Өлеңдер ✍️

  21.01.2022
  125


Автор: Сайлаухан Нәкенов

Өз жүрегім өз кеудемді ұрғылап...

Өз жүрегiм өз кеудемдi ұрғылап,
Тамырлармен жүгiредi бiр бұлақ.
Отырамын ойларымның ойпатын
Тыным таппай бұрғылап...
Күңгiрт тартып барады ма терезем,
Не бiтiрген геолог қиял кезеген?..
Жарқыраған алтын десем, апыр-ау,
Шығып жатқан жез өлең.
Бар болғаны бiр-ақ металл сөремде,
Түнеремiн, бұрғы ұшын көрем де.
Әлде менiң асылдарым әу бастан
Тұнған шығар тереңге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу