Әңгімелер ✍️
Отан үшін
Үш перделі пьеса
ҚАТЫНАСУШЫЛАР:
Егорина — шахтада партком секретарь!
Еркін — жас инженер.
Зәуре — оның шешесі.
Гаврилов — облыстық НКВД начальнигі.
Дәрібек — қарт Жұмысшы.
Құрттымбет — шахта бастығы.
Сарқыт — оның әйелі.
Гүлжан — Сарқыттың бұрынғы Күйеуінен қалған қыз.
Данилов — уақытша бас инженер.
Келдекбай — шахта комитетінің председателі.
Шалабай — Құрттымбеттің досы, техника қауіпсіздігінің инспекторы.
Қаблет — вентиляцияда істейтін Жұмысшы. Семен — шофер.
Әлім-Сәлима жас жұмысшылар.
Жұмысшылар. 1-2 әскери адам және белгісіз біреу.
БІРІНШІ ПЕРДЕ
Бірінші сурет
Шахтаның қызыл бұрыш үйі. Оң жақтағы қабырғада — шахтаның ішкі, сыртқы құрылыстарын, жер астының қыртыстарын көрсететін қарталар мен өндірістің айлық, жылдық өнімін көрсететін диаграммалар. Перде ашылғанда Еркін жалғыз. Ол біресе стол үстінде құрулы тұрған шахматқа келіп жүріс жасайды. Біресе шахтаның қартасына барып, бетін сызғылайды, үлкен ой үстінде. Гүлжан келеді.
Гүлжан. Із қуғандай не қарап жүрсіз?
Еркін. Із қуып жүргенім рас. Осындай Алтын забойдың қартасы бар дейді, соны көрейін деп едім. Қабырғалар толы жапырлаған бірдеңе. Тапқызар емес, көмектесіп жіберші.
Гүлжан. Ол мына жақта. (Ең түкпірге апарады.) Міне, мына тұр. Мұның керегі не?
Еркін. Мұның керегі үлкен болған соң ғой сені көрген сайын айтқым келе беретін тәтті сөздерді айта алмай қалғаным.
Гүлжан. Соншама қажетті несі бар мұның?
Еркін. Бұл менің басшыларға, әсіресе Келдекбайға бергелі келген сұрауым еді. Олардан бұрын саған берейін, осы залда неге тұр бұл? Әлде Алтын забойдың жабылуын мақтан көретіндер бар ма?
Гүлжан. О, сіз шатқалы көп ойда екенсіз. Мұндай сұрауға жауап беру қолдан келмейді. (Шыға бере бұрылып.) Бірақ үмітсіз болмассыз. (Кетеді. Еркін әлгі суретке ойланып қарап тұрған кезде, Құрттымбет пен Келдекбай келеді:)
Құрттымбет (сөйлей кіреді). Байқа, қалай мат болғаныңды білмей қалсаң, қапы кеттім деме. (Ол келе шахматты құра бастайды.)
Құрттымбет. Еркін! Сен енді картиналармен де танысайын дегенсің бе?
Еркін. Келдеке, бері келіңізші.
Келдекбай (жүріп келе жатып, қолындағы папкасын аша бастайды). Картинамен әуестенетін балалық кезден өткен боларсың. Жас болсақ да, инженер деген атың бар, оны таста да мынаған қара.
Еркін. Бұл не?
Келдекбай. Өзіңнің баяндамаң. Менің бұл жөнінде айтар үлкен дауым болып тұр.
Еркін. Дауыңызды ертең көпшіліктің алдында айтарсыз. Алдымен мынау туралы ойыңызды айтыңызшы. (Қара тақтаның бетіне ариясы төрт елідей екі сызық салады.) Мынаны Алтын забойдың штрегі дейік. Көмір пласы мына жерге барғанда жоғалған. Ал оны іздеуші геологтар бұрғыны мына жерден, мына жерден салыпты. (Оқшау жерден екі реттік сызады.) Бұл қалай? Неге мына жерден былай-былай салмайды? (Алғашқы. екі сызықтың үш жағын бастыра тағы екі рет тік сызады.)
Келдекбай. Бұл жердің көмірі алынған болса, онан әрі жоқтығына көз жеткен болса, бұрғы неге салынады?
Еркін. Үзілген пластың былай жатуы да мүмкін емес пе? (Енді алғашқы екі сызықтың төменгісінің ұшына тиістіре, сәл көлбете төмен қарай сызады.)
Келдекбай (не дерін білмей өтірік мырсылдап). Сен өзің бұрғының қай жерлерге салынғанын білесің бе?
Еркін. Білем, бүгін соны көріп келдім.
Келдекбай. Бұрғы салынған жер мен көмір біткен жердің арасы қанша екенін өлшедің бе?
Еркін. Өлшедім. Ең жақыны жүз метр.
Келдекбай. Жүз метр! (Мырс-мырс Күліп.) Өлшеуішің тым ұзын екен, өз салмағымен сынып кетсе, құр қол қаларсың, қысқарақ ұста.
Еркін (кекетінді үнмен). Сіздің қысқа өлшеуіңіз бойынша қанша?
Келдекбай. (Алтын забойдың қабырғада тұрған жобасын нұсқап). Қанша екенін көріп тұрған жоқсың ба? Міне! Оқы: «бас штрек, ұзыны бір мың төрт жүз тоқсан метр», көрдің бе?
Еркін. Көргенім естігенімнен басқарақ болып тұр.
Келдекбай. Қайсысына сенесің? Көзге ме, құлаққа ма?
Еркін. Өмірімде тұңғыш рет көзден құлақты сенімді көріп тұрмын.
Келдекбай. Міне, адам баласы бұрын көрмеген үлкен жаңалық. Ал құлағың не дейді, бұл бекер дей ме?
Еркін. Иә, бекер дейді. Бас штректің ұзыны бір мың төрт жүз тоқсан емес, бір мың үш жүз жиырма метр яғни жүз жетпіс метр кем дейді.
Келдекбай. Бұл қайда жазулы тұр, аспанда ма?
Еркін. Жоқ, аспанда емес, сол забойдың, түбіне дейін тіреу қойған жүмысшылардың жүрегінде. Ал сіздер (суретті нұсқап) мынандай жалған бірдеңені жарнама етіп, ең көрнекті жерге қаққансыздар, бұл не? Әлде Алтын забойдың, жабылуын мақтан көріп, соны жұрттың бәрі көрсін дейсіздер ме?
Келдекбай. Сен, жігітім, өзің мені кім деп тұрсың?
Еркін. Мынандай жалған мәліметті пропагандалаушы сіздің кім екеніңізді біле алмай тұрмын.
Келдекбай. Құртеке-ау, мынау не деп тұр? Мені жау деуден де тайынатын емес қой мынауың.
Еркін. Бұл үйдегінің бәрі шахткомның ісі, бұған жауап беретін сіз.
Келдекбай. Шахта бастығы жолдас! Естіп отырсыз ба? Ойлай берсе, мемлекет қаржысын шашудың жолы оп-оңай-ақ табыла береді екен-ау.
Құрттымбет. Жоқ, ондай алдауға аңқаулар ғана түседі.
Келдекбай. Егер кен зерттеу басқармасының, басында отырған топас біреу болса, қаншама қаржының шашылғалы тұрғанын байқайсыз ба? (Егорина мен Данилов келіп есік алдына тұра алады.)
Құрттымбет (оларды байқамай сөйлей береді). Жолдастар, мен ертеңгі оннан бүгінгі бесті қымбат керетін адаммын. Маған жоғалған көмірді тауып бермей-ақ, бар көмірдің өзін толық алып берші, алдымен соның жолын тапшы.
Егорина (жайдары жүзбен). Оның жолы табылған жоқ па?
Құрттымбет. А, Зоя Сергеевна! Сіз де келдіңіз бе? Келдекбайды мат қалдырғалы келіп едім, көрдіңіз бе, мынау екеуің көмірді кесе-көлденең тартып аппетитімді қайтарып тастағанын.
Егорина. Сіз жаңа ғана көмірдің кеп өндірілуін тілеп отырған жоқ па едіңіз?
Құрттымбет. Жаңа ғана емес, күндіз-түні тілейтінім сол.
Егорина. Онда көмірді кесе-көлденең тартқанда аппетитіңіз неге қайтады?
Данилов (өтірік күліп). Miне, мат болғанның үлкені,
Келдекбай. Күтпеген жерден жақсы келдіңіздер. Жол-жөнекей болса да бір мәселені шешіп алайық, отыра қалыңыздаршы. (Столға жақындайды.)
Егорина. Не мәселе?
Келдекбай. Сіз Серғазин жолдастың баяндамасымен таныссыз ба?
Егорина. Таныспын, сіз ше?
Данилов. Мен де таныстым.
Егорина. Ал, сіз?
Құрттымбет. Мен-бәріңізден бұрын танысқанмын.
Егорина. Иә, сіз не айтпақшы едіңіз?
Келдекбай. Ешқандай күмән жоқ, бұл көп этажды. лава ашу деген идея — біздің совет инженерлерінің ғана ойынан туатын тамаша идея. Амал не, соның жетер жолы табылмай тұр. Жаңа келген жас инженерімізді ертең жұрт алдында сынап, тауын шағылдырмас үшін осындай оңашада кеңес бергеніміз жөн ғой деймін.
Егорина. Өте жөн. Отырыңыздар. Еркін, кел бері.
Еркін. Келдекеңнің дауым ертең сол кептің алдында бір-ақ тыңдағым келіп тұр.
Егорина (жақтырмаған түрде). Ол қандай паңдық?
Еркін. Паңдық емес, келісе алмайтынымызды сезіп тұрмын.
Егорина. Келіспейтін түк те жоқ. Келдеке, айта беріңіз.
Келдекбай. Серғазин жолдас өзінің бұл ғылыми баяндамасында лава системасына көшудің үлкен құралының бірі етіп темір труба дегенді тауыпты. Мұнысы, біздің ағашқа зәру екенімізді, мыңдаған километр жерден мұнша кеп ағашты жеткізу мүмкін емес екенін ескергендегісі. Әрине, ол ескерілетін өте үлкен мәселе. Бірақ капиталистік елдердің жаратпай тастаған шірік дүниесін жаңалық көруі, ен сыпайы айтқанда, балалық.
Еркін (енді ғана жақындап). Болдыңыз ба?
Егорина (оны қабақ қағыспен тоқтатып). Келдеке, капиталистер адам баласын да шіріген тастанды деп біледі, сізше қалай, біз де солай түсінуіміз керек пе?
Келдекбай (қысылып кібіртіктеп қалады). Мен темір труба туралы ғана айтып отырмын.
Егорина. Серғазин жолдастың ұсынып отырған темір трубасы олардың темір тіреуінен басқа ғой.
Келдекбай. Басқа қандай айырмасы барын мен көре алмадым.
Еркін. Сізше, осы шахтаның бұрынғы иесі Эгенсоннан қазіргі бастығы Саумалбаев жолдастың айырмасы бар ма?
Құрттымбет. Ау, құрметті жолдастар-ау, әлден керіске бармай, келіске келсеңдерші, бұларыңыз не?
Егорина. Бұл жөнінде сіздің ойыңыз қандай?
Құрттымбет. Осы баяндаманы оқып шыққалы, менің ойым табиғатқа қарғыс айтудан басқаға жетпей жүр.
Егорина (күлімсіреп). Қызық жауап. Табиғаттың жазығы не?
Құрттымбет. Табиғат сараң болмай, кемір шыққан жерден темірді де шығарса, біз бұлай отырмас едік.
Егорина. Басқа айтарыңыз жоқ па?
Құрттымбет. Айтарым жоқ, тек Серғазин жолдасқа сұрауым бар. Шырақ, сен маған мынаны айтшы: осы сенің айтып жүрген темір тұрбаң кәдімгі қабат-қабат жерді көтеріп тұратын тіреу ме, жоқ әлде баланың ойыншығы ма?
Еркін. Қабат-қабат тау үйсеңіз де көтере беретін тіреу.
Құрттымбет. Тағы бір сұрау: ағаш пен темірдің қайсысы қымбат?
Еркін. Оны сонау бір есік алдында еңбектеп жүрген баладан сұрасаңыз да болады.
Құрттымбет. Ер жеткені білмегенде еңбектегені қайдан білуші еді... Жолдас партком! Мұндай бос қиялмен уақытты кетірмегеніміз жөн болар.
Егорина (Келдекбайға). Сіздің мұны капиталистердің тастандысы деуден басқа айтарыңыз жоқ па?
Келдекбай. Мен мұнан сол үшін ғана безіп отырғаным жоқ. Біздің шахтаның пласы жұмсақ, жұмсақ пластың әр метр жеріне бес тіреуден керек. Сонда жүз елу метр лаваға қанша тіреу кететінін есептеңіз. Жеті жүз елуден екі қатарына мың бес жүз. Егер төрт учаскемізден төрт лава ашатын болсақ, алты мың труба керек. Бастығымыздың тілегі қабыл болып, көміріміздің арасынан темір шыға қалмаса, мұның мүмкін емес екенін айтпасам да түсінікті, Екіншіден: ұзындығы екі метрге жететін труба жасаймын деу тіпті ауыз бармайтын ерсілік, бұл ешбір елде болған емес.
Егорина. Өзіңіз айтқан жаңағы тастандылардың ұзындығы қанша еді?
Келдекбай. Жетпіс, ең әрі салғанда, сексен сантиметр. Оның да қақ жартысы ағаш.
Егорина. Қалған жартысы?
Келдекбай. Қалған жартысы темір труба.
Еркін. Олардың сол трубаға шым, тезекпен құмды не үшін салатынын да айта кетіңіз. (Келдекбай не дерін білмей аңырып қалады.)
Егорина. Оның қажеті жоқ. Сонымен, сіз лава системасына көшуге болмайды дейсіз, ә!
Келдекбай. Жоқ, мен еш уақытта олай демеймін. Мен тек темір тіреуге ғана қарсымын.
Егорина. Көзіңізді сәл алысқа жіберіңізші. Біз темір трубаның алты мың данасын жасатып алсақ, ағаш тіреудің, алты миллионына төтеп береді екен. Сонда қайсысы пайдалы болады?
Келдекбай. Тіпті солай болған күннің, өзінде де мен мұндай апаты үлкен нәрсеге баруды мақұлдай алмаймын.
Еркін. Ол қандай апат?
Келдекбай. Темірмен тірелген шахтаның жұмысшыларға қандай апат екенін білетін боларсыз.
Еркін. Иә, білемін. Ал сіздерше ағаш тіреудің пайдасы қандай? Бір жылдың өзінде шахтаны әлденеше рет құлатқан жоқсыздар ма?
Келдекбай. Ағаш тіреудің пайдасы сол: салмақ күшейген кезде қатты сытырлап, қауіп төнгенін жүмысшыларға білдіре алады. Ал, темір тіреуде бұл қасиет жоқ. Сытырламай бірден құлайды да, жұмысшыларды қаусатып салады.
Егорина. Меніңше, Еркіннің жаңалығы да, табысы да дәл осы арада.
Келдекбай. Көре алмай тұрмын.
Егорина. Шым тезегі де, құмы да, беліне байлаған темір құрсауы да жоқ, тек екі басына екі тұтамдай қатты ағаш қағылған трубаны көзіңіздің алдына келтірсеңіз, бәрін де көресіз. Салмақ күшейіп, қауіп төнген кезде, керекті дыбысты сол екі тұтамдай ағаштан естисіз. Мен инженер емеспін. Еркіннің бұл еңбегінен түсінгенім осы. Данил Давидович, сіздің айтарыңыз жоқ па?
Келдекбай. Неге болмасын, уақытша болса да бас инженер емес пе, сөйлеңіз, Данил Давидович.
Данилов. Мен ең алдымен Серғазин жолдастың бұл табысын құттықтауға тиістімін .
Құрттымбет. Құттықтау, құттықтау, қолымыз түгілі ойымыз жетпей жатса да, құттықтай жөнелеміз.
Данилов. Жоқ, жолдас Саумалбаев! Ойымыз бір-ақ нәрсеге ғана жетпей жатыр, басқасының бәріне Серғазин жолдас жеткізді, бұған қуанбаған жүрек — жүрек емес. (Еркіннің қолын қысады.) Сен кенже тусаң, да тез ер жетіпсің, достым. Есейе бер, тілектеспін.
Құрттымбет. Сіз ойымыз бір-ақ нәрсеге жетпей жатыр дедіңіз ғой, ол не?
Данилов. Қиындық біреу ғана емес, төртеу. Оның үшеуін жеңуге болады, ал төртіншісіне көзім жетпейді.
Құрттымбет. Долбарламай, талдап айтыңыз.
Данилов. Талдап айтсам, біріншіден: камера системасы көмір өндірісінің негізгі жолы болып, ғасырлар бойы жасап келеді. Бойға сіңген мұндай ескі дертті емдеу қашанда қиын. Қиын болса да мұны жеңуге болады. Екіншіден: шахтаның ішкі құрылысы осы системаға сәйкес, егер лава системасына көшіретін болсақ, шахта құрылысын өзгертпей болмайды, бұл да оңай емес. Көп уақыт, көп қаржы керек. Бірақ үкіметтің жәрдеміне сүйене отырып, мұны да жеңуге болады.
Құрттымбет. Тілемсектік мұныңыз. Қанша тілемденіп телмірсеңіз де, үкіметтің далада шашылып жатқан қаржысы жоқ.
Данилов. Далада шашылып жатқан көмір де жоқ, оны да ескеріңіз. Үшіншіден: лава дегеніміз ағаштың жұты. Әсіресе, мынандай қабат-қабат лава ашатын біздің, шахта үшін алтыннан қымбат. Бірақ бұл қиындықты да жеңуге болады. Маған алынбайтын қамалдай көрінетін соңғы қиындық — көміріміздің жұмсақтығы. Оны ешбір тіреу ұстап тұра алмай, жұмысшыларды қырып аламыз ба деп қорқамын. (Шалабай жүгіріп келеді.)
Шалабай. Құртеке, Данил! Сіздерді үлкен бастық тез келсін деп жатыр, тез-тез!
Құрттымбет (кетуге ыңғайланып). Зоя Сергеевна, осы мәселені алдымен инженер-техниктердің мәжілісінде қарасақ деймін.
Келдекбай. Мен солай деп жарнаманы есік атаулының бәріне жапсыртып та қойдым.
Егорина. Солай шешкен болсаңыздар, енді несіне айтып тұрсыздар?
Құрттымбет. Келісейік дегеніміз ғой,
Егорина. Мәселені шешкеннен кейін барып келісейік дегеніңіз қызық екен.
Келдекбай. Инженер-техниктердің барлығы да профсоюздың мүшесі болғандықтан, солай етуді мақұл көрген менмін.
Егорина. Бекер мақұл көргенсіз. Оқасы жоқ, бара беріңіздер! (Еркін екеуінен басқасы кетеді. Егорина газеттерді қарай отырып сөйледі.) Иә, Еркін! Хал қалай?
Еркін. Халды сіз әлсіретіп жібердіңіз.
Егорина. Қалайша?
Еркін. Олардың бұл мәселені шахтком мәжілісіне не мақсатпен салғалы отырғанын байқадыңыз ба?
Егорина. Сол сұрауды мен саған бергелі отырмын.
Еркін. Бұлар менің, баяндамама қарсы шахткомның қаулысын салғалы отыр. Менің байқағаным сол.
Егорина. Жалпы жиналыста ма?
Еркін. Иә, сіз жаңа оған бекер деп келістіңіз.
Егорина. Онда мен өте дұрыс істеппін. Өте дұрыс. (Түрегеледі.) Жұмысшылардың талқысына түсуден қорқатын кейбір қорқақтар сондай шағын топтың ортасында батыр болып көрінеді. Сондайларды да, Келдекбайдың аузындағы сөздің кімдікі екенін де сол жиылыста байқай аламыз.
Еркін. Келдекбайдың қай сөзі?
Егорина. Оның жаңағы сөзі өз сөзі емес, бір инженер адамның сөзі екенін байқамадың ба?
Еркін (таңдана қарап). Жоқ!
Егорина. Мұның жақсы емес, жолдас. Жердің сырынан кері адамның сырына көбірек үңілгейсің, ұқтың, ба?
Еркін. Ұқтым!
Шымылдық.
Екінші сурет
Еркін ауыр ойда, перде алдында жалғыз келе жатыр. Соңынан күле қарап Гүлжан келеді, Еркін оны байқамайды.
Еркін. Бұл қалай? Әлде мен шын адасып жүрмін бе?
Гүлжан. Алаң болмаңыз, адасқан жоқсыз,
Еркін. А, Гүлім! Сен анық солай деймісің?
Гүлжан. Басқаша сыйлауым мүмкін емес. (Қолтығынан ұстап.) Жүріңіз.
Еркін. Қайда?
Гүлжан. Біздің үй апаң екеуіңді қонаққа шақырыпты.
Еркін. Қонаққа!
Гүлжан. Оның сіз таң қалатындай несі бар, бұрын барып көрмеген үйіңіз бе еді?
Еркін. Бүгінгі сөзінен кейін Құртекеңнің мұнысы мас кісінің төбелесе жүріп сүйіскеніне ұқсап тұр.
Гүлжан. Сондай бейшараның сөзін елеудің өзі ұят емес пе? Өтінемін, көңілге қаяу түсірмей, жүріңіз.
Еркін. Олай десең амалым бар ма. (Кете бере тоқтап.) Бірақ сен бейшаралықты жақсы тани біл! (Егорина келе жатады.)
Егорина. О, біздің бойжеткеніміз бен бозбаламыз саяхатта жүр ғой тіптен.
Еркін. Адасқан адамның саяхатта несі бар?
Егорина. Кейбір жолдастардың: «Мұның адасу» деген сөзі жаныңа батқан екен, ә?
Еркін. Екеуіңізден басқа бірде-біреуінің қолдамауы бетімді қатты қайтарды.
Гүлжан. Неге, Данил Давидович қолдады ғой.
Еркін. Олай қолдағанынан орға құлатқанның өзі жақсы еді.
Егорина. Уақа емес. (Екеуін екі қолтығынан алып жүре сөйлейді.) Бүгін бірі қолдамаса, ертең бәрі де қолдайды. Қолдатамыз! (Бұлар кетеді. Перде ақырын жылжып ашыла бастайды.)
Құрттымбеттың үйінің бау-бақшаға қараған жақ алды. Сахна төріндес ол үйдің үлкен терезесі. Сол жақ шетте беседка. Перде ашылғанда сол терезеден стол басында гуілдесіп отырған бір топ адам көрінеді. Терезеге қарама-қарсы отырған Құрттымбет.
Құрттымбет. Құрметті, Данил Давидович! Құрметті, Еркінжан! Екеуіңе де айтарым: біріңсіз біріңнің күнің жоқ. Екеуіңсіз шахтаның күні жоқ, шахтасыз менің күнім жоқ. Сондықтан, сіздердің сәл нәрседен ренжісін, жаңағыдай керіске баруларыңыз ұят. Мұнан былай ондай кірбең қабақтық болмасын, сол үшін бір тамшы қалдырмастан алып жіберіңіздер!
Данилов. Мұндай адал тілектен шыққан асыл сөзге бас ие тұрып, мен бұл тосты Еркіннің ғана денсаулығы үшін, оның (салмақпен) ойымыздағыдай болып шығуы үшін көтеремін. (Ішіп жатады. Аздан соң Шалабайдың даусы естіледі.)
Шалабай. Оллаһи, енді мен құсамын, басымның сақинасы бар. Өзім құлағалы отырмын.
Құрттымбет. Құласаң, анда бар. (Үйдегі шам сөнеді.)
Шалабай (келеді). Дүниедегі ең қорлық қатардан қалған ғой. Елдің бәрі бестен, оннан тастап жатқанда сенің бірден артыққа жарамай жаудырап отырғаның. Бар тапқан сылтауын, сақинам бар, құсамын дейсің. Елдің соған сенетін аңқаулығына, тәуба. Әйтпесе, үш-төрт рюмканы қағып жіберсе ғой, Шалабайың шатпақтап, ата-бабасынан бергінің бәрін көйітеді де, ертеңінде паспорты бітеді. Ой, тәңірім-ай, жар бола көр. Олай барсаң— өгіз өледі, бұлай барсаң—арба сынады. Арақ ішем деп сырын сездіріп алса, Шалабай тағы өледі. (Басын көтеріп алып.) Ей, сонда тірі қалатын кім осы?.. Қой, жаңағы жүз грамның өзі де маған қыдыр болып дарыған екен, бүлдірермін, қояйын. (Қайта жатады, аздан соң үйден келе жатқан дыбысты естіп.) Біреу келе жатыр, мас болып аузына келгенін көкитін біреу болғай да. (Жасырынады. Аздан соң үйден Еркін шығады. Ол ауыр ойға түсіп, алысқа қарап тұрған кезде, соңынан Гүлжан келеді.)
Гүлжан. Сіз неге кетіп қалдыңыз?
Еркін. Гүлім-ай, мүлдем безіп кетсін демесең, тойыңды тездетші.
Гүлжан. Біздің өміріміз күнде той емес пе, сонша неге асықтыңыз?
Еркін. Алдымда тұрған арман көп, асықпасыма болатын емес.
Шалабай (өзіне). Еһе, мына екеуінің құпия тойы алдақашан тарқапты ғой.
Гүлжан (қолын Еркіннің иығына салып). Бір тілек тілесем бересіз бе?
Еркін. Алдымен менің тілегімді бер.
Гүлжан. Бердім.
Еркін. Онда мен де бердім.
Гүлжан. Берсеңіз, көкеме жаңағыдай сөзді ешуақытта айтушы болмаңыз.
Еркін. Егер ондай сөз көкеңнің жүрегіндегі ең қауіпті дерттің емі болса ше?
Гүлжан. Ең қауіпті дерт? Ол не?
Еркін. Менің байқауымша, көкең бұрынғыдай емес, сезімі қасаң тартып, қартайып қалыпты, көп жайды байқамайды. Қазіргі ең үлкен дерт сондай бейқамдық.
Гүлжан. Ол жазылмайтын дерт емес.
Үй жақтан Құрттымбеттің түшкіріп келе жатқан дыбысын естіп, Гүлжан ата жөнеледі.
Шалабай. Қап, қызығына бататын едім, мына пысқырық болғыр қайдан келе қалды?! (Кетеді. Құрттымбет сөйлей кіреді.)
Құрттымбет. Ау, балапаным-ау, мұнда нағып отырсың? Жүр үйге.
Еркін. Қазір барам, жүре беріңіз.
Құрттымбет. Өзің Данил Давидовичтің жаңағы бір сөзін мүлдем ауыр алып қалғаннан саусың ба?
Еркін. Оны ауырлап қайтейін, басқа жүгім де жеңіл емес.
Құрттымбет. Кінә сенде де бар, балам. Сен салғаннан тым қатты кеттің. «Кейбір екіжүзді» деген сөзді соған арнағаныңды мен де сезіп қалдым.
Еркін. Ұят, ұят. (Тұрып кетеді.)
Құрттымбет. Немене ұят?
Еркін. Аппақ басыңызды көрінгенге ие беруіңіз. Ұят.
Құрттымбет. Балапаным-ау, сен түшкірсең де, мен байғұс ярахымалда дей беремін ғой. Соның бәрі бас ию ме? Ол қазір мас, мас кезінде адам не демейді?
Еркін. Ол мас болса да ойындағысын айтты.
Құрттымбет. Ал ойындағысы-ақ болсын, сонда ол қандай сөкет сөз айтты?
Еркін. Сізше, айтқан жоқ па?
Құрттымбет. Балапаным-ау, ол енбектің зая кетуі мүмкін деп, өзіңмен достық кеңесу ретінде айтты ғой.
Еркін. Ол еңбектің зая кететінін айтса, мен кетпейтінін айттым, сіздің мені тыңдағыңыз келмейтіні қалай?
Құрттымбет. Ал, тыңдадым, не істе дейсің?
Еркін. Не істе дейтінімді бүгінгі мәжілісте айттым, оған ниетіңіздің жоғын да көрдім, ендігі айтарым...
Құрттымбет (оның сөзін бөліп). Менің ғана емес, көптің ниеті солай екенін көрген жоқсың ба? Данилов екеуің тілдің майын қанша тамызсаңдар да, жұртшылық лава системасына айтар қатал үкімін айтқан жоқ па?
Еркін. Жоқ, сіздердің бұл жеңістеріңіз бүгіндік қана. Оны ертеңгі болатын партия жиылысынан да, арғы күні болатын жұмысшылардың жиналысынан да көрерсіз.
Құрттымбет. Немене, анық солай ете қалсаңдар мені қарсы болады ғой дейсің бе? Қайта қуанамын мен. (Қолын сермеп.) Оны қой да, жаңағы айтпақ болғаныңды айт.
Еркін. Сізге бар айтарым: өз көзіңізді өзіңіз шұқымаңыз.
Құрттымбет. Өз көзін өзі шұқығаны қалай?
Еркін. Сіз бір кезде осы өндірісті көзіңіздің қарашығындай қорғасқан жоқ па едіңіз? Естігенім қате болмаса солай сияқты еді.
Құрттымбет. Иә, қорғастым. Он жетінші жылы Эгенсонның жалдап алған бандыларын, ақ пен алаштың бандыларына қосақтап тұрып, шекараға дейін қуыстым. Сол жолда оққа да ұшып, қанымды да төктім. Елдің бәріне баяғыдан белгілі жайды сен не үшін айтып отырсың?
Еркін. Соның бәрі есіңізден шығып кетіпті, сондықтан айтып отырмын.
Құрттымбет. Мүмкін, мүмкін. Онан бері де ондай шайқастың талайын бастан өткіздік, қайсыбірін есте сақтарсың.
Еркін. Есіңізге өткенді емес, сол Эгенсон сияқтылармен болатын алдағы шайқасты сақтаңыз. Олар сізді, сіздің еліңізді құлдыққа тағы да салғалы жанталасып жатқанын ескеріңіз!
Құрттымбет. Эгенсондар ма?!
Еркін. Бәрі де. Қазақ халқының өткен тарихына көз жіберсеңіз, ежелгі жауымыз сол Эгенсондар екенін көресіз. Сол ағылшындар бүкіл дүние жүзіне қанды тырнағын жүз жылдан бері созып келеді. Олардың екінші Индия етіп алғысы кеп, жүз жыл бойы көксеген елінің бірі — Қазақстан. Оны сіз жақсы білуіңіз керек.
Құрттымбет. Е, біз онда басты жауымыз фашистер деп босқа даурығып жүр екенбіз ғой. Солай ма?
Еркін. Фашистер мен империалисттер бір самұрықтың екі басы. Екіншіден, отты басқаның қолымен көсейтін олардың ежелгі әдеті. Герман мен япон фашистерін бізге қарсы айтақтап соғыс ашқалы отырған да солар.
Құрттымбет. Бұл бір жаңалық екен. Тереңірек ойланбасақ, болмас.
Еркін. Сәл кешігіп бейқам қалыпсыз. Оның үстіне, шахта жұмысымен жөнді таныс емес сияқтысыз, сондықтан кейбір мәселелерде алданып жүруіңіз мүмкін.
Құрттымбет. Соңғы сөзіңнің жаны бар. Амал не, партия айтқан соң тырп ете алмайсың. Бір күні обком шақырып алды да: «Жолдас Саумалбаев! Ағылшындардан өзің құтқарған шахтаның қожасы енді өзің бол» деді. «Ойбай-ау, менің ондай мамандығым жоқ қой» деп бажылдап көріп едім, «Нечего, көмектесеміз» деді. Miне, сол нечегоның ақыры, өзіңнің балаңнан да ауыр сөз естуге жеткізді.
Еркін. Мен сіз ренжитіндей сөз айтқан жоқпын ғой.
Құрттымбет. Ренжу емес, қорқып отырмын. Жер астының сыры өзінің қыртысы секілді қатпар-қатпар, залымдардың қай қатпардан келіп қанжар салатынын кім білсін. Жаулар көбейгелі зәре жоқ. Мен жасарымды жасадым, сен сақ бол, балам. Жөні келсе, осы шахтасы құрғырды тастап, басқа бір тәуір қызметке ауысқаның жөн болар еді.
Еркін. Партия қайда бар десе, сонда бара беремін де.
Құрттымбет. Саған бір тәуір қызметті кім бермес дейсің. Құдайға шүкір, білімің тресті басқаруға да жетеді.
Еркін. Білімім Алтын забойдың сырын ашуға жетсе, партия да риза, өзім де риза. (Аз үнсіз.) Бұған сіз не дейсіз?
Құрттымбет. Не жөнінде?
Еркін. Алтын забойдың жоғалған пластың тауып қайта ашу жөнінде.
Құрттымбет. Бірінен соң бірін кесе көлденең тарта беруді қойсаңшы, бала. Алтын забой үшін біз де аз сабылған жоқпыз. Зерттеуді жердің астынан біз жүргізсек, үстінен бірнеше бұрғы салып геологтар да жүргізді. Тіпті ол үшін Москвадан арнаулы инженерлер де келіп, бір ай тексерді. Олардың тексере келе, түк шықпайды, бұдан былай бұған әуре болмаңыздар деп акт жасап кеткенін өзің келген күні-ақ айтқанмын. Қайта-қайта езе берудің керегі не?
Еркін. Онда сіз мына бір сұрауға жауап бере қойыңыз. Зерттеу бұрғысының забойдан алыс салынуы неліктен? Кім осыны істеген? Сіздер ме, жоқ әлде кен іздеу Басқармасы ма?
Құрттымбет. Забойдан алыс салынған деп кім айтады?
Еркін. Мен айтамын.
Құрттымбет. Бала, байқа! Сенің кешегі Гаршин сияқты зиянкестермен қандай дос екеніңді білмейтін ешкім жоқ. Cay басыңа сақина тілеп алып жүрме. Ол да қамқорымсынып «Алтын забой, Алтын забой» деп көкитін.
Еркін. Анық солай десе, Гаршин адал екен.
Құрттымбет. Масқара-ау, не деп отырсың?
Еркін. Мен өзімнің адалдығыма сенемін. Сондықтан ойы ойыммен үйлескен Гаршинды адал көріп отырмын.
Құрттымбет. Шырағым, мына сөзің басыңды жұтатын сөз. Менен басқа жан ести көрмесін.
Еркін. Ести берсін, қай жерде, кімнің алдында болса да айтарым осы. Шахтамыз ескі Күйінде қалса қалар, Алтын забой қайта зерттелмей қалмайды.
Құрттымбет (қайта құбылып). Балапаным-ау, өзің ойлашы! Мен ғой Гүлжанды айым десем, сені күнім деймін. Осыған сенесің бе өзің?
Еркін. Сенбесем, сізбен ақылдасар ма едім, әрине, сенем.
Құрттымбет. Ендеше, ойлануың керек. Мен осында бес жылдан бері ойнап жүргенім жоқ. Сендей оқыған болмасам да, осы шахтаның қарқынын бес жылдан бері бір бәсеңдетпей жылдан-жылға өрлетіп ең алда келемін. Сенің әлі опытың аз. Опыты аздық оқпа түсіруі мүмкін, сүрінбейтін тұяқ жоқ, соны ойла!
Еркін. Мені кітаптан басқа көргені жоқ деп сіз де ойламаңыз.
Құрттымбет. Өзін, сірә, менен басқа ешкіммен ақылдасып көрдің бе?
Еркін. Жоқ.
Құрттымбет. Анық жоқ қой.
Еркін. Не үшін ежіктей қалдыңыз?
Құрттымбет. Жай әншейін, біреулер арамызды ашу үшін жел берген секілді.
Еркін. Біреудің жетегінде жүретін мал емеспін.
Құрттымбет. Балам, мен сені бүгін тани алмай отырмын. Әр сөзің қорғасындай зілді, бұл қалай? Дүние астаң-кестең болса да мәнісін ашық айтшы. (Данилов келеді.)
Данилов. Сіздер қызу әңгімеге кіріскен екенсіздер, бөгет болған жоқпын ба?
Құрттымбет. Жоқ, келе беріңіз.
Данилов. Ең олжалы мен болдым-ау деймін. Басымды суық сумен жуып едім, сергіп сала бердім.
Құрттымбет. Данил Давидович, сергісеңіз енді айтайын. Менің мына балам Алтын забойды әлі де зерттей түссек дейді. Бұл ойын мен де теріс дей алмай отырмын.
Данилов. Е, үнемі қорқа бермей сіз де осылай бір батыл қимылдасаңызшы.
Гүлжан (есік алдына шығып). Еркін, сізді телефонға шақырады.
Еркін (жақындап барып). Ол кім?
Гүлжан. Ол мен. Бері жүріңіз. (Қолынан тартып үйге әкетеді. Оңаша қалған Данилов пен Құрттымбет ұрлана сөйлеседі. Сырт көзді алдау үшін екеуі де ауық-ауық өтірік қарқындап қояды.)
Құрттымбет. Егорина осында келгелі біздің ізімізге түсіп жүр деп пе едім, демеп ие едім?
Данилов (ызалы). Дегенсіз, дегенсіз. Тез айтыңызшы айтарыңызды.. ха, ха, ха...
Құрттымбет. Десем, сол сұлу бикеш түбімізге жетті. (Бұл да өтірік Күліп). Ха, ха, ха. Ол бұл мәселені алдымен партия жиналысына, онан кейін жұмысшылардың ортасына салмақ көрінеді. Бұл — аянбай алысуға бекінгеннің белгісі.
Данилов. Қайсысын салмақ?
Құрттымбет. Тіпті екеуін де салуы мүмкін. Егер солай ете қалса, сөз жоқ, бірінен болмаса, бірінен ұтыламыз. Сондықтан, бетін біреуіне қарай аударып жіберіп, алдан тосудан басқа жол жоқ.
Данилов. Сонда сіз бұлардың бетін Алтын забойға аударып жіберсек дейсіз бе?
Құрттымбет. Екінің бірі.
Данилов (сәл ойланып). Осынау сұлу бикешті алғаш көргенде-ақ жүрегім дір ете қалып еді...
Құрттымбет. Иә, әсіресе, көзі өткір, кеудеңді ақтарып, жүрегіңді тінтіп тұрғандай болады. Жаңағыны Алтын забойға қадалтып қойған да сол сұлу.
Данилов (аз ойланып). Мұны камераға да өшіктіріп қойған сол. Жаңағы бетіңіз дұрыс, енді мұның ыңғайымен жүріп, шалудан басқа жол қалған жоқ. Тек шахтаны лава системасына көшіруге көнбеңіз. Оған менің кешегі айтқан төрт түрлі дәлелім жетіп жатыр. Соның әрқайсысын асу бермейтін бір-бір асқар бел етіп тоса алсаңыз, ешкімнің де батылы бармайды. Үнемі соған шүйілдіре бермес үшін Алтын забойды беріңіз де, адастырып апарып, алдан тосыңыз.
Құрттымбет. Қалай?
Данилов. Ол Келдекбайға берген кешегі сұрауын бүгін маған да берді. Штректің жеткен жері дәл емес дейді. Айта берсін, сол айтқан жеріне бұрынғысын да сала берсін, көмір оның кезеген жерінен де көп бері жатыр, бәрібір таба алмайды.
Құттымбет. Бұрғыны тереңге айдаса, неге таба алмайды?
Данилов. Тереңге жібертпеңіз. Мөлшерлі жерге жақындаған кезде, трестегі достарыңызға сүйене отырып, тежеп тастаңыз.
Құрттымбет. Ал, егер іштен де зерттемек болып, газды қуып шыға қалса?
Данилов. Вентиляцияның ішкі көмейі бекітілген, сондықтан жел жібере алмайды. Жел жібере алмаса, газды да қуа алмайды. Егер өлермендік жасап көмейге жете қалса, ажалы да жетеді. Өйткені Гаршиннің асылып тұрған денесін көреді де, түсіріп алу үшін әрекет етеді. Қозғаса болды, пластқа көмілген дәрі тұтанып, газды қоюландырып жібереді. Ол дәрінің білтесі Гаршиннің аяғына байлаулы екені есіңізде болар..
Құрттымбет. Есімде.
Данилов. Сол үзіліп төмен түскен пластыға кемірді газға айналдырып жіберетін дәрі орнатып, вентиляцияның көмейін бітегенімен қоймай, Гаршинді асып қойған жаудың кім екені де есіңізде болар.
Құрттымбет. Жоқ.
Данилов. Неге жоқ? Тергелетін Күн туа қалса, «осындай жаулығын жасап өлген Гаршиннің өзі» деу беретін жауабыңыз екенін айтқан жоқ па едім?
Құрттымбет. Өзімізді өзіміз алдап қайтеміз.
Данилов. Сізше қалай? Алтын забойда кокс көмірінің мол екенін біліп қойғаны үшін Гаршинді өлтірген біз едік деуіміз керек пе?
Құрттымбет. Дейік мейлі, демейік мейлі, тергеуге бір ілінсек, кеттік мүрдемге. Сондықтан ед дұрысы: қостай жүріп — бүйірден, алдап тосып жүріп — маңдайдан өз қолдарымен ұра беру, басқа жол жоқ.
Данилов. Бүйірден де, маңдайдан да ұрғызбай, тосқанымызға тосылмай аттап етсе?
Құрттымбет. Таптап өтсе етер, аттап өте алмайды. Бір жағынан Келдекбай сияқты алаңғасарларды көбейтіп, өзді-өзін қырқыстырып қоямыз да, екінші жағынан өз амалымызды ептеп істей береміз.
Данилов. Есіңізде болсын. Сіз Келдекбайды ойдағыдай әзірлей алмапсыз, Бүгінгі мәжілісте байқадыңыз ба? Ол Егоринаның жеті сұрауының бір де біреуіне жөнді жауап бере алмай танауын шұқи берді.
Құрттымбет. Сізден ұққанымды ұқтырып бақтым, сөйлейтін сөзін дәл өзіңіздің айтқаныңыздай айтып тұрып өзіне жаздырып та бердім. Ақпа құлақтан ағып кетсе, амалым не?
Данилов. Ақпа құлақ болса да онан айрылмаңыз. Ондай адам өте пайдалы. Сақтықтың бұған да керек екенін өзіңіз де білесіз.
Құрттымбет. Менің сонан аяқты тарта басқым келіп жүр.
Данилов (Еркіннің келе жатқанын сезіп). Ха, ха, ха! Сөйтіп, есер неменің жалғыз сегіздік пен тоғыз алғаны ғой. Мизерь ойнап несі бар деймін-ау.
Еркін. Кешіріңіздер! Сөз сіздікі, Данил Давидович.
Данилов. Мен қалай зерттеуді мақұл дейтініңізді естігелі тұрмын.
Еркін. Ең алдымен бұрғы салып, жоғалған пласты тапқан мақұл деймін.
Данилов (Құрттымбетке). Сіздерде бір мәтел бар еді, қалай еді? «Ер не істемесе бекіспейді» деуші еді?
Құрттымбет. «Ер шекіспей, бекіспейді».
Данилов. Өте ақылды сөз, өте! Міне, біз шекістік те, бекістік. (Еркінге қолын ұсынып.) Табысқа жетуіңе тілектеспін, достым. Тек, мына шалға қаттырақ айтқайсың. Сотталамын деуді қойып, трестің ризалығын тезірек алатын болсын.
Еркін. Анық келістік қой?
Данилов. Менде екі сөз болған емес, болмайды.
Еркін. Онда мынаған да келісейік. Бұрғылар бұрынғы салынған жерінен жүз жетпіс метр бері салынады.
Данилов. Оған да келістік. Тек, көмірдің қаққан қазық емес, қанша тік түскенімен көлбеңкіреп жататынын ескергейсің. Қош!
Еркін. Қош болыңыз.
Құрттымбет. Қайырлы түн. (Данилов кетеді. Еркінге.) Балам, салмақты саған көбірек салып жібердік, байқа, өзіңді де, мені де сүріндіріп алып жүрме.
Еркін. Сүрінбесін, сүріндірмесін десеңіз шахтаны лава системасына салып беріңіз.
Құрттымбет. Сен үмітіңді әлі үзген жоқ па едің?
Еркін. Еш уақытта! (Дәрібек келеді.)
Дәрібек. Е, ағайын, кеш жарық!
Құрттымбет. Кел, Дәрібегім, кел!
Дәрібек. Немене, қойғаның суып бара ма? Еркін, облыстың бір адамы саған келіп кетсін дейді.
Еркін. Қайда?
Дәрібек. Контор да отыр.
Еркін. Ол кім?
Дәрібек. Кім екенін сұрағаным жоқ.
Құрттымбет. Саған Еркіннің мұнда екенін кім айтты.
Дәрібек. Өзім айттым.
Құрттымбет. Сен-ақ тіміскіленесің де жүресің-ау. Кейін барады, жүре бер.
Дәрібек. Ей, прямісін айтқанда, сен кеңседе ғана бастықсың, білдің бе? Текеше бақылдамай жайыңа отыр.
Еркін. Екеуіңіз құрдассыздар ма, қалай осы?
Құрттымбет (өтірік Күліп). Иә, құдайым, мені дүниеге бұл келген жылы келтірген соң, не шара.
Дәрібек. Мүлдем келмей кетсең, қуанар едім, қайтейін. Обалым Саумалбай марқұмға болсын.
Құрттымбет. Балалардың көзінше ауызыңа келгенді шаптасаңшы. Жоғарылатсам да жақпадым-ау саған.
Дәрібек. Қайдағы жоғарылатқан?
Құрттымбет. Данилов айтқан жоқ па? Біз сені төменнен жоғарылату есебінде, Шалабайдың орнына қоятын болғанбыз. Аузыңа келгенді шата бермей, ертеңнен бастап сол жұмысты қолыңа ал. (Дәрібек Еркінге қарайды.)
Еркін. Маған несіне қарайсыз, өзіңіз білесіз де.
Дәрібек (Құрттымбетке жалынғандай болып). Әй, бір жыл туған төл едік қой, өлгенде салған азан, болсын, осы құлығыңның мәнісін айтшы.
Құрттымбет. Жын қаққан ба өзіңді, құлығың не айтып тұрған?
Дәрібек. Көкшолағым-ау, прямісін айтқанда, сенің сырың менің қалтамда ғой. Шалабай түгіл өз орныңды берсең де, менің бармайтынымды білесің, біле тұра не үшін бұлаңдап отырсың? Айтшы соны, нең кетеді?
Құрттымбет. Неге бармайсың?
Дәрібек. Неге барамын?
Құрттымбет. Бармасаң қой.
Еркін. Дәке, кеттік.
Дәрібек. Жиылыста соқтықсам өкпелейді, осындай оңашада мынамен тоқайласып алайын, кідіре тұр. (Құрттымбетке.) Әй, құрдасым! Сендерді жұмысшылардың тілегіне қарсы бір қаулы алды деп естідім, сол рас па?
Құрттымбет. Көзсіз көбелектей килікпейтінің жоқ-ау. Жұмысыңды істеп жайыңмен жүре бермей, қаулыда нең бар сенің?
Дәрібек. Не дейсің? Қарағым, Еркін-ау, мынау не деп отыр?
Еркін. Дәке! Оны кейін сөйлесерміз, жүріңіз.
Құрттымбет. Дейтінім сол: қанша тыраштанғандарыңмен жүмысшыларға менен жақын емессіңдер, білдің бе?
Дәрібек. Сол жұмысшының бірі менмін. Бірақ мен сенен ешқандай жақындықты көре алмай жүрмін, бұл не?
Құрттымбет. Сен менің алға түскенімді көре алмай жүрген күншілдердің, шоқпарысың. Байқа, күншілдік жаулықпен ұштасып жатпасын.
Гүлжан. Көке, сізді телефонға шақырады.
Құрттымбет. Мен соңғы кезде соны сезе бастадым.
Дәрібек. Нені?
Құрттымбет (кете беріп). Жаулық әрекеттерді. Сендердің жаңалық дегендерін жаулардың бетке ұстаған пердесі болуы да мүмкін. Оны да ойлаңдар.
Еркін. Сонда сіз мені де жау демексіз бе?
Құрттымбет. Жоқ, еш уақытта олай демеймін. Екеуің де адал адамсыңдар. Бірақ екеуің де алдауға түсулерің мүмкін! (Кетеді.)
Дәрібек (дауыстап). Өзің түспесең болды, біз үшін қайғырма. (Еркінге.) Бірақ арындап жүріп сенің түсіп қалуың мүмкін.
Еркін. Арындап мен не істеппін?
Дәрібек. Не істемей отырсың? Неге Даниловпен келісіп кейбір жасырын мәселені партияда жоқ адамға айтасың?
Еркін. Қашан?
Дәрібек. Қашан? Осы бүгін.
Еркін. Қай жерде?
Дәрібек. Дәл мынау үйде.
Еркін. Кім айтты?
Дәрібек. Гүлжан айтты.
Еркін. Гүлжан! Кімге?
Дәрібек. Зояға. Сені шақыртқан сол. Жүр, аузыңа қақпақ салып берсін. Кібіртіктеме, ол сен түгіл Құрттымбеттің өзім де құрдай жорғалатады, жүр.
Еркін. Бұл не ғажап! (Гүлжан келеді.)
Гүлжан. Сіз мені шақырдыңыз ба?
Дәрібек. Мен кеттім. Ол кісі кеп күтпейді, кешікпе! (Кетеді.)
Еркін. Сен Зоя Сергеевнаға не дедің?
Гүлжан. Сіздердің жаңағы керістеріңізден басқа ештеңе дегенім жоқ.
Еркін. Ашық айт, ол не сұрады? Сен не дедің?
Гүлжан. Ол түкті де сұраған жоқ, мен үйдегі керістің бәрін де айттым. Бар сұрағаны: «Еркін қызу емес пе?» деді, мен «жоқ» дедім. Екінші бір сұрағаны: «Керіс неден басталды?» деді. Мен: «Еркін бүгінгі мәжілісте кейбіреулердің екі жүзін қабат көрдім» деп еді, Данил Давидович сол сөзге шамданып: «Бұл менің адресіме айтылған сөз, мен мұндай сөзді естіп отыра алмаймын», — деді, керіс осыдан басталды дедім.
Еркін. Ол не деді?
Гүлжан. Ұят, ұят! Ондай қызу қанды жігітті тежемей сен қайда жүрсің деді де, трубканы іліп қойды. Мұндайда мені тыңдамайтыныңызды қайдан білсін.
Еркін. Солай де.
Гүлжан. Немене, сіздердің көшені жаңғырықтырған керістеріңіз де құпия ма еді?
Еркін. Құпия емес, бірақ соны айту саған не үшін керек болды?
Гүлжан. Ондай керісті сізге лайықсыз көрдім.
Еркін. Лайықсыз көргеніңнің бәрін жұртқа жаю керек пе?
Гүлжан. Мен басқа жұрт тұрсын, шешеме де айтқаным жоқ. Айтсам, партияға айттым, партияға айту сізше айып па? (Еркін басын бір иеді де, шыға жөнеледі. Гүлжан соның кеткен жағына шаттана қарап тұрады.) Ақылды жігіт. Қызулығының өзі де сол ақылдылығының жалыны. (Кетеді. Аздан соң Құрттымбет келеді.)
Құрттымбет. Жаңалықтарың жаулықтың бет пердесі деген сөз біздің жаңа бір құралымыз болғалы тұр екен. Осымен біраз жаншып керейін, сонда қайтер екенсіңдер. (Шалабай келеді.)
Шалабай. Құртекесі-ау, Еркіннің ойын байқадыңыз ба? Сізге Күйеу болғалы жүр екен ғой?
Құрттымбет. Оны қайдан білдің?
Шалабай. Жаңа Гүлжан екеуінің әңгімесінен білдім. Алғашқыда тоңдай томырылып ашулы отырған Еркін Гүлжан келген соң, майдай еріп сала берді.
Құрттымбет. Иә, сонан соң?
Шалабай. Бірақ оның ойлағаны болмады. Обалы кәнеки, ол тойды тездетейік деп қанша етпеттесе де: «Асыққаныңыз не?» деп Гүлжан аяғына да отырғызған жоқ.
Құрттымбет (Шалабайдың жағасынан ұстай алады). Не дейсің? Анық өз құлағыңмен солай деп естідің бе?
Шалабай. Анық өз құлағым, өз құлағым, Құртеке! Қоя беріңіз, буынып кеттім.
Құрттымбет (тістеніп). Сен ақсақ, оған қуанасың, ә?! Менің тілегенім: оның алыстауы емес, осылай шырмалуы екенін сен су ми түсінсең бе, ә?! (Қылқындырған Күйі итеріп жібереді.) Отыз жыл бойы оқытсам да сауатыңды бір аша алмай-ақ қойдым-ау. Бар қазақтан тапқан ең сенімді серігім сен болған соң не шара! Не шара!..
Шалабай. Құртекесі, онда қуана беріңіз. Тойдың кешікпей болатын да түрі бар.
Құрттымбет. А, оны қайдан білдің?
Шалабай. Тойды кешіктірсін демесең, көкеме қарсы келуші болма деді Гүлжан.
Құрттымбет (қуанып). Анық па? Анық деші?
Шалабай. Оллаһи, анық. Өтірік айтсам, әкемнің көріне түсейін.
Құрттымбет. Арақ сасыған аузыңнан айналайын-ау, манадан соны айтпайсың ба одан да?!..
Шалабай. Аузымды екінші қайтып ашқанша, кеңірдегімді сүйрей жөнелдіңіз, қалай айтайын.
Құрттымбет. Жүгір! Бұл айтқаның рас болса, тойды ертеңнен қалдырмай жасаймын. Ол жаңа конторға кетті, сен оны шақырған кім екенін біл де, өзін осында ертіп кел. (Шалабай кетеді.) Гүлжан-ай! Ай, Гүлжан! Бері келші, күнім (Гүлжан келеді.) Өмір бойы зарығумен келген әкеңді зарықтырып қоясың ба? Тойларыңды қашан жасайсыңдар бұл?
Гүлжан. Той дегенді мен білмеймін.
Құрттымбет. Қой, шырағым, ондай сұмдықты айтпа. Оның шешесі де Гүлімді қолыма бер деп әне келіп отыр. Көзімнің тірісінде қызықтарыңды мен де көрейін, ел де көрсін, тез жасаңдар!
Гүлжан. Көке, бүгінгі керістеріңізден кейін тойды ауызға алуыңыз ерсі көрініп тұр.
Құрттымбет. Мен кіммен керістім, қайта керіскендерді келістірген жоқпын ба?
Гүлжан. Кеш келістірдіңіз.
Құрттымбет. Балапаным-ау, үй-ішінің ондай керісі әке мен бала арасында да бола бермей ме? Қой, ондай сөзді таста, ертең тойларың.
Гүлжан (Құрттымбеттің қасына келіп отырады). Көке, бір тілек тілесем бересіз бе?
Құрттымбет. Тойды менің еркіме бер де, басқасын ала бер.
Гүлжан. Алдымен бір сұрау. Бүгінгі жиналыста да, бүгінгі керістің үстінде де мен сіздің, Еркінді бұрынғыдай сүймейтініңізді байқадым... бұл қалай?
Құрттымбет. Мен бе Еркінді сүймейтін? Мен, осы отырған Құрттымбет пе?
Гүлжан. Иә, сіз. Оның қойып жүрген тілегінің екеуі де халықтың тілегі. Ол екеуінің де жолын тапқан секілді. Егер сүйетін болсаңыз, неге бұған қуанбайсыз? Неге қарсы келе бересіз?
Құрттымбет. Садағаң кетейін, дұрыс байқапсың. Мен оны сынау үшін әдейі солай көріндім. Енді бар билікті қолына бердім де, ертеңнен бастап кіріс дедім.
Гүлжан (қуанып). Анық па?
Құрттымбет. Нанбасаң өзінен сұра.
Гүлжан (құшақтап). Рақмет, көкетай! Енді сіздің тілегіңіз менің де тілегім болсын.
Құрттымбет. Ой, садағаң кетейін... (Гүлжанның бетінен сүйеді де, дауыстап). Әй, Сақыш, Сақышай! Зәуре екеуің мұнда келіңдер! (Зәуре мен Сарқыт келеді.) Ә, Зәуке, кел, кел! Менің әкемнің әкесі мен Серғазының әкесі сонау наймандағы Саурыққа құда болғаннан бері қарай, екі әке бажа болып, Серғазы марқұм екеуіміз бөле болып, жүз жылға жуық үзілмей келген достық ұрпақтарымызға қалатын болды. Осы қайырлы сағаттан бастап, құрметті құдағиымсың. Міне, сіздің балаңыз, міне, бәріміздің де дәнекеріміз.
Зәуре. О, жасаған ұзағынан сүйіндір. (Гүлжанды барып сүйеді.) Әлгі менің құлыным қайда? Ай, Еркін?
Құрттымбет. Ол қазір келеді, сіздер тойға дайындала беріңіздер!
Сарқыт. Осы екі баланы бір кезде кезек тербетісіп едік. Бүгін бұлар біздің жүрегімізді тербетті ғой. Келші, жас кездегіміздей бір құшақтасайық. (Зәуремен құшақтасады. Одан Гүлжанды барып сүйеді.) Жесір жебір күнімде де жетімдікті көрсеткен жоқ едім. Дегеніме жеттім, өмірлі бол, құлынын. (Самарқау Күйде Еркін келеді.)
Құрттымбет. О, қызығым менің, кел, кел! Жақ тілеудің үстіне келдің. Зәуре екеуіміз өмірімізде көрмеген қызығымызды көргелі отырмыз.
Зәуре. Шырағым, ертең тойларың. Құрбы-құрдастарыңды хабарлай бер!
Еркін (біраз ойда тұрады). Мұндай жақсы тілеулеріңізге жан риза. Гүлжан екеуімізді оңаша қалдырыңыздаршы.
Құрттымбет. О да жөн, жүр, Зәуке. (Гүлжаннан басқасы кетеді.)
Еркін. Гүлім! Екеуіміз кішкентай күнімізден интернатта бірге өсіп, бала кезімізде армандарымызды айтысушы едік. Мен мойныма мылтық салған милиция болуды, сен өзімізді оқытқан Надежда Нефедовна секілді оқытушы болуды арман етуші едің.
Гүлжан (сезіктене қарап). Өкінішіңіз бар ма, қалай өзі?
Еркін. Алда болмаса, әзір өкініш көргенім жоқ.
Гүлжан. Ендеше, айтарыңызды тура айтпай, не үшін алыстан орағытып тұрсыз?
Еркін. Сен өз жүрегіңе ерік беріп әділін айтшы, маған сенесің бе?
Гүлжан. Сұрауыңызға сұрау берейін, сенбесем сүйер ме едім?
Еркін (қызуланып). Жалған! Сөзің де жалған, өзің де жалған, сүйгенің де жалған. Ұқтың ба?
Гүлжан. Айғайламаңыз. Олай деуге түк дәлеліңіз жоқ.
Еркін. Алдап әкеп масқаралаудан артық қандай дәлел керек еді?!
Гүлжан. Сіз өзіңізді өзіңіз масқаралап тұрсыз, ойланыңыз.
Еркін. Өтінемін деген сөзіңе ойланбай ерсем де, енді ойланып келдім. Сен осынын, бәрін әкеңнің айтуымен істеп отырсың. Жасаңдар тойларыңды мен ертең партбюроға түсетін болдым.
Гүлжан. Партбюроның тәртіпке шақыруын сіз масқаралау кересіз бе?
Еркін. Адал жүрегім ағат айтылған сөзіме арашашы бола алмай, достығым қастық болып алдымнан тосып жатып сүрінсем кім болдым. Мұнан артық емес пе?
Гүлжан. Еркін, мен мұны сізден күткен емес едім.
Еркін. Мен де сенен мұны күткем емеспін. Сондықтан, той әзір болмайды.
Гүлжан. Әзір демеңіз, менің сүйгенім мұндай менменсінген Еркін емес, сондықтан ол той мүлдем болмайды. (Кете береді.)
Еркін. Мүлдем болмайды.
Гүлжан. Иә, қош болыңыз. (Кетеді.)
Еркін (әрбір ойда). Әлгі не деп кетті жаным-ау. Азар болса бюро мүшелері ұялтып қызартар, соның несіне күйіне қалдым?
Зәуре мен Құрттымбет келеді.
Құрттымбет. Құдайым-ау, сабынша бұзылып, тағы не болып қалды?
Зәуре. Балам, бәрі сенен.
Еркін. Менен екені рас. Бірақ мен бір себептермен тойды біраз Күн кейін қалдырайық дегеннен басқа түк те айтқаным жоқ.
Құрттымбет. Мәссаған!.. Онан басқа түк айтқаным жоқ. Ал, оған айтпасаң, бізге айт себебін?
Еркін. Себебін айта алмаймын, кейін тойымыз болған күні бәрін айтуға ант етемін, оған сеніңіздер.
Құрттымбет. Кімнің тойында? Өйтіп емексітпей-ақ қой, біз де бірдеңені білеміз.
3әуре. Елді әлекке салып осынша, неге айтпайсың, бол, айт. (Сарқыт кіріп келеді.)
Сарқыт. Шырағым, Еркін-ай, сенен күткенім осылай жерге қарату ма еді? Өзіңе арнаған жүрегін аяққа басқандай, осыншама не жазды балам? Айтшы! Қызымның барлық сыры өзіме мәлім. Сен сырыңды мына екеуіне емес, маған айтшы.
Құрттымбет. Оның несін сұрайсың, барлық сыры белгілі. Зәуре мен менің көптен күткен қызығымызды өшірушінің кім екені де белгілі. Көрермін, балам, алдыңа иілген басты тепкенде, Егоринаның кесегеңді көгерткенін. Тапсырдым әкең Серғазының, аруағына.
3әуре. Солай ма еді? О, сорлы Сарқыт, үмітіміз өшкен екен ғой, онда. (Сарқытты барып құшақтайды.)
Сарқыт. Сабыр етіңізші. (Құрттымбетке.) Ойбай-ау, сормаңдай-ау, не айттың сен?
Құрттымбет. Жөнел!
Еpкін. Сөзіңізге сайма-сай қырсық сөздер қиқулап ауызға келіп қалып еді, бірақ. әзір айта алатын емес па. Ақылға салмай адал адамдарды, әсіресе, партин басшылығында отырған адамға осындай күйе жазуыңыз лайық па? (Қаны қайнап.) Ар қайда?!
Құрттымбет. Ойпырмай, жаным-ай.
3әуре. Құлыным, ақылды едің ғой, қатты сөзге бармашы.
Еркін. Қатты емес, тәтті сөзбен айтайын. Гүлжаннан мені айырса, айыра алатын екі-ақ Құш бар. Оның бірі — мейрімсіз ажал, екіншісі сіз — Құртеке! (Кете береді.)
Құрттымбет. Балапаным-ау, не деп кеттің, мен алжастым ба, әлде, анық мен бе осы?
Еркін. Иә, сіз, сіз! (Кетеді.)
3әуре. Құлыным-ау, тоқтасайшы. (Еркін екеуі кетеді.)
Сарқыт (Құрттымбетке). Бәрі сенен... сенен. (Ол да кетеді.)
Құрттымбет (жан-жағына ұрлана қарап). Күн бұзылды, дауыл тұрды. Ойлан, Құрттымбет, сайлан, Құрттымбет.
Шымылдық.
ЕКІНШІ ПЕРДЕ
ИНТЕРМЕДИЯ
Сахна сыртында көп жұрттың қол соққан дыбысы, әлдекімдердің күлкісі естіледі. Аздан соң бұлан-талан болып Келдекбай келе жатады.
Келдекбай. Өлермін, өлмесем керермін ертең кімге кімнің күлгенін. (Әлім қуып жетеді.)
Әлім. Келдеке-ау, жиылысты жаппай кеткеніңіз қалай?
Келдекбай (жалт бұрылып, тістене сөйлейді). А, жан-жақтан айқайлап, мінбеден қуып түсіргендеріңмен қоймай, енді көшеде мазақ еткілерің келді ме?
Әлім. Мазақ еткен кім?
Келдекбай. Жаулар. Жаулардың алдауына түскен сен сияқты ашық ауыздар. Ашық ауыз болмасаңдар Еркіннің жаңалық деп жүргені шахтаны тоқтатудың айласы, жаулықтың бет пердесі екенін білер едіңдер. Әкел билетті.
Әлім. Мен сіздің билетіңізді алғаным жоқ.
Келдекбай. «Сіздің» деп енді сызыла қалуын. Жиылысқа түсіп керілейін демесең, әкел деймін тез!
Әлім. Себеп?
Келдекбай. Сендей оңбағанға шахткомның саясатына қарсы шыққаннан артық қандай себеп керек. (Құрттымбет келе жатады.)
Әлім. Келдеке! Қалтаңыздағы бар билеттен айырылайын демесеңіз, тіліңізді тарта сөйлеңіз.
Келдекбай. Жоқ қылармын, жоғал енді. (Taп береді.)
Құрттымбет. Тоқта!.. (Әлімге қадалып.) Сөзі түрпідей бұл кім өзі?
Келдекбай. Құртеке-ау, мыналар енді террор жасай бастады ғой.
Құрттымбет. Жә, жә! Тағы мысық секілді шарылдай бермей, тоқтат енді. Біз, шынында, қасаң тартып жастардың алға тартқан ойына түсінбеппіз. Енді бізге осылардың көмекшісі болу ғана қалды, сен соны ескер. Ал, сен бала, алдына келсең,— Келдеке, Келдеке деп, былай шыға бере — келекелеуді таста. (Мұртын насаттана сипап Дәрібек келе жатады. Құрттымбет оны көре сала сырғи жөнеледі.)
Дәрібек. Шахтком жолдас, мойныңды бұра кет!
Келдекбай. Ал, бұрдық.
Дәрібек. Сен кеңірдегіңді босқа керген болып шықтың ғой, неліктен екенін байқадың ба?
Келдекбай. Көрерміз, кімнің кеңірдегі керілгенін. (Кетеді. Егорина мен Еркін келе жатады, соңдарынан Гүлжан, Василий, Сәлима қуып жетеді. Гүлжан бұларға кідірмей өте шығады.)
Егорина. Гүлжан, мына жұрттың саған айтар алғысы бар, соны тыңдай кет.
Гүлжан. Бүгінгі бар алғыс сізге айтылсын, сол маған да жетеді. (Кете бере қайта бұрылып.) Тек кейбір жолдастар ортақ болмасын. (Кетеді. )
Егорина (Еркінге). Кейбіреулер дегені кім екенін білдің бе?
Еркін. Өкпелегені де қызықты.
Егорина. Дәке! Айтысқа түскен балаларыңыздың қайсысына разы болдыңыз?
Дәрібек (мұртын сипай түсіп). Келтелегенім емес, прямісін айтқанда, сен екеуің сөйлеушілердің бәрінен үздік шықтыңдар. Ал, кейінгі жастардан үздік шыққан Гүлжан болды.
Егорина. Дәл байқапсыз, Дәке! Ол бастап беріп еді, комсомолдары тілді де салды.
Еркін. Екеуіңіз де таба алған жоқсыздар. Ең үздік шыққан — Василий, Вася әкеші қолыңды.
Сәлима. Әлім-ау, екеуіміз қайда қалдық, біз де тәуір-ақ айқайлаған жоқ па едік?
Еркін (Әлім екеуін екі құшағына алып). Сен екеуің кімді болса да қағып түсіретін қақпа сөзге шебер екенсіңдер. Әсіресе, Келдекбайды әдемі қақтыңдар.
Әлім. Дәкеңнің столды құлаштай бір ұрғанына тұрмайтын сөзді несіне мақтайсыз. Сол жұдырықтан кейін ғой олардың жүні жығыла бастағаны.
Дәрібек. Аузыңа сөз түспей қалса, көрермін, жұдырық жұмсағаныңды.
Егорина. Дәл таныған сен болдың, Әлім. (Арқасынан қағып.) Жарайсың.
Дәрібек. Қызым-ау, ол мені келекелеп тұр ғой.
Егорина. Келеке емес. Расында, сіз жұдырығыңызды мезгілін тауып көтердіңіз. Сондықтан, ол қасарғандарды қаймықтырып тастады. Бірақ біздің бұл қаулымызды Нарком қолдамаса, шахтамыз осы күйінде қалады.
Еркін. Алаң болмаңыз, олар сөзсіз қолдайды.
Егорина. Онда жеңістен жеңіс қаулай берсін дейік. (Дәрібек пен Еркінді екі жағына алып кете береді. Бұлар алда, жастар соңда «Жаңа жол» әнін айтып кете береді. Ән алыстап барып басылады.)
Шымылдық.
Үшінші сурет
Сахнаның төр жақ шетін ала көлбеу шахтаның шығар аузы, әріректе желдеткіш қоршалған кішкене үйшік. Сол жақ шетте партком секретарының кабинеті. Перде ашылғанда Егорина кабинетте Дәрібекпен кеңесіп отыр. Аздан соң Еркін келеді.
Еркін. Зоя Сергеевна, бізге айтылған өлім үкімін естідіңіз бе?
Егорина (баппен). Өлім үкімі деген не?
Еркін. Қазірден бастап бұрғыны тоқтататын болды, мұнан ауыр өлім бар ма?
Дәрібек. Апыр-ай, не дейсің?
Егорина. Оны мен де естідім. Борис Евгеньевичпен де сөйлестім. Ол кісі трестің бастығымен келісіп тағы екі күн алып берді.
Еркін. Бұл қалай? Мен трестен жаңа ғана шықтым ғой, сіз обкоммен қашан сөйлескен едіңіз?
Егорина. Жаңа ғана.
Еркін. Онда мен Алтын забойға түсемін.
Егорина. Қашан?
Еркін. Бүгін.
Егорина. Бүгін! Қазіргі қауіпті кезінің өзінде ме?
Еркін. Қауіпті болса да амал жоқ. Пластың қай жерден үзілгенін мыналар бұрғыны қайта алып кеткенше білмесек, еңбектің бәрі далаға кеткелі тұр.
Егорина. Пластың қай жерден үзілгенін бұрын білген жоқ па едіңдер?
Еркін. Барып көруге газынан қорқып, қолдағы мәліметтерге сенгендіктің кесірі осының бәрі. Енді көзбен керіп, бұрғының керекті жерден салынбағанын ашып бермесек, масқара болдық. Мұндай масқаралықты көргеннен, сол газға тұншығып өлген жақсы.
Дәрібек. Шырағым, ондай сұмдықты айтпашы.
Егорина. Ол үшін не істеу керек?
Еркін. Ол үшін забойды газдан тазартып, штректі өлшеуіміз керек те, пласт қай жерден үзілсе, бұрғыны сол тұстан қайта салуымыз керек.
Егорина. Егер қазіргі бұрғылар сенің ойлаған жеріңнен салынған болса?
Еркін. Мүмкін емес.
Егорина (сәл ойланып). Ол забойда метан газы бар, оны қайтесің?
Еркін. Бар қауіп вентиляцияның ішкі көмейі. Сондықтан лабойға желді бір жіберсек болды, басқасынан жоқ.
Егорина. Сол көмейге жету ғой ең қиыны. Ойлан әлі де. Дәке, сіз не дейсіз?
Дәрібек. Мен айтсам, прямісін . бір-ақ айтамын, тәуекел етпеске амал жоқ, қызым. Еркінді өзім бастап барамын, рұқсатыңды бере бер.
Еркін. Дәрекем жүрген жерде ешқандай пәле жүрмейді. Өтінемін, Зоя Сергеевна, қорықпаңыз.
Егорина (сәл ойланып). Ал, Дәке! Шахтаны Еркінге, Еркінді сізге тапсырдым. Осы жұмыс сіздің инициативаңызбен қолға алынған еді, өзіңіз аяқтап шығыңыздар. Дәке, сіз тез әзірленіпті, (Еркін мен Дәрібек кетеді). Аздан соң, почта тасушы келіп газет, журналдар беріп кетеді. Егорина қол қойып алған бір пакетті ашып оқып шығады да, шаттана түрегеледі. Міне, тамаша! (Ол телефонға қол соза берген кезде, жүгіре басып Құрттымбет пен Келдекбай келе жатады)
Келдекбай. Осылай боларын мен сонда-ақ білгенмен, мен сонда-ақ айтқанмын. (Екеуі кабинетке кіреді)
Құрттымбет. Қарағым Зоя-ай, не болдық? Еркін екеуіңе сенгендегі жеткенім осы ма? (Креслоға отыра кетеді.)
Егорина. Не боп қалды?
Келдекбай. Не боп қалды, өздері білмейтін, білгеннің тілін алмайтын, арманы көп, дәрмені жоқтарға ерген адам қандай болса, біз де сондай болдық қой.
Егорина. Түсінбедім, ашығырақ айтыңызшы.
Келдекбай. Ашық айтсам, бәрімізді адастырдыңыз. Ол — ол ма қайсыбірімізді айдататын болдыңыз.
Егорина. Айдайтын кім, айдалатын кім?
Келдекбай. Айдайтын әділ заң, айдалатын Серғазының Еркіні мен оған жел берушілер.
Егорина. Не үшін! (Құрттымбет сөйлегісі келеді. Келдекбай сөз бермейді.)
Келдекбай. Қоя тұр, Құртеке, қоя тұрыңыз. (Егоринаға.) Не үшін дейсіз бе? Біріншіден, шахтаны лава системасына көшіремін деп жұмысшылардың арасына іріткі салғаны үшін, болмайтын іске бола жұмысшылардың арасына ipiткі қарсы қойғаны үшін. Екіншіден, алдақашан адыра қалған Алтын забойда көмір бар деп мемлекеттің қаншама қаржысын, ондаған геологтердің еңбегін екі айдан бері далаға жібергені үшін.
Егорина (Құрттымбетке). Сіздің де айтарыңыз осы ма?
Келдекбай. Бұл кісінің өзі де сүңгіп кете жаздады.
Егорина. Қайда?
Келдекбай. Қараңғы үйге.
Құрттымбет. Қарағым, Зоя-ay. Осының бірде-біріне менің қатысым бар ма? Бұл жұмыс мен демалыста жүрген кезде, бұдан екі ай бұрын басталған жоқ па еді?
Егорина. Сіздің қатысыңыз бар деуші кім?
Құрттымбет. Кім дері жоқ, бәрі де. Бәрінін де айтары: Серғазинді біз білмейміз. Ол уақытша отырған адам. Шахтының бастығы да, жауап беретін де сенсің деген бір-ақ сөз.
Келдекбай. Мен тіпті, бұл кісіні қазір қаматып қояды екен деп қалдым.
Егорина. Сіздерше, шахта лава системасына кешпей, Алтын забой зерттелмей қалады, солай ма?
Келдекбай. Нақ солай. Әлгі біздің уақытша бастық қайда? Тоқтаттырсын бұрғыны. (Телефонға ұмтылады.)
Егорина. «Нақ солай» емес, былай. Қашан Алтын забойдан күдерімізді үзгенше, бұрғы тоқталмайды.
Келдекбай. Кім айтады деп?
Егорина. Маған сенбесеңіздер, трестен сұраңыздар.
Құрттымбет (телефон трубкасын алып). Коммутатор. Маған трест бастығын бер! (Егоринаға.) Сізге айтқан сол кісі ме?
Егорина. Маған айтқан Обком секретарьі Петров.
Құрттымбет. Аркадий Аркадьевич, тағы да мен ғой. Иә, Саумалбаев! Немене, сіз жаңағы бұйрығыңызды бұзғансыз ба? Иә, сол жайында. Екі Күн. Онда бұл екі күннің жауапкершілігін өзіңіз аласыз, рақмет сізге, ала алмаймын. (Трубканы орнына қояды.)
Келдекбай. Не дейді, әлі де екі Күн бұрғыласын дей ме?
Құрттымбет. Солай дейді.
Келдекбай. Онда бұларың зиянкестік деп бізге неге айқайлады,
Егорина. Шын айқайды енді еститін боларсыз.
Келдекбай. Кімнен?
Мәрима. Халықтан!
Келдекбай. Не үшін?
Егорина. Алтын забойды зерттеуге қарсы болғаныңыз үшін.
Келдекбай. Ал, айқайлай беріңдер, мен өмір бойы қарсымын.
Егорина. Бола алмассыз.
Келдекбай. Мен айтқанымнан еш уақытта қайтіп көрген емеспін.
Егорина. Онда мынаны оқыңыз. (Жаңағы хатты ұсынады.)
Келдекбай. Бұл не?
Егорина. Бұл Наркомның бұйрығы.
Келдекбай. Наркомның бұйрығы?
Құрттымбет. Не деген?
Егорина. Шахтаны лава системасына тез көшіріңдер деген.
Құрттымбет. Міне, ғажап! (Келдекбай екеуі хатты іштерінен оқып шығады. Келдекбай не істерін білмей біресе отырады, біресе түрегеледі. Құрттымбет ондай емес тез өзгеріп өтірік қуанған болады.) Зоя Сергеевна! Сіз неткен сабырлы, неткен берік адамсыз. Осындай зор қуаныш кеудеңізге манадан бері қалай сыйды?
Келдекбай. Апыр-ай десеңізші! Зоя Сергеевна, Құртекең дұрыс айтады, шынында, бұл зор қуаныш қой. Міне, көрдіңіз бе? Тіпті шахтаны тірейтін темір трубаны Айқынның заводына жасаттырып беретін болған. Бізді қинаған осы тұрбасы құрғыр еді ғой. Міне, мына жерін оқыңызшы. (Безек қағып Егоринаның екінші жағына шығады.) Міне, көрдіңіз бе?! Қандай ғажап, қандай қуаныш!
Егорина. Маған бұдан гөрі сіз ғажап көрініп тұрсыз.
Келдекбай. Мен бе?
Егорина. Сіздің бұған өмір бойы қарсымын деген сөзіңіз мына құлағыма әлі жетіп те үлгірген жоқ. Бұл қалай?
Келдекбай. Жетпесе, жетпесін. Мүмкін болса, мына құлағыңыздан да суырып тастаңызшы.
Егорина. Мұндай тұрақсыздық партия мүшесіне лайықсыз екенін білесіз бе?
Келдекбaй. Жолдас партком-ау, кімнің тұрақты келмейді, бола алмай сорлайды ғой.
Егорина. Ол неліктен?
Келдекбай (маңдайын жұдырықтап). Ол мынадан, мынадан.
Құрттымбет (көлгірсіп). Зоя Сергеевна! Біз басы жоқ шахткомге қарап қалармыз, тоқта деңіз мынаған.
Келдекбай. Жоқ басы жаңарған шахты кімге қарайсыздар. Енді жұмысшылардың бәрінен сүйінші сұраймын, дұрыс па осым.
Егорина. Дұрыс.
Келдекбай. Кеттім ендеше. (Кетеді.)
Егорина. Ал, қарт, сіздің хәліңіз қалай?
Құрттымбет. Қартыңның хәлі мәз емес-ау. Мына бір баяндама дегенің суми қылып жіберуге айналды.
Егорина. Баяндамаңызбен біз де танысуымыз керек еді, қашан бітіресіз? Қашан жүрмексіз?
Құрттымбет. Баяндама бітуге жақын. Мерзімі дәл көрсетілген телеграмма келген сәтте жүремін.
Егорина. Бүгін-ертең жүрмейсіз ғой?
Құрттымбет. Кесіп айту қиын, оны не үшін сұрадыңыз?
Егорина. Алтын забой мәселесі шешілгенше, кідіре тұрыңыз демекшімін.
Құрттымбет. Ол шешілгенше қашан?
Егорина. Жоқ, ол енді кешікпейді. Еркін бүгін сол забойға түспекші, сонан бір қорытынды шығаруға болады. Кешке келіңіз.
Құрттымбет. Бүгін дейсіз бе?! Сіз оған келіссеңіз — мұныңыз туғалы істемеген қатеңіз болар.
Егорина. Түк те қате емес.
Құрттымбет. Жоқ қате. Ондай қауіпті жерге бару өлімге барумен бірдей. Мен жақсы білемін. Онда метан газы бар, жазым болуы сөзсіз. Айтқаныма көнсе көнді, көнбесе, қақ завшахты, бүгін баруына тыйым саламын.
Егорина. Тыйым салу оңай, бұрын да аз салынған жоқ, енді сол тыйымның өзіне тыю салатын уақыт жетті.
Құрттымбет. Не дейсіз? Мен қандай іске тыю салған екенмін?
Егорина. Сіз ашуға тез кеттіңіз, керісті қояйық. Кешке келіңіз, сонда сөйлесерміз,
Құттымбет. Келе алмаймын.
Егорина. Неге?
Құрттымбет. Баяндамам әлі біткен жоқ, соны
Егорина. Баяндамаңызды толықтыратын мәселе туып қалуы мүмкін, сондықтан осы жұмыс аяқталғанша, ешқайда кетпейсіздер, осы естеріңізде болсын.
Құрттымбет. Кім айтты деп?
Егорина. Мен айтты деп.
Құрттымбет. Біз рұқсатты сізден емес, партия ұйымынан трестен, обкомнан алғанбыз. Партия ұйымының қаулысы бұйрығын трестің бұйрығын, обкомның келісімін Бұзуға сіздің ешбір правоңыз жоқ. Ол бір. Екіншіден, Еркіннің өміріне сіз жауаптысыз. Егер ол бүгін осыдан Жазым болса біз сізді білеміз. Жауап беретін сіз боласыз қашан айтың демеңіз. (Шығып кетеді.)
Егорина (терезе алдына келіп, өтіп бара жатқан Құрттымбет). Менің сізге жаңағы айтқаным партия ұйымның обкоммен де, трестпен де келісіп алған қаулысы екенін ескеріңіз.
Құрттымбет (шошынып). Қашанғы қаулы?
Егорина. Өткен түнгі жиылыстың қаулысы,
Құрттымбет. Ол жиналысқа мен неге қатыспаймын?
Егорина. Баяндама әзірлеуге босағаннан бері тапқызуды азайтқан жоқсыз ба. Ақырғы айтарым:жаңағы сөзіңізді өзіңізге қайыра айтамын. Осы Алтын забойға байланысты мәселенің бәріне де жауапты сіздер, Еркін осы істің үстінде жазым бола қалса, жазалы тағы сіздер. (Гүлжан келе жатып, шетте тұрып қалады, Құрттымбет оны байқамай сөйлей береді.)
Құрттымбет. Кімнің жазалы болатынын көрер Тек сақтаныңыз. Жұрт сізге өсек таңып жүр. Сол Құрт: өзін сүймей, Гүлжанды сүйгені үшін Еркінді өлімі. әдейі жіберіпті деп жүрмесін. (Кете берген кезде жанынан жүгіріп келіп құшақтай алады. Егорина сыртқа шығады.)
Гүлжан. Көке! Кімге не айтып тұрсыз, көке?
Құрттымбет. Е, бақытсыз, балам, айтқаным міне келді. Жүр үйге, жүр.
Гүлжан. Айтқаныңыз келген жоқ, сіз мені де, өзіңізді де тірідей көміп түрсіз, көке! Өтінемін, ағат айтқан бар сөзіңізді қайтып алып, тезінен кешірім сұраңыз.
Құрттымбет. Кешірім сұрайтындай мен не айттым?
Гүлжан. Сіз адам айтпайтын сөз айттыңыз.
Құрттымбет. Қой, балам. Жазығым жұрттың сөзінен сақтандырғаным ба? Оны айып көрсеңіз, кешіріңіз. (Қолын ұсынады. Егорина қолын бермейді.)
Егорина. Барыңыз, кешке партбюроға келіңіз.
Құрттымбет. Келейін, қарағым, келейін. Мен ешуақытта партияның айтқанынан шыққан адам емеспін, барма десең, тіпті Алматыға да бармайын. (Кетеді. Гүлжан ауыр ойда тұрып қалады.)
Егорина (кете бере жалт бұрылып). Гүлжан трубаны әкелдіңдер ме?
Гүлжан (төмен қараған күйі). Машина жібердім, қазір келеді.
Егорина. Сен немене жерге қарап тұрсың?
Гүлжан. Жерден басқа қарарым қалмаса, қайтейін?
Егорина. Неге?
Гүлжан. Біле тұра несіне сұрайсыз?
Егорина. Менің білетінім:сен жүрегі адал, таза жанды адамсың. Сол үшін сүйемін де, қайғыңа Күйінемін. Сен кеше кім едің? Панасыз жетім едің. Кім сонда туған ата-анаңдай пана болған? Кім сені туған анаңдай әлпештеп өсірген? Партия! Басқа ешкім де емес. Рас па осым?
Гүлжан. Бәрі де рас.
Егорина. Ендеше, сенін, «Жерден басқа қарарым қалмаса қайтейін» деуің ұят. Партияның сендей қызы қашан да болсын досына бар шаттығымен мақтана, жауына бар жігерімен қаһарлана қарай алады. Сен осыны ойла да, көзіңді алысқа жібер. Еркіннің Алтын забойға түсетін болғанын естідің. бе?
Гүлжан. Жаңағы бір жан түршігер сөзден сездім.
Егорина. Еркінмен бірге баруға қалайсың? (Гүлжан төмен қарайды.) Сен жерге қарауды таста, жолдас!
Гүлжан (басын көтеріп). Әзірмін.
Егорина. Әзір болсаң, қасына ең сенімді жеті-сегіз комсомолыңды ал да, сағат кешкі тоғызда осында кел.
Гүлжан. Оның. бәрін қайтеміз?
Егорина. Оны дер кезінде айтамын, бар! (Кетедi, кетеді. Аздан соң Данилов келе жатып Құрттымбет қуып жетеді.)
Данилов. Онда ешкімнің көзіне түспей, тезінен үйімізге барыңыз да әзірленіңіз. Әйеліңіз қайда барады, Москвадан молния келді, қазір ұшамын деңіз.
Жүріп кетіңіз. (Құрттымбет кете Данилов Семенге қарсы жүріп.) Қалай, Семен, Семен, машина желдей есетін болды ма?
Семен. Жел емес, бұл сапар оқпен жарысуға да бармын.
Данилов. Бұл сапар жасыл алқаптың киігін құртып қайтпаймыз, бензинді көбірек тие, мә ақша. (Бір бума ақша береді.)
Семен. Бензинді онсыз да аз тиегенім жоқ, мұның қайтемін?
Данилов. Өз бензиніңнің ақшасы да осының ішінде.
Семен. Сіз мені байытатын болдыңыз-ау, Данил Давидович! Бірақ осы байытуыңыз мені биыл бір қатты шошытты.
Данилов. Неге?
Семен. Түнеу күні Гаршин жоғалған кезде, Егоринаның шақырып алып қырағылықты мына құлағымнан да, мына құлағыма да құюы бар емес пе.
Данилов. Сонан кейін?
Семен. Қырағы болуды өзім де жек көрмеуші едім, үйге келе, есікті бекітіп алып тұрып, ал кеп ойланайын. Жатып та, тұрып та, жүріп те ойланайын.
Данилов. Нені, нені?
Семен. Нені болсын, зиянкестерді.
Данилов (өтірік Күліп). Иә, сонымен, ақыры таптыңыз ба?
Семен. Түзде керетінім — көк машина мен екеуіңіз, үйде көретінім өзімнің кемпірім ғана болса, қайдан табайын! Осыларды ойлап жападан-жалғыз жатыр едім, есіме сіздің түнеугі берген ақшаңыздың түсе кеткені. Сол-ақ, екен қайдағы бір партизан ойлардың атойлап түре келмесі бар емес пе! Мұнша көп ақшаны қайдан ала береді? Жарайды, табысы көп-ақ болсын, сонда маған не үшін береді? Мені бір керегіне жаратайын деп жүрген жоқ па екен деген ой жанымды жай тапқызған жоқ, жатқан жерімнен атып тұрып киіне бастадым.
Данилов (өтірік Күлімсіреп, қорыққанын сездірмейді). Иә, иә, сонсоң, сонсоң?
Семен. Ондағы ойым Зояға барып, міне, жолдас партком, менің бар Күдігім осы ғана, мұнан әріге менің қырағылығым жететін емес демек болып жүре беріп едім, біреу келіп есік қақты. Ол өзімнің кемпірім екен, өмірімде онан сыр жасырмайтын әдетім бойынша, қайда не үшін баратынымды айтып едім, оның мені ұстай алып: «Сен осындай опасыз ба едің, Данил Давидович қайырымды адам, сен оның істеген жақсылығына қастық етпексің, мұның опасыздық емес пе?»—дегені. Опасыз деген сөз өзімнің ең жек көретін, өмірімде естімеген сөзім еді, сүйегімнен өтіп кетті, әрі сіздің сол ақшаны берерде: «Біз үшін сіз қаныңызды да төккенсіз, бізге мұндай бақытты өмірді жасап берген сіздерден біздің аярымыз болмайды» деген сөзіңіз есіме түсті де, үлкен ұяттан сақтап қалған кемпіріме алғыс айттым. Бірақ ол дүниеқор адам, мынаның бәріне нәрсе алады да, ертең екеуімізді иекке қалдырады. Сондықтан, бұл ақшаны ала алмаймын.
Давидов (арқасынан қағып). Асыл қартым менің! Біздей таза адамдарға өсектің істер түгі жоқ. Тіпті Егоринаға өзім айтайын. (Сағатына Г.Ш.) Бастық тықыршып отырған болар, жүріңіз. (Енді қайтеді. Аздан соң Қаблет, оған қарсы қолында жартылығы бар Шалабай шығады.)
Қаблет. А, жақсы кездестіңіз-ау, амансыз ба, Гаухаp жеңгей күйлі ме?
Шалабай. Немене, өңешің жыбырлап тұр ма? Енді бір жатқызып жіберейін.
Қаблет. Өңешім емес, қалтам жыбырлап тұр, қашан бересіз бұл?
Шалабай. Біздің Гауһардың көзіндей мөлдіреп алдында мынау тұрғанда ақшаны ауызға алуың ұят емес пе! Қарашы, нағыз московский. Ей, жұдырығыңды неге түйесің?
Қаблет. Кімнің қолына түсерін білмейтін мына тымақты қағып жібергім келіп тұр.
Шалабай. Қағып жібергенше, қалтаңа сұғып жатып, тек, аласыңды әзір сұрама да, Егоринаға менен аландай көрме. Өзі мас күнемдіктен жаңа жөнделіп келе жатқан адамды бұздың деп маған пәле салар. (Жүгіре жөнеледі. Қаблет вентиляцияға қарай кетеді. Осы кезде төр жағында Әлім мен Сәлима етіп бара жатады.)
Әлім. Біздің қаламыз, әсіресе, түнде сұлу көрінеді екен-ау. Қарашы, қандай тамаша.
Сәлима. Ол да белгілі.
Әлім. Аспанға қарашы! Сәулесін біздің қала тартып алғандай, жұлдыздардың түсі өлген балықтың көзі ұқсап кетіпті.
Сәлима. Ол да белгілі.
Әлім (шаршағандай күрсініп). Мұнан жеті жыл бұрын сонау бір ойда ағылшындардың, жалғыз трубасы мен жалғыз қабат екі тас үйінен басқа түк жоқ еді, қаратты! Жеті жылда жеті ғасырды бір-ақ, аттаппыз.
Сәлима. Ол тіпті белгілі.
Әлім. Немене бұл? Ананы айтсам да «белгілі», мынаны айтсам да «белгілі». Басқа сөз Құрып қалған ба?
Сәлима. Ананы да, мынаны да не оймен айтқаның белгілі.
Әлім. Онда белгісізін тыңда! Бері қара, сонау бір жұлдыздың аты Зуһра!
Сәлима (сөзін бөліп). Ертектегі жұлдыз болып кеткен Зуһра қыз ба?
Әлім. Бұл да белгілі болып шықты.
Сәлима. Ол қайсы?
Әлім (оң қолымен құшақтай тұрып). Әне! Сенін көзің секілденіп сонау жарқырап тұр. (Бетіне бетін бірте-бірте жақындата бере сүйіп алады. Оның солай ететінін сезіп әзір тұрған Сәлима жақтан тартып жібереді.)
Сәлима. Онда емес, мұнда тұр.
Әлім (не істерін білмей, жағын сипалап сәл кідіреді де, қайта төсейді). Ұр тағы да.
Сәлима (күле шегіншектеп). Жоқ, енді ұрмаймын.
Әлім. Онда мен сүйемін.
Сәлима. Ұрмаймын да, сүйгізбеймін де. (Гүлжан келе жатады.)
Гүлжан. Жолдастар! Шахтаға. (Әлім мен Сәлима ұялып беттерін баса шахтаға қарай жүгіріп кетеді. Аздан соң бір топ жұмысшылар өлең айтып шахтаға түсіп бара жатады. Солардың кейінгі жағында бір жұмысшымен сөйлесіп Еркін келе жатыр.)
Еркін. Кім болса да, олай қарай аяқ бастырмаңдар!
Жұмысшы. Басшылардың бірі болса да ма?
Еркін. Кім болса да.
Жұмысшы. Құп! (Шахтаға түсіп кетеді. Еркін Гүлжанға бұрылады.)
Еркін. Шаттық ән шырқайтын біздің дәурен, жарқылдап бұрынғыдай күлші, сәулем»,— десем қалай болар екен?
Гүлжан. Онда не болар еді, тентек жігіттер азаяр ма еді?
Еркін. Мені бір кезде тентек еткен де, енді түзу жолға салған да өздерің, әсіресе, Зоя Сергеевна мен сенсің.
Гүлжан. Түзу жолға салған біз емес, партия болар.
Еркін. Иә, партия! Партия мені ескіліктің татынан арылтып алды да, шыңдап әкеп шыңға салды. Алдымда екі биік асу тұр. Сол асулардан бір асып сенімдеріңді ақтасам, арман жоқ, сезесің бе осыны?
Гүлжан. Сеземін де сенемін.
Еркін. Бар сөзің мәңгі жадымда болар, Гүлім, күтші (құшақтай алады. Қолында екі респираторы бар Дәрібек келе жатады.)
Дәрібек (бұларды алыстан көріп). Еһе, мынау майданға аттанғалы тұрғандай-ақ... мұнысы кім? Гүлжан окоп ғой. Қайран жастық-ай.
Гүлжан (оны көріп). Дәкеңді қара!
Еркін (Дәрібектің қасына барады). Көріп алдыңғы ба?
Дәрібек. Көрдім, шырағым.
Гүлжан. Өзің де көрші, бұзылған болып жүрмесін. Жүрегім неге әкетіп барады бұл?
Еркін. Дәкең көрген соң болды, тек сен ешқайда қалма. Мен шыққаннан кейін екеуіміз барып апаршы қуантамыз.
Гүлжан. Жаңа ғана еді ғой, бар сөзіңді жадымда ақтаймын дегенің. Әлден ұмытқаның қалай?
Еркін. Қай сөзді?
Гүлжан. Өзіңмен бірге барамын дедім ғой мен.
Еркін. Гүлім, ондай газы қою, қауіпті жерге әйел адам баруға болмайды.
Гүлжан. Болмаса да барамын.
Еркін. Мен жібертпеймін.
Гүлжан. Зоя Сергеевна айтса, жібертпейтін кім, жібермейтін кім?
Еркін. Саған бар деуші сол кісі ме? Жоқ әлде өзің бе?
Гүлжан. Екеуміздің тілегіміз біреу-ақ. (Осы кезде шахта жақтан Егорина мен бір механик келе жатады. Механиктің қолында телефон жабдықтары бар.)
Егорина (механикке сөйлей кіреді). Уақыт болын қалды, тездетіңіз (механик ішке кіріп телефонды қояды, да, қайта кетеді. Егорина Еркіндерге жақындап.) Сәтті сапар, жолдастар!
Еркін. Бәрімізге де.
Гүлжан. Әрқашан да.
Еркін. Ал, Дәке, тәуекел деп бастаңыз.
Дәрібек. О жасаған, сен де бір жағынан демей көр. (Шахтаға қарай беттейді.)
Еркін (Күліп). Біздің шалдар құдайын алдауды әлі қойған жоқ. (Қолын ұсынып.) Қане, қош бола тұрыңыздар!
Егорина. Сақ бол! Соңдарыңнан бір топ комсомолдар барады. Газ қаупі жойылғаннан кейін штректі өлшеуге соларды пайдаланғайсың.
Еркін. Мақұл, мұндағы телефонда Гүлжан болсын.
Егорина. Телефоннан өзі де кете қоймас. (Еркіндер кетеді.)
Гүлжан. Зоя Сергеевна, манағы уәде қайда?
Егорина. Уәде орынында. Комсомолдарың қайда?
Гүлжан. Шахтаға түсіп кетті.
Егорина. Онда бері жүр. (Екеуі кабинетке кіреді.) Иә, соңғы кездегі хал қандай, Гүлжан!
Гүлжан (Күлімсірей). Мұныңыз сұраудың жаңа түрі екен... (Телефон бөліп кетеді.)
Егорина (телефонда). Мен Егорина.
Қаблет (вентиляциядағы телефонда). Зоя Сергеевна, мен Қаблет Отарбаев қой, шабуылдың қашан басталатынын білейін деп едім.
Егорина. Әзірлігің қандай?
Қаблет. Өте жақсы, Бүгін жер астында дауыл соқтыратын түрім бар.
Егорина. Температураң жоқ па?
Қаблет. Отыз жетіден аспағалы бір ай болды.
Егорина. Байқа, асып кетіп жүрмесін. Сен бүгін үлкен сындасың, сақ бол. Шабуыл кешікпей басталады, бес минуттан кейін дауылыңды соқтыра бер!
Қаблет. Мақұл. (Көрінбей кетеді.)
Егорина (трубканы орнына қойып). Осы Отарбаев қызық жігіт,
Гүлжан. Қызық та, қымбат та жігіт, тек арам.
Егорина. Қазір ол дерттен де айығып келеді. (Телефон шылдырлайды, Егорина тыңдап.) Бұл кім? Иә, Вася не айтпақ едің? Бастап баратын ол не істейтіндеріңді Еркін айтады. Бер трубканы. Соңдарыңнан барады деген комсомолдарым алып шығыпты ғой. Оларды Гүлжанның өзі бастап еді, мен оны жібермей отырмын... Тілегің сол, берілді. (Қане, ана телефонмен сөйлеп байқашы иек қағады.)
Гүлжан. Мен тыңдап тұрмын. Жоқ, нашар естіліп тұр. Ал, жиі хабарлас. Минут сайын! Оның тым кетті... Секунд сайын, бес секунд, он, он бес. Жоқ онан кетуге болмайды. Жарайды, жарты минут. Келістік не?.. Жігіт!.. Әзірше де... Ал жолың болсын. (Егоринаға.) Егорина-ай, мынау неткен ауыр кез еді?
Егорина. А, оны жаңа сездің бе?
Гүлжан. Жаңа сезгенім рас. Ойлап қарасам, ол а жалға қарсы бара жатыр екен ғой.
Егорина. А, солай ма, әділ жүрек өз үкімін айта бастады ма?
Гүлжан. Зоя Сергеевна!..
Егорина. Жарты минутың өтіп кетті.
Гүлжан (телефонда). Еркін, Еркін! Қайдасың? Кетіп барамыз! Қауіпті емес пе? (Кеудесін басып.) Ой, неткен қорқынышты. Әзір қауіп сезілмейді дейді, көңіл жұбату ма кім білсін. (Екінші телефон шылдырлайды.)
Егорина (тыңдап). Иә, а, сізге де қайырлы кеш... иә... иә... мақұл... мақұл... (Трубканы орнына қояды.) Гүлжан, мен шахта маңын бір шолып қайтайын, әкең келсе айт, тоса тұрсын.
Гүлжан. Сіз жаңа маған бірдеңе айтпақ болдыңыз ғой.
Егорина. Ауыр айып тақпақшы едім, құтылып кеттің ол үшін айтар алғысымды тойларыңның үстінде айта мың.
Гүлжан. Тойдың боларын қайдан білдіңіз?
Егорина. Жүрегіңнің дәл қазіргі соғысынан білдім. (Шығып кетеді.)
Гүлжан (әлдене есіне кенет түскендей жүгіріп барып терезені ашады). Зоя Сергеевна! (Сүйгендей болып аузын шөп еткізеді. Егорина күліп, көңілді кете барады. Италияға барып кіреді де, аздан соң қайта шығып шихтаға қарай кетеді.)
Гүлжан (телефон). Айта бер, айта бер, тыңдап отырмын. (Аздан соң үрейлене бастайды.) Не дейсің? Жалынамын, қайтыңдаршы. (Егорина келеді.)
Егорина. Не хабар?
Гүлжан. Хабар сол, Еркіндердің өмірі қатерде, газ күшейіп кетіпті.
Егорина (оның қолындағы трубканы алып). Ерши, даусың неге әлсіз? Сол тұмандай газдың өзінен өрт шығып кетуі мүмкін ғой, қайтсаңдар қайтеді?
Гүлжан. Қайтеді демей, «қайт» деңізші.
Егорина. Еркін, Еркін! Вентиляцияның көмейіне жақындадыңдар ма?
Гүлжан. Ол жақындадық дегелі қашан. (Ерсіл-қарсылы жүріп кетеді.)
Егорина. Еркін, неге үндемейсің? Еркін, Еркін! (Басын ұстап отыра кетеді. Гүлжан не істерін білмей, біресе есікке, біресе Егоринаға жүгіреді, Егорина әлі қақсап отыр.) Еркін, Еркін!
Гүлжан. (Егорина телефонды алып). Коммутатор!
Егорина (қатты). Еркін! Еркін! Жаным-ау барсыңдар ма? Иә, иә, айта бер, айта бер жайынды. Көмейге жеттік, ауа жетті ме? Жігіт! Енді Гүлжаннан сүйінші сұрауға болады ғой.
Гүлжан (Егоринаны құшақтап, сүйіп-сүйіп алады). Маған бере тұрыңызшы...
Егорина. Оны өзін айт, міне, бердім. (Трубканы Гүлжанға береді де, екінші телефонды алады.) Маған вентиляцияны берші. Жолдас Отарбаева Жеңісіңмен құттықтаймын. Айтар алғысымызды қабыл ал да, сақ бол.
Қаблет (вентиляциядағы телефонда). Сенімдеріңізді анық ақтадым ба?
Егорина. Иә, анық ақтадың!
Қаблет. Онда қазір өлсем де, разымын. (Трубканы іледі де, қалтасынан манағы жартылықты суырып алады. Осы кезде ар жақтан Шалабай мен біреу бұғып келе жатады. Қаблет оларды байқамай, өзіне-өзі сөйлеп тұр.) Е, Қаблет! Сен бір кезде маскүнем Қаблет, қарташы Қаблет атанып едің, жұрттың көбі білмейтін тағы бір күнәң бар еді, Шалабайдың тоқалымен көңілдес едің, «Ой, сәулем Гауһар-ау, Гауһар десе Гауһарсың, Шалабай аға қор болған, неткен сорлы пендесің» деп өлең шығардың. Соның бәрі адасқандық еді. Партия сені жасқап беттен қайтарып, адал жолға салды. Қайтпа енді осы бетіңнен, без бәрінен. Шалабайдың ақ тоқалынан да, арағынан да без! (Арақты сахна сыртына қарай лақтырып жібереді.)
Шалабай. Уымды ішпесең, қанжарым бар, ол да кем тимес. (Келіп Қабілеттің ту сыртыңнан қанжар салады да, қасындағысы вентиляцияға кіріп кетеді, вентиляцияның үні өше қалады. Екеуі қанша жөнеледі.)
Гүлжан (телефонда). Сұмдық-ай, не дейсің?!
Егорина. Тағы не боп қалды?
Гүлжан. Гаршиннің өлігін таптық дейді. Мә, өзіңіз сөйлесіңізші.
Егорина (трубканы алып). Еркін! Ол не? Солай ма? Тез алып шығыңдар. Тағы не? Вентиляция тоқтап қалды! Мүмкін емес, анықтап қарашы.
Гүлжан (екінші телефонды ала салып). Коммутатор, вентиляцияны бер. Тез, тез!.. Жауап бермейді!
Егорина. Еркін, не дейсің? Естілмей кетті, қаттырақ айт. Құтқарыңдар! (Гүлжанға.) Құтқарыңдар дейді. Гудок бергіз де.
Гүлжан. Гудок бергіз, гудок! Құтқарушылар, горнеспасатель.
Егорина (трубканы тастай салып). Гүлжан, сен қаламен байланыс, тез, тез! (Асығыс кетеді. Гудок азан-қазан. Сахнаға еркек-әйел аралас, бір топ халық келеді, бәрі де үрейлі, солармен бірге Зәуре келеді. Ең алда Егорина мен Келдекбай.)
Егорина. Келдеке!.. Жүгір вентиляцияға, жүгір! Тез жүргіз. (Келдекбай құстай ұшып кетеді.)
3әуре. Құлыным, Еркінім, жарығым қайдасың? Қайдасың?
Дауыстаp. Сұмдық-ай, не болды екен?
— Шахта құлады ма екен әлде?
— Еркін мен Дәрібек Алтын забойға кетті деп еді, солар жазым болмаса жарар еді!
Егорина. Жолдастар, сабыр етіңдер! Құтқарушылар қайда?
Дауыстар. Жаным, партком-ау, не болды?
— Шахта құлады ма? (Респиратор киген құтқарушылар келеді.)
Егорина (халыққа). Қорықпаңдар, қазір бәрін де құтқарамыз, жолдастар, дайынсыңдар ма?
Құтқарушылар. Дайынбыз.
Егорина. Кеттік. (Құтқарушыларды бастап, шахтаға түсіп кетеді.)
Зәуре (қолын шахта жаңа созып, жығыла ұмтылады). Бауырларым-ау, жұртым-ау... Нендей күйге ұшырадым? күнім менің батқаны ма, шолпаным менің аққуым, қайдасың жалғызым, қайдасың?..
Гүлжан (әлі сол телефонда). Еркін, Еркін! (Жыламсырап.) Еркін! (Оны тастай беріп, екінші телефонды алады.) Коммутатор, коммутатор. Қаланы бер!.. Қала ма?.. Маған жолдас Гавриловтың кабинетін беріңіз... (Гаврилов кіріп келеді.) Бұл кім? Маған Гаврилов жолдастың өзі керек еді. Жоқ? Асығыс керек еді, қайда екенін айтпайсыз ба?
Гаврилов. Мен мұндамын, қызым.
Гүлжан (трубканы тастай сала, теңселе басып Гавриловна ұмтылады). Григорий Константинович! (Жылап жібереді.)
Гаврилов (құшақтай алып). Сабыр, қызым, сабыр ет. (Стаканға су құйып жұтқызады.) Жастардың мұндай нәзік болуы жарамайды.
Гүлжан (алқына отырып сөйлейді). Григорий Константинович, қашып кетті деп жүрген Гаршиніміздің өлігі табылды.
Гаврилов. Солай ма?! Онда осы шахтаның астынан табылған болар.
Гүлжан. Иә!
Гаврилов. Ал, оны өлтірушілер де табылды ма?
Гүлжан. Жоқ әлі табылған жоқ.
Гаврилов. Гаршин осы шахтаның астында өлтірілсе, оны өлтірушілер де осы шахтада ғой, неге таппайсыңдар?
Гүлжан. Табамыз, таппай қоймаймыз.
Гаврилов. Сезікті адамдарың бар ма еді?
Гүлжан. Бар.
Гаврилов. Ол кім?
Гүлжан. Көзім әзір жеткен жоқ жетпесе де, айтуға аузым бармаса да айтайын: Гаршинді өлтірген де, Алтын забойды газбен кемген де, вентиляцияны тоқтатып, Серғазиндерді газбен тұншықтырған да сенің өгей әкең Құрттымбет дейді жүрегім.
Гаврилов. Қашаннан бері?
Гүлжан. Қазір, осы сағатта.
Гаврилов. Сезігің бұрыннан бар ма еді?
Гүлжан. Жоқ еді. Тек, Сергей Миронович жау қолынан қаза тапқан кезде сәл тіксініп қалған едім.
Гаврилов. Неге?
Гүлжан. Неге екенін өзім осы күнге дейін білмеймін. Сол күні оның көзіндегі жастан жүрегіндегі қуанышты көргендей болдым. Мынау қанды уақиға сол күдігіме доп келіп тұр.
Гаврилов. Егорина қайда?
Гүлжан. Серғазиндерді құтқаруға кетті. (Телефонға ұмтылады.)
Гаврилов. Тоқтай тұр. Шахтаның телефоны қайсы? (Телефон шылдырлайды.)
Гүлжан. Осы телефон.
Гаврилов (тыңдап). Иә, жоқ, мен Саумалбаев емеспін. Ол кісі мұнда көрінбейді. Зоя Сергеевна, бұл мен. Сіз немене, қаланы басыңызға көтеріп жатқаныңыз? Білем, білем. Маған тек Серғазиннің жайын айтыңызшы. О, бұларыңыз үлкен жеңіс екен. Онда тез келуіңізді сұраймын. (Трубканы орнына қояды.) Жүр, жаудың кім екенін көрсетейін. (Екеуі сыртқа шығады. Гаврилов Гүлжанды бір қолымен құшақтай түседі). Міне, қызым! Сол кісі өлтіргіштер.
Екі әскери адам Құрттымбет, Данилов, Шалабай, белгісіз біреумен төртеуін айдап келе жатады. Осы кезде шахта жақтан жұрттың қуанышты үні естіледі.
Дауыстар: Еркін, құлыным!
— Бауырларым!
— Дәке, амансыз ба, Дәке! (Егорина мен Еркін бастаған топ ауыр салмақпен жүріп келеді. Бәрінің де отты көздері Құрттымбеттерде).
Келдебай (даурыға сөйлеп жүгіріп келеді). Сүйінші, Құреке, сүйінші... Алтын забой табылды, сүйінші. (Гавриловтарды енді аңғарып). А... а... (безгек болғандай қалшылдайды). Бұл қалай, а?
Дәрібек. Бұл солай. Келдебай мырза, қайламыз қабырғамызды қаусатсын демесең тобыңа тезірек қосыл.
Келдебай (ұшып барып Дәрібектің аяғын құшақтай алады). Жәкетай-ау, жазығым не?
Дәрібек. Жазығың жауыздығың (аяғымен серпіп жібереді). Жоғал қан ішер.
Гаврилов солдаттарына иек қағады. Бір солдат Келдебайды мылтықпен нұқып, апарып, Құрттымбеттер тобына қосады. Гүлжан өзіне жетіп келген Еркіннің құшағына кіре бере жылап жібереді.
Еркін. Жылама, Гүлім. Мен Отаным үшін өзімнің жанымды да, жанымның нұры сені де қиятын санаға жеткен екенмін. Оған көзім бүгін анық жетті. Сен сол үшін мақтан, сол үшін шаттан, Гүлім, күнім (бетінен сүйеді, Құрттымбет қос тізесінен сылық етеді).
Шымылдық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter