Эсселер ✍️

  19.01.2022
  146


Кім кінәлі?

Бүгін жол ережесін бұзғанның кесірінен бір мәшине жолдан шығып барып әзер тоқтады. Енді екі жүргізуші жол ортасына тұра қалып керісіп тұр. "Кім кінәлі?!" дейдіғой сол


Сырттарынан қарап тұрып мына бір әңгіме есіме түстіда.


Біздің ауданда Дәдәхан деген жүргізуші куәлігін сататын кісі болған. Ақшасын берсең үш күнде жүргізуші атанасың. Көп адам содан алғандықтан оны аудан халқының көпшілігі жақсы таниды. Сол Дәдәңіз бір күні жеңіл көлігімен Созаққа келе жатса соңынан жеткен екі мәшине басып озыпты. Озғандада теріс жағынан озғанғой. Көрне көзге қарапайым жол ережесін бұзған екеуге Дәдәхан күйінудің орнына күліп отырып айтқан екен, "Мына екеуі праваны меннен алған ау" деп)


Жол апаты қаншама адамның өмірін жалмады десеңші. Жүргізуші куәлігін сатып алған жастар жол ережесін білмейді. Жүре келе үйренеді дегенмен оған дейін бірнеше жол апатын жасап үлгереді. Ат үстінің желі бар дегендей тізгін ұстаған қазақтың желпініп шығатыны тағы бар. Оған сапасыз жолдың тарлығын тағы қосыңыз.  Ауырмай, сырқамай айдын күннің аманында қыршын кеткен жастарға ішің ашидыда.


Айтасың, қойясың! Айналып келгенде бүгінгі керісіп тарасқан екі жүргізушінің кері келеді. Көмейіңе тірелетінде сол сауал, "Кім кінәлі?!"




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу