Өлеңдер ✍️

  20.01.2022
  128


Автор: Арман Шеризат

Ойларымды арғы әлемге бағыштап....

Жүректерге нұр құятын шын құштар,
Бар әлемді ұстап тұрған бір күш бар.
Жаратушы Құдіреті сол күшпен,
Ақын біткен ақиқатты қызғыштар.
Қуатымен кеудемдегі сол оттың,
Құлама құз, қыл көпірден көп өттім.
Ақиқат пен ардың Ақын ұлында,
Адамзаттан болған емес бөлек мұң.
Ақиқатты жарар еді, айта алсақ,
Жанды таза қайтарайық, қайтарсақ.
Мәңгі тұрақ бола алмайды жер бізге,
Аспан шатыр бола алмайды шайқалсақ.
Асқақ арман ажырама көркіңнен,
Тағдыр тыс боп қала көрме еркімнен.
Қиялымда кезіп кетем ғаламды,
Құлағымда өмір күйі шертілген.
Тылсым сонау құпиялы ғарыш жақ,
Бәрі менен бара жатыр алыстап.
Қойнауыңда қалып қоям түнектің,
Ойларымды арғы әлемге бағыштап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу