19.01.2022
  268


Отан оттан да ыстық

Отан деген не? Бірде мұғалім мен бастауыш оқып жүргенде сұраған еді? Сол кезде менің қатқан жауабым:


"Жер, су, табиғат"


...деп жауап берген болатынмын. Ешқандай сезімсіз, терең түсінбей. Алайда өсе келе, уақыт өте келе, ата-анам мен мұғалімдерімнің алып жатқан білімімнің арқасында мен атаған жер мен судың қандай қиын кезеңдерді бастан өткеріп, бізге тиесіленгенін ұғындым. 


 


Отан үшін күрес — ерге тиген үлес деп босқа айтылмаса керекті. Ата-әжелеріміз жанын пида қылып ерлікпен күрескен жер енді біздің өлке, біздің Отан!  Отанымызды әрдайым ұлықтап, құрметтеп, мәңгілік оған тағзым етуге тиіспіз деп есептеймін. Отанымның кең байтақ  қарап тек шүкіршілікайта аламын. Расымен де өзің туып өскен жер әлемнің басқа ешқандай кереметімен сәйкес келмейді екен. Қарағанда көзім тоймайды. Қандай сұлу деймін, қандай бейбіт, қандай тату ел! Ал ең бастысы тәуелсіз ел. Тәуелсіз, азат елде өмір сүреміз. Мұндай тыныштықты ата-бабамыз сан ғасырлар бойы армандап келген емес пе? Елі, жері үшін жан таласып,ғ алыспай беріспей күрескен ол кісілерге мәңгілік қарыздармыз.


Отан оттан да ыстық. Ол да рас екен. Өз отанымнан аяғымды аттап бассам, туып өскен жерім мен қандас қазақ бауырларымды сағынамын да тұрамын. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу