Ертегілер ✍️
Ертегілер ✍️
26.01.2022
5775
Бұлт
Шарбы бұлт Қара бұлтқа күн бермеді. Отырса – опақ, тұрса – сопақ.
— Әй, Қара бұлт! Тағы да қабағың түнеріп кетіпті ғой. Жаумақсың ба? Әбден адамдарды ығыр ғып біттің. Өзіңде ұят деген бар ма? Мені қарашы. Қандай сұлумын. Үлпілдек ақ орамал секілдімін. Сен құсап жаумаймын. Адамдардың мазасын алмаймын.
Аспан араша түсті.
— Құр сұлулықтан пайда жоқ. Жердегі адамдарға нан керек. Оған Қара бұлттың еңбегі ұшан-теңіз. Егер жауын боп жаумаса, өсімдіктің бәрі қурап қалады, — деді Аспан.
Шарбы бұлт ойланып қалды. Қара бұлтпен достасуына тура келді.
Назгүл СЕРІКҚАНОВА.
ШҚО, Глубокое ауданы, Глубокое кенті.
бұлт Назгүл СЕРІКҚАНОВА 3-4 жастағы балаларға арналған ертегілер 2-3 жастағы балаларға арналған ертегілер 4-5 жастағы балаларға арналған ертегілер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter