Шығармалар ✍️
Өмір
Өмір адамға бір рет қана берілетін баға жетпес сыйлық. Өмір тоқсаусыз ағып жататын өзен секілді. Бірде тасып, бірде суы таязданып жасып қалатын. Өмірде бәрі қатар жүреді. Жеңіс пен жеңіліс. Бақыт пен қайғы. Танысу мен қоштасу. Үміт пен күдік. Қуантарлығы әрі өкініштісі – бәрі уақытша. Бәрі алдамшы. Тіпті, қастерлеп жатқан өмірімізде. Сондықтан да қандай жағдай болмасын жақсылықтан үміт үзбеу керек-ақ.
Бұл өмір бізге сынақ ретінде берілген. Соңында бәріміз бір Аллаға қайтарыламыз. Жалғандағы жасап жатқан әрбір әс-әрекетіміздің жауабын береміз. Сол себептіде қазір бойымызда күшіміз барда өзгелерге, мейлі, іспен не сөзбен болсын жақсылық жасап сауап жинау басты міндетіміз. Жалғанда жасаған әрбір жақсылығымыз өзімізге мың есе артық болып қайтса, жасап жатқан жамандығымызда өз орнымен бізге қайтады. Бұл өмір заңдылығы.
Күнделікті таңертең сеніммен ояну үшін адамға өмірлік мақсат қажет. Өмірлік мақсат – адамды алға қарай жетелейтін ұланғайыр күш. Мақсаты айқын жанның жасайтын іс-әрекеті де нақтылана түседі. Адам болғасын әркез жақсы дүниелерді армандаймыз. Қиялдаймыз. Соған жету жолында қаншама қиындықтарды жеңіп, арманымыздың орындалғанын қалаймыз. Аңсаған арманымыз үшін тынымсыз күресеміз.
Өмір жолы түзу емес. Өрі де, ылдиы да жетерлік. Қиыншылықтар әркез кездесіп тұрады. Бастысы сол қиыншылықтар сенің жігерінді жасытпай, алға қойған мақсаттарынан қол үзіп қалмау керектігін үйретеді. Алайда, өмірде қандай жағдай болмасын әр істің бір қайыры бар. Жақсылықтың бастауы. Барлығы бір Алланың қалауымен болып жатады. Өмірдегі кездесетін кедергілер мен мәселелердің жалғыз шешімі – дұға. Дұға – адамның қорғаны. Сенімді серігі. Сол себептіде, әркез жақсы мен қуанышта бір Алладан үмітімізді үзбей, келер күн үшін шынайы дұға жасап өмір сүрсек, міне, сонда ғана бұл өмірде өз орнымызды таба аламыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter