20.01.2022
  347


Автор: Әлібек Асқаров


Өмірден ертерек кеткен тамаша ақын Төленді Нұрмұхамедов /1936–1979/ көп жыл бойы партия-кеңес саласында қызмет еткен ғой. Сол кісі Алматы облысы, Талғар аудандық партия комитетінің хатшысы болып жүрген кезінде партиялық қызметті тастап, біржола шығармашылыққа бет бұруды ойлайды. Сөйтеді де, хатшылықты табыстап, Мәскеудің М. Горький атындағы Жоғары әдебиет курсынан бір-ақ шығады. Ол жақта екі жыл оқып, Алматыға келген соң қызмет табылмай, біраз уақыт жұмыссыз жүреді. Сонда Сырбай:


 


– Нұрмұхамедов Төленді


Жазамын деп өлеңді,



Хатшылықтан босанып,



Мәскеу жаққа жөнелді.


Барып түсіп оқуға


Теорияға кенелді.


Қайтып келді – жұмыс жоқ,


Кездесті көп кедергі...


Оқу сонда не берді? – деген екен.





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу