24.01.2022
  772


Автор: Қазақ ертегілерінің басты кейіпкерлері

Шойынқұлақ

Шойынқұлақ «Ер төстік» ертегісіндегі ұнамсыз бейне. Қазақ фольклорында дәулер бейнесіне тән трафареттік қасиеттер бар. Олар: жалмауыздың баласы, әкесі не күйеуі болады, адам аяғы баспайтын жерді мекендейді, асқан күш иесі болады, жанын оңайлықпен бере қоймайды.


Көп ертегілерде жолаушыны құрығына алдап түсіретін, я болмаса, дәулермен арасын бітістіретін дәулердің шешелері туралы айтылады. Фольклортану ғылымында дәулердің шешесі ежелгі матриархат дәуірінен қалған белгілер деген пікір де бар.


Шойынқұлақ сурет


 


Шойынқұлақ сурет фото


 


фото Шойынқұлақ сурет


 


фото Шойынқұлақ сурет


 


Осы трафареттік қасиеттердің бәрі Шойынқұлақтың бойынан табылады. Ол - жалмауыз кемпірдің жалғыз ұлы. Перінің қызы Бекторы оны жер асты патшалығынан жер бетіне шығатын жолды күзеттіреді. Оның жаны бөлек жерде сақталады. Асқан күштің иесі болып табылады. Сөзіміз дәлелді болу үшін ертегіден үзінді келтірейік:


Арт жағынан қайқы қара елік те суға бас қояды. Еліктер өте шөлдеп қалған екен, суға тойып, қарындарын қампитып, қайқайып шыға береді. Әсіресе, қайқы қараның қарны жер сызып, суаттан бұрыла берген кезде, Төстік қарнынан дәл көздеп садақты тартып қалады, қарны ақтарылып, тоғыз қара сандық жерге сау ете түседі. Ең кішісін ұстап алып, Төстік ашып жіберсе, іші толған балапан, шүпір-шүпір етеді. Санап жіберсе, тоғыз балапан екен. Сегізінің мойнын жұлып алып: «Шойынқұлақты шалажансарында бір көрейін!» – деп соның үйіне тартады.


Шойынқұлақтың үйіне жақындағанда Күңке алдынан шығады.


«Шойынқұлақ қалай?» – деп сұрайды Ер Төстік.


«Шойынқұлақ әлсіреп жатыр», – дейді Күңке.


Келсе, Шойынқұлақтың кірпігі зорға қимылдайды, болар болмас қана демін алып жатыр екен. «Е, батыр, қалайсың?» – деп, Ер Төстік мазақтап жақындай бергенде, Шойынқұлақтың қолы Ер Төстіктің жағасына сап ете қалады. Екеуі алыса кетеді. Төстік: «Оп-оңай-ақ жерге жаншып тастаймын ғой», – деп ойлап еді, Шойынқұлақ әл бермейді. Енді біраз алысқан соң, Шойынқұлақтың күшейіп бара жатқандығы байқалады. Төстік буынып қара терге түсіп, әлі кетіп бара жатады. Төбесінен тау басқандай, денесін темір тор шырмағандай болып көрінеді. Осы үзіндіден көріп отырғанымыздай, Ер Төстік Самұрық құстың ақылымен Шойынқұлақтың жанын қолына түсіріп, тоғыз балапанның басын бұрап үзгенде ғана оны жеңе алады. Әйтпесе, Шойынқұлақты жеңер дәрмен жоқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу