Эсселер ✍️
Әжемнің айтқандары
Марқұм әжем әңгімені жақсы айтушы еді. Заты әйел болған соң ба әңгімесінің көбі әйелдер жайлы болатын. Бұрынғының әңгімелері дерлік өмірлік тәжірбиеден алынған ғой. Есте қалған бірнешеуін қайта жаңғыртайын.
"Баяооғыда" деп бастайтын) Екі келін сөйлесіп отырыпты -дейді.
--Менің кәрі ата-енем бір жаурауық. Оттың қасынан шықпайды. Тіпті оттың үстіне төніп отырады. Қайтсем болады -деп ақыл сұрайды.
--Теппейсің ба! -дейді екіншісі. Мен тебемін. Азанда, кешке теуіп қойсаң отқа жақындамайды.
Мұны естіген әлгі келін үйіне келе соны істейді ғой. Ел шулап масқара болаған келін, досына қайта келеді.
--Сен айтқандай ата-енемді теуіп едім басым бәлеге қалды. Бұл ақылың болмады. Сен қалай істеп жүсің? -деп сұрайды.
--Мен, отпен тебемін -депті ақылды келін. Азанда, кешке оты мол етіп жағамын. От қатты ысығанда, ата-енем артқа серпіледі. Саған "теп" дегенім осы -депті.
*******
Ұзатылып жатқан қызына шешесі ақылын айтып:
--Қызым барған жеріңде өзіңе қарап жүр. Тапқаныңды үстіңе іл -депті. Содан арада жылдар өтіп, қыз төркіндеп келеді ғой.
Келген қыздың үсті алба-жұлба бідеме. Шошып кеткен шешесі:
--Қызым -ау, не боп кеткенсің десе, Ақылсыз қызы айтқан екен:
--Өзің айтқандай тапқанымды үстіме ілебердім -деп)
"Бұл, адам дегенге, Алла санасына бермеген соң қиын екен -ау" -деп отырушы еді жарықтық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter