Аңыздар ✍️
Тораңғы туралы аңыз. ТҰРАННЫҢ КӨНЕ АҒАШЫ
Балқаш маңайы – тарихи тамыры көне ғасырларға, тіпті мыңжылдықтарға дейін тереңдеп жатқан ежелгі қазақ жері.
Мысалы, қазақтардың оларға дейін көне түркілердің барлық заманда киелі деп есептеп келген тораңғы ағашы Балқаш маңай мен АҚШ аумағында ғана өседі екен. Бүкіл әлем тарихшылары кезінде осы жерлерден арийліктерді қуып шығып, алдымен Персия мен Ауғанстанға, кейін Үндістанға көш аударуға мәжбүр еткен тұрандықтардың кім болғаны жөнінде әлі күнге дейін дауласып келеді. Парсы ақыны Әбілқасым Фирдоусидің «Шахнамэ» атты ұлы жырында айтылғанындай, Тұран мен Иран бір-бірімен жауласқан екі ел болған. Олардың арасындағы соғыс парсы ханзадасы Сияуыштың тұран патшасының қызы Фарангизге үйленгеніне дейін мың жылға созылған. Бұл өте көне хикаялардың бірі. Тұран мемлекетінің шынында осы маңайда болғанын, ал Алып Ер Тоңа – Афрасиаб патша билік еткен тұрандықтардың түркілердің арғы тегі екенін киелі Тораңғы ағашы дәлелдеп тұр. Іс жүзінде, ол терек емес, теректің бір түрі еді. Тұранның ежелгі көне түркілер мемлекеті болғанын көптеген басқа да тарихи және деректі мағлұматтар растайды.
Бір данышпан қария маған «қазақтар түріктер емес, бірақ түріктерді қазақтарсыз елестетуге болмайды» деген еді... Бұл киелі ағаштың тағы бір аты –Желтораңғы деп аталады. Желтораңғы атынан көрініп тұрғанындай, жел шақырушы дегенді білдіреді. Тып-тынық күннің өзінде оның бұтақтары тербеліп, сыңғыр қағып тұрады. Күн өте ыстық кездің өзінде тораңғының сап-салқын саясы адамдарға пана болады. Тораңғының ерекше киелі екенін осыдан-ақ аңғаруға болады.
Тораңғы тоғайлары адамды ерекше сезімге бөлейді. Оның тағы бір ерекшелігі – жапырақтары пішінің әртүрлілігінде. Бөрікбасының төменгі бұтақтары мен жоғары бұтақтарын салыстырсаңыз, олардың әртүрлі екенін байқайсыз. Сондықтан оны түрлі жапырақты тораңғы немесе түрлі жапырақты терек деп те атайды.
Орманшылар тораңғы ағашының тығыз емес, бір-бірінен қашық өсетінін айтады. Ағаштың таңғаларлық пішінде қисайып өсетін діңі көбіне қуыс болып келеді. Ол қуыстарға сары шымшық, көк қарға, тіпті сасық көкектер ұя салады. Бөрікбасының ұшында бүркіт, ақ құйрықты су бүркіті мекендейді. Әдемі жынды көбелек тораңғы тоғайларында ғана тіршілік етеді. Сирек кездесетін тораңғы ағашы бүгінде Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Оны кесуге тыйым салынған.
Жазушы Бақытжан Бектеповтың қазақтың қалмақтармен соғысын сипаттайтын «Тораңғының көз жасы» деген повесі бар. Онда Темір және Қаражал деген екі жігіттің біріне таңдау жасай алмаған Тораңғы есімді қыздың өмірі сипатталады. Жігіттердің өзара сайысында Қаражал жеңіп, Тораңғыға үйленеді, бірақ қыздың жүрегі Темірді қалаған еді.
«Бұл адамдардың бір-бірімен де, бүкіл әлеммен де бейбіт өмір сүріп жатқан кездері еді. Жан баласы күншілдік пен жауыздық, зұлымдық пен қатігездік атаулыны білмейтін кездер еді. Жүзі мың құбылатын Жауыздық Құдайы әлі өмірге келмеген кездер еді.
Бақуатты, әрі жомарт бір ауылда Нұрәлі деген бай тұрыпты. Оның Құралай атты әйелі, Тораңғы атты қызы болыпты. Көз жетпейтін көк аспан да, гүлденген сары дала да Тораңғының сұлулығымен теңесе алмайтын...» – деп сипаттайды қыздың көркін автор.
Өмірде шайтан ғана қателеспейді, ал адамдарға нақ осы қасиет тән екен. Қаражалдың бойындағы барлық жақсы қасиеттерін байқамаған Тораңғы өз жүрегін Темірге ұсынады. Мұның соңы қайғылы оқиғаға соқтырып, үш жастың өлімімен аяқталады.
«...Жұлдыздар мұңайған күйі қол жетпейтін көктен құшағын кере жайған түн қараңғысын жамылған жерге қарап тұр. Олардың кейбірі кей-кейде көз жасының тамшысындай болып, жерге тамып жатыр, көктің өзі алыс жер бетіндегі гүлдеген жусанның хош иісіне бөленген далада күн кешкендердің қазасына ортақтасып тұрғандай. Ұшықиырсыз даланың әр жерінде сирек өскен тораңғы жапырақтарында осы жұлдыздардың шағылысқан бейнесіндей мөлдір тамшылардан тұратын сәулелер жылт-жылт етеді, халық арасында оларды «Тораңғының көз жасы деп атайды», – деп автор повесін аяқтайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter