Өлеңдер ✍️

  21.01.2022
  205


Автор: Сайлаухан Нәкенов

Жез даңқы

Тарихтан сұра, не елден,
Сарыарқа деген ежелден
Асу да асу бел екен,
Байлығы шалқар көл екен.
Кенге де, малға бай тiптi,
Көргендер жыр ғып айтыпты.
Бiлiмпаз, небiр ғұлама
Қия алмай қарап қайтыпты.
Жан-жаққа тарап жол жатты,
Келгендер қанша олжа апты.
Бiлгiрлер сонда жез даңқын
Жүз мың жыл бұрын болжапты.
Көрген көз бiрден таныпты,
Талайы қонып қалыпты.
Жетi Кеңгiрi — жетi өзен
Қалайы болып ағыпты.
Бар қазақ соны бiлiптi,
Ырысын жердiң ұғыпты.
Сап-сары сазы сұп-сұлу
Құмыра болып шығыпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу