Эсселер ✍️
Жекпе-жек
Ер балалар ерегеспей тұрмайды. Оның аса бір айыбыда жоқ. "Жігіт болғансоң болады да" деп қоямыз)
Мұндай жағдайлар бала күнімізде мектепте көбірек орын алатын. Болмашыдан талас туады. Немесе үлкен балалар шағыстырады. "Мынамен шығасың ба?" деп. Екінші бала "шығамын" дейді. Шамасы жетпесе де "Қорқақ" атанғысы келмейді.
Бұл, намыс! Балаң жүректе бұлқынған намыс! Болашақта мықты ер-азамат ретінде қалыптасу үшін бұл да бір керек тәрбие.
Енді, "Кім күштіні" анықтау үшін мектептің артына барамыз. "Тістеуіш жоқ, е..ктен тебіс жоқ" -деп келісілген бала батырлардың жекпе-жегі басталып кетеді. Екі бала алысып, кейде "ит жығыс" болып жатады. Біреуі басым түсіп жатса, жеңілген баланың сылтауы да дайын. " Жібер -еу, жібер! Шалбарымның ауын жыртасың!" Екіншісі оны аяп жібере салады)
Бұл мейрім! Қазақы тәрбиенің "Обал болады" тобына жататын аяушылық сезімі!
Қандай керемет десеңізші. Ешқандай кек сақтамайтынбыз. Қазір төбелесіп, қазір ойнап кете береуші едік...
Иә, ол кездегі жекпе-жектер адал да әділ өтуші еді ғой)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter