26.01.2022
  578


Автор: Балаларға арналған ертегісі

Нөсер ата

Алеcь КАРЛЮКЕВИЧ – беларусь жазушысы. 1964 жылы Минск облысының Пуховический ауданында өмірге келген. Львовтағы әскери училищенің журналистка факультетін, одан кейін Беларусь Республикасы Президенті жанындағы басқару академиясын оқып бітірген. Журналистикадағы еңбек өтілі 35 жыл. Республиканың түрлі мерзімді баспасөзінде қызмет еткен ол 2017-2020 жылдары Беларусь Республикасының ақпарат министрі қызметін атқарған. Бүгінгі таңда «Звязда» баспа кешенінің директоры әрі бас редакторы.
Балаларға арналған талай көркем кітаптар шығарған А.Карлюкевич көптеген әдеби сыйлықтардың иегері. Оның «Нөсер ата» атты ертегісін назарларыңа ұсынып отырмыз.


Максимка бүгін таңертең балық аулауға екі бірдей қармағын ала кеткен. Енді Лемники деревнясындағы туыстарына баруға жиналып жатыр. Бүгін сәті түсіп,бес балық ұстаған. Кішкентай екі шабақты “Әлі өсе түссін” деп, жібере салды. Әкесі де сөйтетін еді. Қазір әкесінің балық аулаға түк мұршасы жоқ, комбайнмен егін жинау қарбаласында жүр.Бірақ біздің бірінші сыныпты бітірген батырымыз Максимка жиналып үлгірген жоқ. Қалың нөсер аяқ астынан шелектеп құйып берсін. Ол Құмдауыт өзенінің жағасындағы зәулім қызыл талға қарай тұра ұмтылды. Қармақтарын жерге қойып, ағашқа жабысып тұра қалған. Нөсер болса шелектеп құйып тұр, үлкенгдігі қарақаттай бұршақтар да тарсылдай бастаған. Көз көрім жерде бұршақтан сау қалғаны жоқ, өзен беті де жарыса шомпылдап кетті. Аспанда тұтасып алған қара бұлт тіпті жерге жақындап кеткендей. Максимка бәлендей қорқа қойған жоқ, бірақ ертерек қайтпағанына ғана өкініп тұр. Солай істегенде қазір үйде отырар еді әрі үсті-басы да бүйтіп малшынбас еді. Нөсер күшейе түсті. Бұлтты тілгілеген найзағайлар балаға қамсау болып тұрған қызыл талды көздеп келе жатпасын. Максимка болса Құмдауыт өзенінің бұрын-соңды дәл осындай буырқанғанын көрген емес. Ақыры жарық ете қадған жасынның дәл қызыл талға түскені. Бала көзін тарс жұма қойды. Сонан бір кезде жаймендеп кірпіктерін көтерсе, дәл алдында ақсақалды бір қария тұр екен. Тіпті биік дейтін қызыл талдың өзі оның жанында жіп есуге келмей қалды.  Бұл бейтаныстың нөсерден титімдей де қорқатын түрі жоқ. Басын Бұршақты нөсерге басын қасақана төсеп тұрғандай. Не істерін білмей, сасқалақтаған бала арқасымен ағашқа жабысып алыпты. Оны байқап қалған жаңағы шал:Шырағым сен қорықпай-ақ қой, — деді . – Мен бар болғаны Нөсер ата ғанамын. Жауын басылып, күн шығысымен, сен дереу мені ұмытып кетесің. Ал сіз, — деді батылданып кеткен бала, — сіз мына ағашқа, ана өзенге, Біз Марийка дейтін сиырымызды жаятын өріске зиян тигізіп жүрмеймісің? Атай тағы да гүр ете қалып еді, қызыл талдың бұтақтары дірілдеп, жапырақтары шуылдап кетті. Масика қорықанынан дем ала алмай қалды.- Қорықпа, балақан. Мен сияқты кәрі дәу кімді жәбірлемекші? Мен талай зәбір-жапаны көргенмін, талайды қорғап та қалғанмын. Сондықтан сәл тщса тұр, жауын басыла салысымен, өзіңнің Лемикиіңе жүгіре жөнелесің. — Сіз менің деревнямды қайдан білесіз?- Ой, менің білмейтінім жер астында ғой. Жауын атаулыға ілесіп, жер-жаһанды аралап жүр емеспін бе. Адамдар жауын-шашынды, бұлттардың ағыл-тегіл жылағанын тосатын жерлерде алдымен жететін менмін. Керек жерінде адамдарға да, табиғатқа да көмектесіп қоямын, — деп дәу бір сәт ойланып қалды. – Тыңдасаң, айтып берейін тіпті. — Неге тыңдамайын,айта беріңіз, — деп Максимка ынтыға қалды.- аздап уақытым бар екен, ендеше тыңдай ғой… Сен әкең екеуің балық аулауды жақсы көретін мына өзеннің атының Құмдауыт болуы тегін емес. Бұл бүкіл Беларусьтегі осындай жалғыз өзен. Егер осы кішкене өзен болмағанда ана Неман да дария бола алмас еді. Осы жерде шыдамай кеткен Максика алып қарияға дау айтып қалды:Бірақ Неман бұл жерден тым алыста ғой! Біз оған әкем екуіміз мотоцилге мініп барамыз. Мен Құмдауыттың Трошицаға жақын жерден Неманға емес, Мирянкаға құятынын жақсы білемін.Бірақ та сен Загорье селосының жанынан Ушаға құятынын, ал Уша болса өз кезегінде Неманға ағып келетінін, сөйтіп бәрі Балтфық теңізіне құятынын білетін шығарсың.Сонда, — деді бала ойлана қалып, — сонда мына жауынның бір тамшысы да бос кетпей, бәрі теңцзге құяды екен ғой. Иә, балақан, басқаша болуы мүмкін емес. Бәрі бірігіп, бір арнаны құрайды. Табиғат солай жаратылған… Бірақ менің бір ерекше шаруам бар. Құмдауыт – кішкене ғана өзен. Кейбір жердері, әсіресе жоғары жағы батпақты. Сондықтан да басқаларға қарағанда осы өзенге қамқорлық көбірек керек. Әйтпесе оны батпақ басып, тартылып қалуы мүмкін. Сонан кейін оны құм баспағанда қайтеді.- Онда балық та болмайды ғой, — деп Масика жабырқап қалды. — Балық та болмайды, қазіргі сәнінен де айырылып қалады. Ал Мирянкаға, Уша мен Неманға келіп қосылып жататын миллиондаған су тамшылары да сарқылмай ма? Тіпті теңіздің өзі құм алқабына айналуы мүмкін. Сондықтан мен мына бұлттардың артынан Құмдауытқа қарай жүгірмесем болмас. Оны сумен толтыруым керек қой.Тұтасып тұрған қалың бұлт сөгіле берді де, Нөсер ата сол жапсарға сүңгіп жоқ болды.Біраздан соң жарқырап күн де шықты. Оның сәулелері қызыл талды аймалай бастады. Ықтасыннан шыққан Максимка қорғалатқаны үшін кәрі ағашқа алғысын жаудырып, деревнясына қарай бет алды. Енді оның көңіл үйі де көтеріңкі. “Жаууы жауа берсін, мен енді одан сескенбеймін. Қызыл талдың ығында тұра бермеймін бе. Ең бастысы Құмдауыт өзенінің суы ортаймаса екен” деді балықшы балақан.


 


— Ал сіз, — деді батылданып кеткен бала, — сіз мына мына ағашқа, ана өзенге, Біз Марийка дейтін сиырымызды жаятын өріске зиян тигізіп жүрмеймісің?- Ал сіз, — деді батылданып кеткен бала, — сіз мына мына ағашқа, ана өзенге, Біз Марийка дейтін сиырымызды жаятын өріске зиян тигізіп жүрмеймісің?Атай тағы да гүр ете қалып еді, қызыл талдың бұтақтары дірілдеп, жапырақтары шуылдап кетті. Масика қорықанынан дем ала алмай қалды.- Қорықпа, балақан. Мен сияқты кәрі дәу кімді жәбірлемекші? Мен талай зәбір-жапаны көргенмін, талайды қорғап та қалғанмын. Сондықтан сәл тоса тұр, жауын басыла салысымен, өзіңнің Лемикиіңе жүгіре жөнелесің. — Сіз менің деревнямды қайдан білесіз?- Ой, менің білмейтінім жер астында ғой. Жауын атаулыға ілесіп, жер-жаһанды аралап жүр емеспін бе. Адамдар жауын-шашынды, бұлттардың ағыл-тегіл жылағанын тосатын жерлерде алдымен жететін менмін. Керек жерінде адамдарға да, табиғатқа да көмектесіп қоямын, — деп дәу бір сәт ойланып қалды. – Тыңдасаң, айтып берейін тіпті. — Неге тыңдамайын,айта беріңіз, — деп Максимка ынтыға қалды.- аздап уақытым бар екен, ендеше тыңдай ғой… Сен әкең екеуің балық аулауды жақсы көретін мына өзеннің атының Құмдауыт болуы тегін емес. Бұл бүкіл Беларусьтегі осындай жалғыз өзен. Егер осы кішкене өзен болмағанда ана Неман да дария бола алмас еді. Осы жерде шыдамай кеткен Максика алып қарияға дау айтып қалды:Бірақ Неман бұл жерден тым алыста ғой! Біз оған әкем екуіміз мотоцилге мініп барамыз. Мен Құмдауыттың Трошицаға жақын жерден Неманға емес, Мирянкаға құятынын жақсы білемін.Бірақ та сен Загорье селосының жанынан Ушаға құятынын, ал Уша болса өз кезегінде Неманға ағып келетінін, сөйтіп бәрі Балтфық теңізіне құятынын білетін шығарсың.Сонда, — деді бала ойлана қалып, — сонда мына жауынның бір тамшысы да бос кетпей, бәрі теңізге құяды екен ғой. Иә, балақан, басқаша болуы мүмкін емес. Бәрі бірігіп, бір арнаны құрайды. Табиғат солай жаратылған… Бірақ менің бір ерекше шаруам бар. Құмдауыт – кішкене ғана өзен. Кейбір жердері, әсіресе жоғары жағы батпақты. Сондықтан да басқаларға қарағанда осы өзенге қамқорлық көбірек керек. Әйтпесе оны батпақ басып, тартылып қалуы мүмкін.     Сонан кейін оны құм баспағанда қайтеді.- Онда балық та болмайды ғой, — деп Масика жабырқап қалды. — Балық та болмайды, қазіргі сәнінен де айырылып қалады. Ал Мирянкаға, Уша мен Неманға келіп қосылып жататын миллиондаған су тамшылары да сарқылмай ма? Тіпті теңіздің өзі құм алқабына айналуы мүмкін. Сондықтан мен мына бұлттардың артынан Құмдауытқа қарай жүгірмесем болмас. Оны сумен толтыруым керек қой.Тұтасып тұрған қалың бұлт сөгіле берді де, Нөсер ата сол жапсарға сүңгіп жоқ болды.Біраздан соң жарқырап күн де шықты. Оның сәулелері қызыл талды аймалай бастады. Ықтасыннан шыққан Максимка қорғалатқаны үшін кәрі ағашқа алғысын жаудырып, деревнясына қарай бет алды. Енді оның көңіл үйі де көтеріңкі. “Жаууы жауа берсін, мен енді одан сескенбеймін. Қызыл талдың ығында тұра бермеймін бе. Ең бастысы Құмдауыт өзенінің суы ортаймаса екен” деді балықшы балақан.


Орыс тілінен аударған – Н. Ақыш




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу