Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.01.2022
221
Өкпеледің бе?!
Өкпеледің бе?!
Тақымында жылдардың кеткен өмірге.
Мәңгі қыс боп қасарған тірлікке мынау,
Сен қайтадан бүр жарып көктемедің бе?
Құладым деме,
Тағдырыңа ашынып жыладың неге?
Батар күннің күдігін қалдыршы, қарғам,
Атар таңның үмітті шуағын көре.
Өмір үстем бе?
Не жетсін қайғы мұңыңды бөліп ішкенге!
Риясыз күліп, Мен кейде ләззәт аламын,
Жеңістерге бергісіз жеңілістен де!
Білемін құсым,
Кім бар дейсің жалғанда жүрегі бүтін?
Өмірді мәңгі жаныммен сүюге бармын,
Сенің аппақ періште тілегің үшін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter