Өлеңдер ✍️

  21.01.2022
  168


Автор: Сайлаухан Нәкенов

Бәйге ме?..

Бәйге ме?..
Құнаным бар қосылмаған,
Ол түгіл, қара жарыс тосын маған.
Білмеймін, аяңына қарап тұрып,
Болып жүр қасым да алаң, досым да алаң.
«Тұлпар» деп табынады қолдағандар,
«Жылқы ма?» деп түкірер қорлағандар.
Мен бірақ асықпаймын, құнан түгіл,
Атына ер-тоқым сап болмаған бар.
Мен әлі асықпаймын, жай қамданам,
Той көп қой талай бастар айналмаған.
Ақан да бесігінде ән салмаған,
Құла да құлынында бәйге алмаған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу