды кесіп тастайын.


— Басшыларға айтып көрдіңіз бе?


— Әңгіме сонда боп тұр ғой, інішек. Мен манадан бері көкіп отырмын, көкіп отырмын, бәрі қысыр сөз. Басшыларға өтпеген соң, қысыр сөз болмай немене. Бәрібір іске аспайды. Осы можантопай не сандырақтап жүр дей ме, әйтеуір, иә, мұның дұрыс екен деген ешқайсысын көрмедім ғой, жамандағаным емес. Бір кезде, ойбай, күллі шаруашылықты комплексті етіп қайта құру керек деп дақпырт шыққанда онан-мұнан құрастырып, ұмарлап-жұмарлап ұйымдастыра салған. Пайдалы ма, пайдасыз ба, байыбына барған ешкім жоқ, қайткенде аудан жарлығын екі етпеу ғой. Енді сол жарлықты бұзудан жасқана ма, қайдам. Председателіміз комплекстендіруді бірінші боп қолға алып, атақ-абройға да ілініп қап еді... Шырпы тартып жіберші.


— Шылымды жиі шегеді екенсіз.


— Әй қойшы, осыдан келетін пәле жоқ, құдай ақын түк жоқ.-Афанасийдің сигарет қыстырған саусақтары қалтырап тұрды. Ыс басып кетіпті тырнақтарын, никотин иісі аңқиды.


Көк түтін қалқып жүр бөлме ішінде. Төбедегі бұрышта кішкентай өрмекші добалдай қара көк шыбынды быжылдатып әкетіп барады. Қай жәндік болмасын өлердегі жан дауысы ащы болады екен-ау. Афанасий шылымын орталап қалды. Күлін қақпастан тартып отыр. Қозғалар емес.


— Жеңгей күтіп қалған шығар, ренжіп жүрер, кешкі асқа бармаймыз ба?


— Ренжігенде он баланы тастап менен қайда қашар дейсің. Төркіні де жоқ кететін. Жеңгенді қоя тұр, Есләм не айтады, сөйлестіңдер ме өздерің?


— Тұйық адам ғой, әңгімеге тойғызған жоқ әзірге.


— Ыңғайыңды таппай жүрген де ол ағайының.


— Маған не ыңғай керек.


— Саған керек жоқ болса, оған керек.


— Түсінбедім.


— Түсінбедің бе, онда жұмбақтамай турасына көшелік. Мана айтып кетті, Жұмекең сол ағайыныңның ұрлығының үстінен түсіпті.


— Қандай ұрлық.


— Қай бір ұрлық дейсің, баяғы жеу де. Жеп қойыпты. Ағашты жеп қойыпты.


— Осындағы кесілген ағаштың, тілінген тақтайдың нарядын түгел тексеріп шықтым, бәрі дұрыс секілді көрінген.


— Дұрыс. Тіпті орталыққа түскен тақтайдың, құрылыс материалдың да есебімен дөппе -дөп. Бірақ сен мынаны байқадың ба, мұнда елу текше метр тақтай тілінсе орталыққа отыз, қырық текше метр түсірілді, қалған он, жиырма текше метрдің орнын бракқа шыққан горбыльмен толтырған.


— Сонда бракқа таза материалды шығарып, орнына жоңқа салғаны ғой.


— Әрине, жұрт еңбегін алып жатыр, жалпы есеп-қисап орнында. Оны тексеріп, бүге-шігесіне жететін Афанасий мен сен бе.


— Соншама дүниені қайда тығады.


— Қайда дерің бар ма, председатель жаңадан үй салып жатқан көрінді. Тағы да біреулерге ептеп жең ұшынан өткізіпті. Ағайынға алты қанат үй тұрады, Есләмнің қалтасына қарға тышады. Құда тыныш, құдағи да тоқ.


— Япырмау, председатель көріп отырып ештеңе демегені


ме.


— Қалай десем екен... Енді председатель жақсы – ақ жігіт, шаруаның адамы. Тек сәл ептеп жекжат ағайынға сүйенетіні бар, ағайынды өкпелетпеуге де әзір-ау деп қалдым ғой.


— Солай деңіз. Есләмнің сөзі өктем-өктем секілді еді жұртқа.


— Әркімнің сенген бір шұнақ құдайы бар.


Есік жұлқи ашылды. Жалғанның жартысындай боп Метрей кіріп келеді екен. Салғырт қана бас изеп амандасты.


— Шам жанып тұрған соң кіре кетейін деп.


— Мұнда қашаннан бері үйірсек боп едің, — деп Афанасий оның сөзін бөліп жіберді.


— Ақша өткізуге келдім.


— Ақшасы несі? Ол қандай ақша?


— Колхоздан тақтай алғаным жоқ па, соның пұлы.


— Саған тақтайды берген кім?


— Мен, — дедім.


— Неге.


— Еңбегіне.


— Қайдағы. Бір де енбек күні жоқ екенін білмеуші ме едің.


— Ер мойнында қыл арқан шірімейтінін білетін шығарсың, Афанасий Никитич. Жыл аяғына дейін әлі бір маусым бар. — Афанасий үндеген жоқ, столдың суырмасын тартып, әлденені шұқылай бастады. — Солай, Метрей атай. Сізден мен тақтай үшін әзірге пұл сұрағаным жоқ. Ақшаңызды берсеңіз де алмаймын, жұрт секілді еңбеккүніңізбен өтеңіз. Бар шаруаңыз осы ма?


— Осы еді.


— Онда қайта беріңіз.


Тер сіңген кір орамалға түйген бір түйіншек ақшаны тоқлақтай жұдырығына жымырған күйі Метрей ләм демей есікке беттеді. Сынып кете ме деп қорыққандай – ақ тұтқаны ептеп қана ұстап, есікті жартылай ашты. Босағаны аттай бере кілт тоқтады, қорбиған ебдейсіз денесі еңіске түскен аюдай қопарыла бұрылды. Ежелгі қанталаған алақан көз төрде отырған Афанасиймен бір сүзісіп өтті.


— Шырақ бригадир, тағы бір жұмысым бар еді, ұмытып барады екем. Екі күн болды, әлгі біздің қатын ауырып жатқаны. Тымау ма деп едім, бүгін тынысы тарылып болмай тұрғаны. Мына тұрған орталықтағы ауруханаға жете алмай отырмыз. — Халықтан дауысында жетімсіреген адамның өтініші сезілді. Алып денедегі қазандай түкті бас домалап түсетіндей ашылған жалпақ омырауына салбырап бара жатты.


— Содан бері неге айтпадыңыз. Барып орап-шымқай көріңіз. Қазір не көлік, не машина жіберейін, — дедім. Метрей басын көтермеген күйі, ешқайсымызға тіктеп қарамастан кетіп қалды.


— Ал оны кім апарады, немен жеткіземіз? Екі машинаның екеуін де тауға жібердің, бүгін түгіл ертең де түспейді, сол жақтан тұра орталықтың өзіне бөрене тасымақ.


— Машина жоқ болса осында ат жеткілікті ғой, жеңіл трәшпенкеге екеуін жегіп жіберіп, өзіңіз апарасыз. Машинаға сап шайқақтатқанша ауру адамға сол жайлы болар. Шөпті қалыңырақ салыңыз.


— Жұмыс деген бастан асады, басқа біреу барсын да.


— Тастаңыз жұмысты, күн жетер оған да.


— Это что, вроде наказание? — деп Афанасий күмілжіген болды.


— Ақпар оны-мұныңызды ала кетіңіз, басқарма мәжілісі қашан екен, соны біліңіз. Бұл жұмыс емес пе. Сосын жалпы ағайын арасындағы алакөздік дегенді жаным жактырмайды. Сақал-шашыңызға ақ кіре бастапты, ошақ басының ұрыс-керісі сізге үйлеспейтін тәрізді.


Афанасий сөз таластырып жатпады.


* * *


Ептеп жауын сіркіреп тұр. Тұман. Бұл ауылдың торғайында тыныштық жоқ, тан атпай ұйқыңды шайдай ашады шықылықтап. Мазаңды алғанда кейде бұлбұл дауысы да жексұрын естілетін сияқты. Таңғы дастарқан жаңа жазыла бастағанда Афанасийдің үлкен ұлы Сашка жүгіріп келді.


— Сізді кеңседе Есләм ағай күтіп отыр.


— Танауың делдиіп сен кеңсешіл екенсің, қайдан бара қалып едің ол жаққа жүгермек. Жау шауып кетіп пе оны, тамақ та ішкізбейді бұлар жұртқа жөнімен, — деп Анфиса жеңгей бұрқылдап қалды.


Мен орнымнан тұрғанда Сашка да босағада жатқан әкесінің жұлығы жыртылған ескі керзі етігін іле далаға зытып шықты. Анфиса бірдемені сезіп, аңдып отырса керек:


— Әй, жүгірмек, сенің қай жұмысың қалып барады... Бері кел, мына балаларды ойнат, — деп шаңқ етті. — Қайным, әлгі қуды жібермеші. Кешеден бері шөпшілерге барамын, атқа мініп шөмеле тартамын деп жұлынып жүргені.


— Барса барсын, азамат боп қалған бала ғой, үйкүшік қып қайтесіз оны, іші пысатын шығар.


— Құдай, сол қаншама жұмыс істеп тындырар дейсің. Үсті-басын тұттай қып екі-үш күннен соң қайтып келеді. Онсыз да иығында бүгін киімі жоқ. Тегі ұлың көп болмасын, қайным, ұл баққан бір азап екен, кәзір бір жерін жамап берсең, демнің арасында дал -дұлын шығарып лақтырып тастайды.


— Олай демеңіз, жеңеше, әлі-ақ сізді осылар асырайды.


— Әй, асырап қай бір қарқ қылар дейсің.


— Неге, қолқанат боп қалды ғой. Жаздай шөмеле тасып, күзгі оқуына дейін біраз еңбеккүн тапса өз киімін өзі бүтіндейді. Асыраған деген осы емес пе.


— Кепку принеси, кепку, — деген Сашканың сыбыры естілді есіктің ар жағынан.


— Чего, чего? — деп бір сар бас мына жақтан оны түсіне алмай, өзеуреп қайта-қайта сұранды.


— Өзің кіріп неге тауып алмайсың оныңды. Бері келші шылғауыңды қалыңдап берейін, аяғыңды соғып тастайды ғой андағы үлкен етік. Қап, сен де бір әуре болдың-ау, маған. — Анфиса да шәйін шала ішіп дастарқан басынан тұрып кетті.


* * *


— Ойбай, үн жоқ, наубайхана қарап тұр. Нанның қатқан-құтқанын пішеншілерге жіберген болдым, ертең қайтерімді білмеймін, жанымды жағамнан алып жүрмесе жарар еді. — Есләмнің сөзін тыңдасаң өрт сөндіретін тәрізді, ал өзі аспанды алақандай, жерді телінгідей етіп, баспалдақ үстіңде жайбарақат шылым шегіп отыр. Жүзінде абыржу білінбейді тіпті.


— Не, ит жеп кетіп пе ұнды?


— Адамға табылмай отырғанда, ит қайдан жесін.


— Енді немене, ел-жұрттың аманында жұт келіп пе бізге.


— Мен құртып жатқандай шап ете қалатындарың не осы?!. — Ол түтінге шашалып қалды да, қолындағы шылымын сөндірместен лақтырып жіберді. — Құдды жасырып отырғандай. Ас берді дейтін әкем тірі әлі, жөнімен сөйлеу керек қой.


— Жөн айту алдымен сізден болсын да.


— Оның не жөні болушы еді, әлгі диірмені құрып қалғыры тағы сынып қалыпты, бір қадақ астық тартқызуға зар болды емес пе.


— Несі бүлініпті?


— Қапалағы.


— Диірменші сіздің үйдегі ақсақал еді-ау.


— Оның қолында не тұр.


— Күні бұрын неге айтпаған.


— Айтқанда істеп қоятын кім?


— Осы наубайхананың күлшесін аңдығаннан басқа бітірер шаруаңыз бар ма сіздің?


— Көпсінсең бұл міндетті де жиып-теріп саған берейін. — Есләмнің бас терісі бырысып, қыртия қалды.


— Балташылар қайда екен?


— Өзің білмесең, көрмедім. Жұмабай диірмен жаққа тартып бара жатқан әзірде.


Жұмекең мен Құрымбай айқасып та қалған екен. Су жағасында қозы қарнын сипалап Құрымбай тұр, бырқ-бырқ етеді. Жұмекең қапалақтың быт-шытын шығарып, ортасындағы күпшегін суырып жатыр. Ол да сөйлеп жүр.


— Зауалыңды тартқыр, ұят жоқ сенде! Маңдайың терлеп, бетіңді күн қағып қиналып жатқан сен емес, қысы-жазы айналдырғаның жалғыз диірмен, айта салғанда қайтеді мезгілінде кеп. Қуанып кеттің-ау тегі бүлінгеніне. Шалқайып бір жатайын деген екенсің, тындырып тастап едің дүниені! Қиқайып орталыққа тартып бара жатыр едің, шайлығыңды айырып қайтқан шығарсың жекжатыңнан. Сағынып отыр деген сені?


— Әй, мыжымашы! — Құрымбай да тепсініп қойды. — Әктіп бола қалғанын мұның. Біргәдірі бар, есепшісі бар, келсін, көрсін өздері, қойымды бағып жүр ме олар?! Саған пе жоқ қыт-қыттап. Баяғыда бәрің жабылып Метрейді зар қақсатып едіңдер, қолыңнан келсе қазір де тастап жібер аспаныңды.


— Біреудің жоқшысы бола қалғанын. Бұ сығырға не айтарсың, бас десе құлақ дейді. — Жұмекең Құрымбайды ала көзімен бір атты да, тізесіне қойып отырған тесік шелекті даңғыр еткізіп теуіп жіберді. — Түбің түскір мына шелек те бір, сен де бір. Оңбайсың ғой сен сығыр, оңбайсың! Әйтпесе сондай бола алмай тұрып, Метрейде не шаруаң бар.


— Оңған сені де көріп жүрген жоқпыз ба. Баяғыда колхоз деп зікірді салып осындағы жұртты қырып кете жаздап едің, бірақ әлі шыр жұқпапты, әлі сол Жұмабайсың.


— Әй, сығыр, осы сен ғой актіп, біргәдір, есепші, шырт-мырт деп кеп жүргенің ә? Ал өзің кімсің? Кімсің өзің, соны айтшы?


— Е, мәрғау асып келді деймісің мені.


— Мәрғау асып келмесең, мәрғау асып кетпейсің де. Осы колхоздың пендесісің ғой, ә? Ендеше не көкіп тұрсың. Әй, кер баққан шіркін-ай, колхоздың мүлкі сенікі, сенің мүлкің колхоздікі емес пе. Колхозсыз жан баққан күнің бар ма? Осында біргәдір үшін, актіп үшін жүрмісің?! Біргәдір, біргәдір деп қоймайды тіпті. Оны да басшылар, партия жіберіп отыр, әкесінің малын бағуға келген жоқ, сені ел деп, жұрт деп келді. Сенің қамың деп келді. Ертең партия бар десе тағы бір жаққа жүре береді. Сонда колхоздың дәулетін арқалап кетер деймісің. Саған қалмай ма, ей сығыр. Сен қалмайсың ба соның қасында?! — Жұмекең мені көрді де айғайын доғара қойды.


— Хал жақсы ма, шырақ,-деп қысқа ғана иек қақты.


Бүгжеңдеп барып өзі теуіп жіберген тесік шелекті алып кеп, төңкеріп қойды. Жайласып үстіне отырды. Сосын диірмен қапалығының шабақтарын күйгелектеніп шаба бастады.


— Лекер болатын түрі бар ма, ақсақал?


— Е, қашанғы лекерлеп күн кешпекпіз. Бұ сығырды мықтап тұрып қайтадан жасамасақ ертең тағы отырамыз да, қолды тығып танауға. Ө, қызыңды! — Жұмекең бірдеме шағып алғандай шабақты лақтырып жіберді. Сөзге айналып отырғанда лыпылдаған өткір балта сол қолының сұқ саусағын іліп кетсе керек. Қан бұрқ ете түсті. — Қап қырсыққанда қымыран іриді деп... Әй, шертимей берегірек келсеңші былай, берегірек. Қасында мысық тілеулі адам жүрсе ісің де өнбейді. Ақтарып тастайын ба осы! — Жұмекең сұқ саусағын қылғындыра қысып Құрымбайға бұрылды. Диірменші кінәлі адамдай қипаңдап Жұмекеңнің қасына келді де, қалтасынан бет орамалын суырды. Қыртиған шал өзі шақырып алып, тағы шағып алды:


— Маған дөгдір бол дегем жоқ саған. Ана жатқан күпшектің қырсауын ал да, Метрейге бар. Мынау қаңылтыр түкке жарамайды, қалыңдау темірден соқсын де.


— Ол Метрейің құдайдың қырсығы, арқандап апармасаң менің айтқаныма дүкенге жолай қояр ма екен.


— Жұмабай жұмсады десең қатқаны бармас. Жөнелсеңші, иман тілеп тұрмысың?


Құлақ дәметіп, құр емегізіп қолы құр қайтқан баладай бұртиып Құрымбай орамалын ұстап біраз тұрды да, қырсауды алып ұстаға қарай тайды.


— Осыны көрсем ит жыным келеді, — деп қойды Жұмекең оның артынан.-Құдайдың құдіреті, заманның қисық кезінде де дәм-тұзымыз жараспап еді, түзу кезінде де екеуміз бір ауылға сыйыспай-ақ қойдық. Әкімдік билікті менің қолыма берсе қуып шығар едім колхоздан.


— Тау бөрісіз, ел ұрысыз болмайды деген ғой, ақсақал, қайтеміз, ел ішінде бір тентек жүре береді де.


— Қайдам? — Қарт басын шайқады. — Елді бұлдіретін де сол бір тентек бола ма деп қорқам. Байқаймысың, осында жүз шақты түтін бар екен. Сонда есебі екі жүз жұмыс қолы дейікші. Соның кем дегенде қырық-елуі еңбек таппай отыр. Ал үй-жайын, тұрмысын қарасақ жып-жинақты, іштеніп, қорланып алған, бәрі мықты.


— Сонда қалай, жұмыс істейтіндерден гөрі, істемейтіндер байып кеткені ме.


— Маған солай сияқты. Солай дейтінім, соңғы кезде өзіміз кеңшілік жасап жүрміз. Шырақ, сен өзің былай байқадың ба, кәзір ғой ауылдан шошаң еткен бір артық адамды көрмейсің. Қалай бешін болды, солай о сайдан да, бұл сайдан да құлынды биесін сабылтқан өңкей қырма сақал қу шалдар ауылға қарай өріп келе жатады. — Жұмекең жаралы сұқ саусағын шошайтып, ауылдың, ана қыры мен мына қырының төбесін осып-осып жіберді. — Діңкитіп бір-бір арба шөп артып қайтады. Соларды бәрі әлгі Құрымбай сияқты тиіп-қашып жүргендер де, немесе тіпті жұмыс істемейтіндер. Жоқ, шырақ, сен не десең о де, маған салса, есебі бәріне бірдей қатаң тәртіп қойып, көнбеген бір-екеуін колхоздан ытқытпаса болмайды. Тәртіп енбей жұрт саған сенбейді, сен жұртқа сенбейсің. Өзің айтшы, маған сенсең осында келіп не жұмысың бар. Жұмабай шал тындырып жатыр дейсің де, басқа шаруаңды жасай бермейтін бе едің...


— Дұрыс қой мұныңыз да бір ойдан. Бірақ, қайсыбірін құрықтай береміз. Құрымбайды колхоздан шығарсақ, анау Метрейді қуу керек.


Жұмекең алдына үйіліп қалған ағаш жаңқаларын балта сабымен ысырып-ысырып тастады да орынынан тұрды.


— Метрей Құрымбай емес те, Құрымбай Метрей емес қой, шырақ. Әрқайсысының ен-таңбасы әр басқа. — Қарт көлденең жатқан бөренеге жуандығы жеңді білектей қайың сырғауылды қиғаштай салып, бір жағын балтамен қадай бекітті. — Ал, шырақ, енді қолғабыс етпесең болмас, анау буаз араның бір құлағын ұстаған да, мынаны кесісіп жібер. Айтпақшы тоқтай тұршы, алдымен өлшеп алалық. — Жұмекең жонылған шабақтың ұзындығымен өлшеп, сырғауылдың он бойына таңба сап шықты.


Еңсеріле тұтас біткен шомбал дененің тұрған бойы күш секілді. Торсиған мықыр саусақтар қапсыра сығымдағанда араның кере қарыс құлағы көрінбей кетті. Екпіндете, жұлқып-жұлқып тартқанда мені қоса ұшырып жібере жаздайды. Әредік таппастан, маңдайы тершіп, тыпырлап жүріп сырғауылдың о басына жетіп бір-ақ тыныстады.


— Қаншама қартаймадым дегенмен болмайды екен, құрғыр жүрек қаға береді, — деді терін сыпырып тұрып. — Әлгі Метрей дегеніңнен есіме түседі-ау, алғаш колхоз болып құрылған жылы осы диірменді сол екеуміз салып едік. Әй, ит-ай, шебер-ақ қой, шебер. Ол плотник, ол ұста, ол омарташы, қойшы, әйтеуір қолына іс тисе болды, жылмитып шығара қояды. Мені осы балта кәсібіне итермелеген де сол. Әйтпесе, менің тұсымда ер қосқаны болмаса қай қазақ зергерлік жасады дейсің балтамен. Талай шапағаты тиіп еді байғұстың, соңғы кезде араласпай да кеттік.


— Жоғалған пышақтың сабы алтын емес пе?


— Е, шырақ, оның да бір кілтипаны бар ғой, биыл міне үшінші жылға айналып барады шалдың қыртиғанына. Анау Шодыр деген ұлы әскерде жүргенде шаруашылығы біраз шайқалып еді о қудың. Жалғызілікті басқа бермесін де, қиын ғой, бала-шағаның арқасы да мына бізді қалқақтатып қойған әуелі денсаулығым, сосын тамақтың тоқтығы. Мен өзі жұмысты тоқтығымнан істейтін адаммын. Аяғыңның астындағы сынаны әперші, тұрмады ғой мына кеспегі бұлтыңдап. — Қарт қайың сынаны белағаш пен шабақтың арасындағы саңылауға мықшита қағып жіберді де алақанына бір түкіріп қойып шабақты бүйірлеп қайта шаба бастады. Тағы тоқтады, тағы түкірді алақанына, бажырайып менің бетіме қарады. — Жаңа мен не көкіп отыр ем?


— Метрей туралы.


— Е, шырақ, бұл да қартайғанның белгісі. Алжыған деген осы, аузындағы сөзіңді ұмытып қалған соң алжымағанда не. Иә, сол жылы о қу біраз қиналып қалды. Ортаның арасын бағып еді. Ұмытпасам күзге таман болуы керек, үйінің төбесі құлап қапты бір қалың жауында. Бір-екі рет тақтай сұрап колхоз бастығына барған екен, көңіл аудар қоймаған ба, немене, өзі жөндеп алайын десе жұмыс адамының қолы тие ме. Сосын ептеп колхоз балынан сатып, құрап-сұрап тақтай тауып, әлдекімдерді жалдап деген сияқты, әйтеуір қимыжықтатып жүріп үйін жөндетіпті. Артынан ішегі шығып қап, осы Құрымбай дейді көрсеткен, ісі сотқа түсті де, шалды анда-мында едәуір сүйреледі-ау. Ақыры сот кесіп, бір жыл қара жұмысты арқалап шыққаны ғой. Мен біраз қарекет қып, басшыларға барып көрген боп едім, сөзімді ешкім тыңдамады. Інісі бола тұра Опанас та ара түспеді, ағайын үшін арам іске барып, соның жоқшысы болды деген әңгімеден жасқанды ғой деймін, тегі сасық сөзге құлақ түрмейтін түзу адам ғой. Шал содан бізге өкпелі, аманы да онша түзу емес. Аты кержақ демесең, обалы кәне, шаруаның адамы. Анау аюдай дене, сом білек, күсті алақан тек еңбек үшін жаралған. Солай, шырақ, күнәқар боп қайтем, дұрысын айту керек қой. Қап, жаңағы зауал жоғалды-ау, өзі. Отыр ғой сол ұстада, өтірікті шындай, ақсақты тыңдай қып соғып. Құмабай бригадирге қызын бергелі жүр екен деп жатыр ма, құдай білсін. Тфу, ауыз темір татып кетіпті, шөлдеген де екенбіз. Келін бар ма, шырақ? Оны неге әкелмейсің. Ас-суыңды әзірлеп, кір-қолыңды жуып беретін де кісің жоқ, қиын ғой енді. Әйтеуір, ақыры түбегейлі осында қызмет істейтін болған соң алдырту керек.


— Со келініңіз табылмай жүр-ау.


— Ә, солай де, шырақ. Солай де. Онда бас құрайтын уақыт кеткен екен. Осындағы сенің жасындағы жігіттердің екі-үштен баласы да бар, шұрқырап отыр. Болмайды, болмайды үйленбей.


Тұман сейіліп барады. Жаңбыр толастаған. Қара бұлттың қыртығынан күн сығалады. Ауыл жақтан әтештердің айқайы естіледі. Шаңқай түс мезгілі болса керек.


— Біздің үйдің түтіні де будақтай бастады, — деді шал, балтасын ағашқа қалап, — отыр, сәл демік басалық. Ойбой, тізеңді бірдеме іліп кетіпті ғой, әлгі Әмписә жеңгеңе бастырып алсаңшы.


Қарт айтты айтпады, түтін молайған екен. Әр мұржадан бір-бір шуда есіліпті. Соның ішінде тек менің ғана ошағым жоқ. Мына тізенің жыртығы, будақтап жатқан сонау көк түтін көңілімді құлазытып, әлдене ой салғандай болды, жылы төсек, қазан-аяқтың шыж-быжын аңсатқандай. Әлгі бір сөзі қалжыңы ма, осы шалдың шынымен бойжеткен қызы болып жүрмесін, көрсе қайтер еді...


* * *


Күн қайтқан. Сонда да ыссы. Мұнар. Қызғылт мұнар, түтін алып кеткен сияқты бүкіл шатқал ішін. Қызған көңнің исі шығады. Бұл жұрт күресінін неге өртеп жібермеген жазғытұрым. Айнала көкпеңбек, шалғын, тоғай. Жусан исі неге жоқ. Жусан исі қандай тамаша бұл шақтағы. Афанасий қайтпады-ау. Екеуге жұмыс та көп, әңгіме де табылады. Көңілсіз. Афанасийдің көзі тайса болды, жетімдік басады. Тынышсыз адам-ау, пішеншілерге кеткен еді. Әй, қайта қояр деймісің ымыртсыз. Шеберханада кімдер бар екен. Балта шыңылы естіледі. Жұмекең болмаса етті. Біреу, екеу. Екі балтаның дауысы. Тағы кім болды.


Метрей. Иә, Метрей. Баяғы сол тер сіңген қара сәтен көйлек, жеңді сыбанын тастаған, бүйендей түкті білек үскірік үстінде жортақ қағады. Ширатылған жоңқа шиыршықтары алақан астынан жосылып түсіп жатыр. Шайырдың кермек иісі — жауыннан кейінгі самырсын бүршігінің жұпарын бетке ұрады.


— Іске сәт, Метрей атай. Жұмысқа кіріскенсіз бе?


— "Ақсақ қой түстен кейін маңырайды демекші", бұл албасты басқыр ала жаздай жатып-жатып енді түс көргендей бүгін кеп тұр ғой. — Жұмекең Метрейді сөйлетпей әңгімені қағып әкетті. Көзді қысып-қысып қояды.


— Құрымбайдан кейінгі сайқымазақ сен болып барамысың деймін осы. Ділмәрсымай алдындағы ісіңді білсеңші, — деп Метрей де қайырып тастаған боп жатыр. Қолындағы кеспелтек тақтайдың екі шетін мінеп, бір көзін аса, бір көзін баса қарап түзулігін сынап шықты. — Қатын кеткен соң елегізіп отыра алмағаным. Осында келсем мына қу жалғыз өзі тыртыңдап, бірдемені шұқылаған боп жатыр екен. Құр зырылдаған тіл болмаса мұның қолынан не келуші еді. Сосын сорлыға көмектесейін деп..


— Жә, жә! Маған жаны ашып ағынан жарылған екен десем, әншейін амалсыздың күні ғой мынауың. — Жұмекең мұртына ілініп тұрған ағаш қоқымын қағып жіберді де, маған бұрылып тағы көзін қысты. — Ой, шіркін-ай, басы көрге салбырап бара жатса да қатыншылын көрмеймісің өзінің. Әй, сен осы қатын, қатын деп қақылдайсың да жүресің, сонда бірдеңеге қауқарың бар ма, жоқ әлде құр көкірек пе.


— Қатынның қадірін білмей жүр екенсің. Көрер едім-ау, анау бәкене қара кемпіріңнің көзі жоғалса, астыңнан су шыққандай ошағыңның басына тоқтамассың.


— Қатын, қатын деген мал емес, мүлік емес, төлемі жоқ қазына. Әй, шалым-ай, біраз сауатыңды ашпасам болмайды екен. Әйтпесе коммунизмге жете алмай орта жолда қап қойып жүрерсің. — Метрей миығынан күлді. Сонадағы екеуміздің жол үстіндегі текірек әңгімемізді әлі ұмытпапты-ау. Жұмекеңнің қалжыңын тиек тұтып, мені де іле кетіп тұрғанын. Оңбассың-ау, сен сақал, оңбассың-ау.


— Үй салып жатыр едіңіз ғой, оның жайы не болды?


— Соны қойып тұрмын, қажытады екен. Біріне тартсаң, біріне жетпейді. Жаман да болса, баспанамыз бар, қатын екеумізге өле-өлгенше шыдап берер сол да. Анау Феодорды үйлендірем бе деген ой ғой, соның қамы болатын да. Құдай дәтке қуат беріп, басы аман болса өзі де қалқайтып алар бірдемесін. Шынымды айтсам, қатын ауырып қалған соң — көз шарадай, бас аман болсын.


Қалай өзі, тәуір ме екен, білдіңіз бе?


— Әлгі Опанас емдейтін болды, жазылады деп келді ғой. Мен біржола аттанды ма деп қорқып едім. Әй, заржағым, андағы қолындағы самырсын ғой, таста былай. Толып жатқан жоқ па осында қарағай тақтай. Саған жүз ғып түсіндіру қиын болды-ау.


— Құрғыр, қараңғы түсіп кетті ме, көз көрмей барады, деп Жұмекең ақталған болды.


— Менен бұрын он шақты жәшік жасаған екен, бірі өжетке жарамайды. Таңдап алғандай кіл самырсын тақтайдан қиыстырыпты да қойыпты.


— Бояушы, бояушы дегенге сақалын бояйды деп, сен де білімпаздана береді екенсің. Тақтай болған соң бәрі бір іс, жорғасы мен шоқырағы бар ғой деймісің мұның.


— Болмағанда ше, самырсынның сағызы көп, смоланың иісі бар, оны бал арасы жақтырмайды, жақтырмаған соң бал да жинамайды. Әр уақыт үйшікті кепкен қарағайдан жасау керек. Тер ағызып, азаптанып, арамтерге кеткен есіл еңбек-ай,-деп Метрей жиюлы тұрған жәшіктерді иегімен нұсқады. — Ата сақалың аузыңа түскенше соны білмей неғып жүрсің.


— Е, кім ескеріпті оны, сен секілді бүкіл өмірімізді шыбынның сирағын жалап өткізгенім жоқ.


— Оған да шүкіршілік, ада қалмаппыз ғой әйтеуір несібеден.


— Саған дауа жоқ екен, — деп Жұмекең ырқ-ырқ күлді.


— Дауамды таппасаң шаужайымнан алып нең бар. Онсыз и қажып жүрген жанымды қажай бермей, манадан жөніңе көшпедің бе. Шақшаңды әкелші өзің.


Жұмекең жәшік қақпағына соңғы шегені жүгіртті де балғасын жабыққа қыстырды.


— Шақша бар-ау, бірақ қай бір оңған насыбай дейсің. Оның үстіне сенін ана танауыңа бір ұрттағанда бір қадағы кетеді.


— Темекің жоқ болса маған келмедің бе.


— Байтал түгіл бас қайғы демек, темекіні былай қойып өзіңді жоғалтып ала жаздаған жоқпыз ба, — Жұмекең қонышынан шақшасын суырып, есік аузындағы жарыққа таянды. Метрей де қолын созып бері қарай ентелеп келеді.


Сүртсеңші ана алақанындағы үгіндіні, кеңсірігіңе ағаш тұрып қалса қай қуысынан табамыз оның, пәлеңнен аулақ, бәтіреке.


— Ой, құрғыр-ай, назданбай берсеңші беретін болсаң, о несі ей. Денің сау ма өзіңнің, осыны қарату керек еді алдымен дөгдірге. — Метрей шалбарына ысып-ысып жіберіп алақанын қайта созды.


Насыбай кеужірге шапқан соң екі шалдың көздері жасаурап, бір жасап қалысты. Жұмекең отырып алып мүйіз шақшасын мақтады. Метрей де өзінің алдыңғы жылғы темекісін жер-көкке сыйғызбай шіреп болмайды. Биылғым да жойсаң шығып келе жатыр деп танауының жиек-жиегіне тұрып қалған насыбай шыңытын сұқ саусағымен қағып-қағып тастады.


— Жарайды, жетеді енді, түбінде жалғыз атымдай-ақ қалды ғой деймін, кемпірімнің қасында қыңырайып жатып үйге барған соң да бір атайын да. — Жұмекең шақшасын тыға бастады. — Сенің сол темекіңе күзде жиендік жасаймын-ау осы.


— Құдайға шүкір, темекі жетеді. Тек бекерге береді деп дәметпе. Дәл андағы шақшаңды қалап аламын.


— Қай күресінде қалмаған қу мүйіз, қалауы қайтса болды да. — Жұмекең бешпетін иығына жамыла орнынан көтерілді. — Е, шырақ, тең теңімен, тезек қабымен деген осы да. Замандасқа сөз өткенге не жетсін. Ескі көзден осы ауылда бес – алтауымыз-ақ қалыппыз, оның бірі де әлгі не елдігі, не ерлігі жоқ Құрымбай шірік. Кейде қолың боста баратын үй таппайсың. Бұл кержақ иттің қалжыңын да сағындым ғой мен сығыр.


* * *


Көз байланған. Шығыс белдеуге жұлдыз үйіріліп қалыпты.


— Үйге жүріп шәй ұрттамайсың ба, — деді Жұмекең Метрейге.


— Рахмет, мал жайлау да керек шығар. Үйде тірі пенденің жоқ екенін білесін менен басқа. Кемпірімнің кеткені кеше, төсегімді суытпайын да, сенің бәкене бәйбішеңнен не түсер дейсің.


— Ерік өзіңде.


— Ерік тиіп тұр ғой. Қайнап тұрған сыра да бар еді, мына бригадир бала екеуміз қатынның тоқымын қағармыз.


— Жақсы ырым екен бұларың.


* * *


Аула іші азан-қазан. Бақылдап қаз-тауықтар шулап жатыр бір қорада. Қақпа ашылысымен-ақ үш-төрт шошқа торайларымен қорсылдап бізге тұра жүгірісі. Метрей алдымен мықтап тұрып балағаттап алды да, соңынан еріп қоймаған соң біреуін шыжылдатып ыңқита тепті танаудан.


— Иесіз үйдің сиқы осы. Қатын барда ештеңесі білінбеуші еді, бұл үй дегеніңнің боқтығы бітпейді екен ғой, онсыз да дағарадай басым қазандай болды.


Метрей есіктің кілтін таба алмай біраз әуреленді. Маңдайшаның ұңғыл-шұңғылын сипалап жатып:


— Айтпақшы кеше сельсоветтің председателі келді осында, — деді. — Колхоз уставына томпақ, заңсыз артық шошқа ұстап отырсың, налогыңды үстемелейміз дейді. Әйтеуір мені шыжғырып-шыжғырып кетті. Қанша жерге апарарын бір құдайдың өзі білсін. Әлгі жау жағадан, бөрі етектен деген осы екен. Бір тиын артық налог төлемеймін, қайта колхоздың өзінен алам ақшаны дедім.


— Қалайша?


— Төлемейтінім сол, осы шошқалардың бәрін ертең колхоз есебінен етке тапсырамын. Ол үшін маған қазына бағасымен ақша бермей ме?


— Әрине, береміз.


— Сельсоветке мен де осыны айттым. Тұқымға біреуін қалдырсам болды, қайтем оның бәрін. Қап, мына атаңа нәлеттің кілті табылмады, сіріңкең жоқ па еді.


— Шылым шекпейтін едім.


Метрей есікті құлып-мұлыбымен шірене тартып жұлып алды.


Жұпыны ғана екі бөлме. Ортасында ас үй, төрт орындық, бір стол тұр. Бір бөлмеде ұқыпты жиылған төсек, екіншісі жасау атаулыдан жұрдай, үйдің төбесіне тигізе нар жасапты, бір-екі шыт көрпенің шеті көрініп жатыр. Тегі кемпір-шалдың бөлмесі болса керек.


— Ал, шай қайнатып, ет асатын менің икемім жоқ. Қазақ қонақ қойдан жуас деуші ме еді, су берсем де разы боласың енді. — Шал әуелі бұтыл етігін шешіп, бүйірдегі бөлмеге атып жіберді. Сосын аласа орыс пешінің үстіне шығып, шағын бөшкені құлағынан дырылдатып сүйреп түсті. Аузындағы тығынын қағып тастап, қызыл күрең қоймалжың сыраны шелекке төгіп-шашып қотара бастады. Ашыған шырмауықтың қышқылтым иісі келеді мұрынға. Сырасы да ақырып тұрған болуы керек. Еріні қайқиған құлақты екі құмыра да жетті қылқиып стол үстіне. — Айып етпесең, стакан дегенді білмейміз, сыраны сыйлы адамға құмырамен ұсынатын әдетіміз бар. Айтпақшы тіске сыздық қылатын бірдеме керек екен ғой, сол құрып қалғыр табылса несі ей. Денің сау ма өзіңнің, осыны қарату керек еді алдымен дөгдірге. — Метрей шалбарына ысып-ысып жіберіп алақанын қайта созды.


Насыбай кеужірге шапқан соң екі шалдың көздері жасаурап, бір жасап қалысты. Жұмекең отырып алып мүйіз шақшасын мақтады. Метрей де өзінің алдыңғы жылғы темекісін жер-көкке сыйғызбай шіреп болмайды. Биылғым да жойсаң шығып келе жатыр деп танауының жиек-жиегіне тұрып қалған насыбай шыңытын сұқ саусағымен қағып-қағып тастады.


— Жарайды, жетеді енді, түбіңде жалғыз атымдай-ақ қалды ғой деймін, кемпірімнің қасында қыңырайып жатып үйге барған соң да бір атайын да. — Жұмекең шақшасын тыға бастады. — Сенің сол темекіңе күзде жиендік жасаймын-ау осы.


— Құдайға шүкір, темекі жетеді. Тек бекерге береді деп дәметпе. Дәл андағы шақшаңды қалап аламын.


— Қай күресінде қалмаған қу мүйіз, қалауы қайтса болды да. — Жұмекең бешпетін иығына жамыла орнынан көтерілді. — Е, шырақ, тең теңімен, тезек қабымен деген осы да. Замандасқа сөз өткенге не жетсін. Ескі көзден осы ауылда бес – алтаумыз-ақ қалыппыз, оның бірі де әлгі не елдігі, не ерлігі жоқ Құрымбай шірік. Кейде қолың боста баратын үй таппайсың. Бұл кержақ иттің қалжыңын да сағындым ғой мен сығыр.


* * *


Көз байланған. Шығыс белдеуге жұлдыз үйіріліп қалыпты.


— Үйге жүріп шәй ұрттамайсың ба, — деді Жұмекең Метрейге.


— Рахмет, мал жайлау да керек шығар. Үйде тірі пенденің жоқ екенін білесің менен басқа. Кемпірімнің кеткені кеше, төсегімді суытпайын да, сенің бәкене бәйбішеңнен не түсер дейсің.


— Ерік өзінде.


— Ерік тиіп тұр ғой. Қайнап тұрған сыра да бар еді, мына бригадир бала екеуміз қатынның тоқымын қағармыз.


— Жақсы ырым екен бұларың.


* * *


Аула іші азан-қазан. Бақылдап қаз-тауықтар шулап жатыр бір қорада. Қақпа ашылысымен-ақ үш-төрт шошқа торайларымен қорсылдап бізге тұра жүгірісті. Метрей алдымен мықтап тұрып балағаттап алды да, соңынан еріп қоймаған соң біреуін шыжылдатып ыңқита тепті танаудан.


— Иесіз үйдің сиқы осы. Қатын барда ештеңесі білінбеуші еді, бұл үй дегеніңнің боқтығы бітпейді екен ғой, онсыз да дағарадай басым қазандай болды.


Метрей есіктің кілтін таба алмай біраз әуреленді. Маңдайшаның ұңғыл-шұңғылын сипалап жатып:


— Айтпақшы кеше сельсоветтің председателі келді осында, — деді. — Колхоз уставына томпақ, заңсыз артық шошқа ұстап отырсың, налогыңды үстемелейміз дейді. Әйтеуір мені шыжғырып-шыжғырып кетті. Қанша жерге апарарын бір құдайдың өзі білсін. Әлгі жау жағадан, бөрі етектен деген осы екен. Бір тиын артық налог төлемеймін, қайта колхоздың өзінен алам ақшаны дедім.


— Қалайша?


— Төлемейтінім сол, осы шошқалардың бәрін ертең колхоз есебінен етке тапсырамын. Ол үшін маған қазына бағасымен ақша бермей ме?


— Әрине, береміз.


— Сельсоветке мен де осыны айттым. Тұқымға біреуін қалдырсам болды, қайтем оның бәрін. Қап, мына атаңа нәлеттің кілті табылмады, сіріңкең жоқ па еді.


— Шылым шекпейтін едім.


Метрей есікті құлып-мұлыбымен шірене тартып жұлып алды.


Жұпыны ғана екі бөлме. Ортасыңда ас үй, төрт орындық, бір стол тұр. Бір бөлмеде ұқыпты жиылған төсек, екіншісі жасау атаулыдан жұрдай, үйдің төбесіне тигізе нар жасапты, бір-екі шыт көрпенің шеті көрініп жатыр. Тегі кемпір-шалдың бөлмесі болса керек.


— Ал, шай қайнатып, ет асатын менің икемім жоқ. Қазақ қонақ қойдан жуас деуші ме еді, су берсем де разы боласың енді. — Шал әуелі бұтыл етігін шешіп, бүйірдегі бөлмеге атып жіберді. Сосын аласа орыс пешінің үстіне шығып, шағын бөшкені құлағынан дырылдатып сүйреп түсті. Аузындағы тығынын қағып тастап, қызыл күрең қоймалжың сыраны шелекке төгіп-шашып қотара бастады. Ашыған шырмауықтың қышқылтым иісі келеді мұрынға. Сырасы да ақырып тұрған болуы керек. Еріні қайқиған құлақты екі құмыра да жетті қылқиып стол үстіне. — Айып етпесең, стакан дегенді білмейміз, сыраны сыйлы адамға құмырамен ұсынатын әдетіміз бар. Айтпақшы тіске сыздық қылатын бірдеме керек екен ғой, сол құрып қалғыр табылса жақсы-ау. — Жалаң аяқ, жалаң бас, қорбаңдап барып шкафтың қақпағын ашып қап еді, ішінен өгіздей ала мысық қарғып шықты. — Ой, атаңа нәлет мынаны кім қамап кеткен ей, мұның ішіне. — Суырмаларды ақтарып отырып пияз, шабақтың құйрығын тауып алды. — Ит-ай, ең болмаса бірер үзім нан қалдырсаң етті бізге де, — деп жол-жөнекей ала мысықты борс еткізіп бір тепті де, столға кеп қонжиды.


Сырасы шынында божылдап тұр екен. Алғашында жәй ғана тұншықтырған сияқты еді, құмыраның орта беліне таяғанда тіпті жүрмей қойды, ішегіме шоқ түскендей, өзегімді тіліп барады. Метрей дем алмастан омырауына ағызып-тамызып басына бір-ақ көтерді.


— Іш, ішіп қой. Балдан басқа қоспасы жоқ. Шіркін бал деген жарықтықтың қасиеті-ай десеңші. Тамақ та болады, дәрінің орнына да жүре береді, сыраңды да ашытады.


— Ақша да болады.


Метрей күмілжіп қалды. Құмырасын столдың ортасына қарай сырғытып, сыра тамған сақалын сүртті.


— Ақша болатыны рас қой, — деді төмен қарап отырып. — Ақша болғанда анау-мынау, базардың тиын-тебені емес, мөшектеп арқалайтын ақша болады. Бірақ амал не, бұл күнде балдың қадірі жоқ, Іш, ойбой, нашар екенсің ғой өзің, ішсеңші! — Метрей маған еселеп тағы құйды. Ала мысық та столдың үстіне шығып апты, екі көзі иесінде, шал бұрыла бергенде аяғымен ептеп қана ол да балықтың құйрығын өзіне тартып қойып отыр. — Балдың құны түсіп кетті ғой. — Мысық тағы ұмтылды.


— Неге?


— Негесі бар ма, омартаны шаруашылық екен-ау деп бағалаған бір басшыны көргем жоқ. — Мысық дырылдатып балықты әкетіп барады. — Балды мемлекетке өткізбейді, мықтағанда күзде колхозшылардың еңбеккүніне бөліп береді. — Балық столдың жиегіне таяп қалды. Шал жалт қарады. Мысық түк көрмеген боп көзін жұма қойды. — Прысь, нахал! Сенде де тойымдық жоқ екен. — Үй иесінің құлақ – шекеден тиген күректей алақаны мысықты былш еткізіп еденге бір-ақ ұрды. — Мемлекетке өтпеді деген соң, одан түсетін пайданың құны да есептелмейді деген сөз. Омарташының да жайы белгілі.


— Қандай жайын айтасыз?


— Қандай жайы болушы еді, шопанды ғой дәріптейсіндер, диханды дәріптейсіңдер, қосымша деп, сыйлыққа деп олар ақша да, астық та, сүт те, мал да алып жатады. Ішсеңші енді, ұят қой, бір құмыраны тауыспады деген, іш! Ал біздің омарташыларды осылардың да еңбегі бар шығар деп еске алғандарың болды ма. Осында өзі он шақты-ақ омарташы, оңай жұмыс болса, кез келгені неге істей бермейді. Пайдасыз деуге болмайды енді, ортасында отырған соң саусағын жаласа да жұмыры тоқ. Сонда да омарташы таба алмай отырған жоқпысыңдар қазір. Іш, ішіп қой, енді. — Ол құмырасын қос қолымен тапсыра ұстап менің ыдысыма тық еткізіп соқты да, түбінде қалған сырасын басына көтере салды.-Когда я думаю о пчеле, у меня просто сердце ноет. Когда-то наша лесопилка славилась своим медом, миллион рублей доходу принес колхозу. А что теперь. Не то время, не то хозяйство нонше. — Маңдайы тершіп, екі көзінің алды қызара бөртіп, шалың енді-енді шешіліп келе жатқан сияқты. Іш-іштің астына алып менің де жанымды қояр емес.


— Айта беріңіз әңгімеңізді.


— Менде айтатын әңгіме қалған жоқ.


— Онда өкпеңізді айтыңыз.


— Менікі өкпе емес, іштегі сыр ғой.


— Өкпе болсын, сыр болсын — орынды сөз. Ендігі міндет сол беделі түскен омартаны қайта көтеру болып тұр-ау, атай. Бірақ бір қиыны маман жетіспей жатыр. Соның кесірінен қырылып та қапты біразы.


— Қырылмағанда ше, көз алдымызда қырылды. Обал-ақ.


— Ал соны көре тұра қол ұшын бермей отырғаныңыз қалай? Ырқың біледі, бабын түсінеді деген сіз шалқайып жатқан соң кімнің жаны ашиды, кім бас-көз болады?


— Мені қойшы, біз қартайған адамбыз, омартаның әуресі көп, оған енді шама келмейді, тіпті көңіл шапқан күннің өзінде де дәрмен жоқ.


— Әлі де қайратыңыз мол көрінеді, мүмкін ата кәсібіңізге қайтып ораларсыз?


— Әй, қайдан, қиын ғой, қиын. Жә, ол жағын кейін сөйлесерміз, ішсеңші, іш!


Екеуміз тағы бір құмыраны төңкердік. Түннің едәуір уақыты болыпты. Бөсіңкіреп кетсек керек. Басым айналған тәрізді. Үйге жетіп алсам болар еді.


— Ал, атай, сыйыңызға рахмет, қайтайын. Әлгі бір жайды ойланып, қабырғаңызбен кеңесерсіз.


— Қайдан білейін, киын ғой. Сақал-шаштың ағарған шағында жұртпен жағаласып. Дегенмен бір кісіге ауыр, ауыр ғой. Феодорды шақыртып, екі жарты бір бүтін боп дегендей бірдеме тірлік қылғанда болар еді...


— Феодор жақсы жерге жұмысқа орналасыпты, ақшасы көп көрінеді, келе ме ол енді.


— Кім, Федя ма? Ол ит қайбір мал жиып жүр дейсің. Қаңғыбас неменің тапқаны тамағынан артылмайды, қалғаны көрінген жесір қатынның тылағында кетер еді!


— Оған қатын әперіп,қазыққа байламайсыз ба?


— Қатқаны!.. Көрінген үйірдің көтерем байталына шауын көттен қағынған шарты қайғыр бір қатынға тоқтар ма екен!.. Алып та көрген! Бір емес, бірнешеуін... Әрқайсысының құрсағында бір-бірден бала кетті... Көрінген бұтаға сідігін шашқан ит!..


— Сонымен одан қайыр жоқ деңізші?..


— Одан қайыр болады дегенше мен мақшарға да жетермін!.. Әттең, баяғы заман болса үшінші сирағынан асар едім!..


Әр күркенің астында бір мүсәпір. Әр мүсәпірдің басында бір мұң. Көзінше көлгірсіп, көңілі түскенде ғана мұңын шағатын көненің көздерінде бүгінге жете бермейтін талай жұмбақ жатқан сияқты-ау. Заманы өткен лақсаның заман өткен сайын заманнан жасыратын қаншама сыры бар екен?.. Заманнан зәрезеп болды ма, заманның адамы зәрезеп қылды ма, көшке ере алмаған, ергісі келмеген ескі ұрпақтың бүгінгіден бүккен әдіп астындағы құпиясын ақтару да мүмкін емес шығар. Метрей айналайын деп отырып, "аңның басын" ішіне сақтаса оған да айып жоқ. Бақаны — балық, балықты қармақ аңдыған уақытта ағайын "ассалауына" сенбейтін жұртқа назың қайдан жүрсін...


...Метрей әйтеуір қақпасына дейін шығарып салды. Шұбар шымылдықтың етегі Алтай сілеміне жетпей қалған ба, кемер жалаңаш, сынық айдың сүлдері ғана қалыпты. Жаулығы шаңқан, бөксесі кір Бүркіт шыңынан аңырата соққан түнгі самалдан қардың ызғары, балқарағайдың қош иісі аңқиды. Түнгі тіршіліктің белгісіндей қарағайлы бөктерден елік үрді.


— Соңғы шыбыштың бақырғаны болар, — деді шал, деді де әңгімесін тағы да "баяғыдан" бастады.-Баяғыда осы бөктерде бұғы-марал жыртылып айрылатын еді. Тағысын айтпағанда қолдағысының өзі тегін дәулет болды, біреулер байлық үшін, біреулер сән үшін де ұстаған, — деп Метрей Бүркіттің биігіне иегін артып қойып біраз бөгелді.


— Соның бәрі қайда кеткен?


— Жиырма сегізде байларды итжеккен айдады, қалғаны кардон асам деп қырылды, — деп, осы шынымен сұрап тұр ма дегендей шал бетіме бежірейіп тұрып қарады. — Мына бытқылдың ішіне кіре қалсаң, бір кездегі бұғы шарбағының қадау-қадау шіріген діңгектерін көресің. Қыбыр еткен әр тағының соңынан бір мылтық ерген соң несі қалушы еді...


...Көшкен елдің жүгіне сыймай жұртта қалған керексіз жүн-жұрқадай елден ұмыт болған жүз қаралы түтіннің де өткені бар деп кім ойлапты. Күндізгі тіршілігі — ауласынан өрген жалғыз сауын, желің қап киген бір-екі шыбыш, түн баласында иті де үрмейтін жетім ауылдың неге "Аюлы" атанғанын да ешкім білмейді. Бұл шатқалдағы соңғы аюды қай жылы, кім атқанын да ешкім білмейді. Әйтеуір...


..."Аюлыда" адам да бар...


1959 жыл.








Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу