Өлеңдер ✍️

  22.01.2022
  108


Автор: Алма Түсіпбекова

Сырласайық енді үнсіз...

Бір өзіңді жаным дермін,
Болмас менде жалқы мұң.
Жанарыңнан жалын көрдім,
Жалын көрдім, алтыным!

Сезіндіріп таң самалын,
Нұр толтырып көзіме.
Қанша жылдар аңсағаным,
Оралдың-ау, өзіме.

Сезіндірген жанға құтты,
Айналайын, арман-шың!
…Өн-бойыңа бар бақытты,
Қалай жинап алғансың?!

Жеңе алдым ба, күш-егесте,
Тағдырымның азабын?
Өңім бе өзі?
Түс емес пе?
Осы көрген ғажабым?!

Баяулады даусым не ғып,
(Сәттерім-ай, ең мұңсыз).
Айтар сөзім таусылды анық,
Сырласайық енді үнсіз…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу