Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
28.01.2022
26804
![](/uploads/shorttexts/author_image/k65q10ualf8.jpg)
Таныстыру, байқауға «Жігіт сұлтаны»
Ассалаумалейкум, сәлем бердім,
Көтеріңкі болсын деп көңілдерің.
Келіп қалдым жігіттің сұлтанына,
Жайнасын деп құлпырып өмірлерің.
Баласымын бір сөзді орта жүздің,
Дау-дамайды шешетін бір сөзбенен.
Ержігіттей әкенің баласымын,
Тіл табыса кететін өзгеменен.
Ақмаралдай керімді анашым бар,
Жақсылықты жасауға жаны құмар.
Мен боламын Нұрболат балаң дүлдүл,
Бұл ортаны жұлдыздай жарық қылар.
Болса сізден қошамет шабыт алам,
Өнерімді шыңдаудан бақыт табам.
Сын айтыңыз тағы да сыр айтыңыз,
Бәрін-дағы қасқайып қабыл алам.
Асу алып, талпынып жатыр едім,
Сендерменен бірге боп батыр елім.
Бәріміз де қазақтың ұрпағымыз,
Әрбір таңды қуанышта атыр елім!
Жібек Искакова
жігіт сұлтаны Таныстыру жігіт сұлтаны таныстыру жігіт сұлтаны байқауына таныстыру жігіт сұлтаны сайысы жігіттер сұлтанына таныстыру жігітке таныстыру
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇