Эсселер ✍️

  20.01.2022
  193


Автор: Айдар ТЕМІРБЕКҰЛЫ

Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды

Бұл кісі менің анам. Батыр ана. Он бір құрсақ көтеріп, жетеуін жеткізген батыр ана. Ертерақ кеткен ерінің етігін киген батыр ана. Үйдің, түздің тірлігін қатар алған батыр ана. Ата-аналық парызын адал атқарған батыр ана. Ұлы ұядан ұшқанда, қыз қияға қонғанда "қиналдым" деп көрмеген батыр ана. Отағасын жоқтатпай отын жаққан батыр ана. Жетпіс екі жасында жеті қамал тұрғызып, жеті перзенттің төріне еркін шыққан батыр ана! Осы тіршіліктің барлығы, осыбір шүйкедей ғана шымыр ананың жалғыз өзінің ақ қолынан келді. Қалай батыр демессің!


Аналар күні деген соң айта кеткім келді да. Жалғанда жалғыз өтінішім, перзенттік борышымызды адал өтеуге мүмкіндік бер жаратқан! Егерде мен, тіршілікте бір адамға қарыз болсам, ол жалғыз сенсің құрметтім. Адамзатта асылым, Мына бес күн жалғанда баға жетпес қымбаттым. Түн ұйқысын төрт бөлген оққағарым, қалқаным. Жырақ кетсем жебеушім, сүрініп кетсем демеушім. Ақ пейілді періштем. Сен аман бол ардақтым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу