19.01.2022
  215


Менің жазғы демалысым

Сабақты бітіріп, жазғы демалысқа шықтық. 3 айлық жазғы демалысым керемет өтті. Ата-анамыз бәріміз Нұр-Сұлтан қаласына барып, күн санап дамып келе жатқан жас қаланы көріп қайттық. Қалада біздің ағамыз тұрады. Ағамның балдарымен қаладағы Президент отыратын Ақ Орданы, биік Бәйтеректі, сауда қалашығы Хан-Шатырды, EXPO 2017 кезінде салынған әдемі ғимараттарды  және т.б. көрікті жерлерді аралап, суретке түстік. Кешкісін кинотеатрда кино қарап, Есілдің жағасында балмұздақ жеп жүріп қайттық. Біз қаланың туған күніне орай бардық. Сол күні қалада күшті концерттер, ойындар, кешке отшашулар болды. Сосын қоғамдық көлік сол күні адамдарға тегін қызмет жасады. Мен теледидардан көретін әншілерді концертте тірідей көрдім. Күшті екен олардың жанды дауыстағы әнің естіп, олармен суретке түскен. Күнде түсте Есіл өзеніне барып кеш батқанға дейін шомыламыз. Суда доппен волейбол ойнаймыз. Мұздай балмұздақ жеп, кешке балдармен велосипед айдап жарысатынбыз. Маған Нұр-Сұлтанның ауа-райы қатты ұнады. Шымкенттегі секілді ыстық емес, қоңырқай салқын, аздаған жел тұрады. Таңертең күн шығып тұрса, кешке қарай өткінші жауын жауып өтеді. Мен қаладағы биік-биік ғимараттарды көріп өскенде осындай ғимараттар салатын сәулетші боламын деп шештім. Және мен Есіл өзенінің бойында орналасқан Л.Гумилеев атындағы Еуразия Ұлттық университетін көріп осы қалада, осы университетте оқимын деп ойладым. Нұр-Сұлтан қаласы маған көп армандауды үйретті.


 


Нұр-Сұлтан қаласынан соң біз отбасымызбен Бурабайға бардық. Мектепте апайымыз Жұмбақтастың суретін көрсетіп еді. Енді мен оның өз көзіммен көрдім. Өте әдемі екен. Ол жақтың әсем, сұлу, кербез қайыңдарын көріп осынау табиғаты көркем Қазақстанда туылып, жасап жатқаныма қатты қуандым. Отанымыздың бас қаласы мен өзге елден келген қонақтарға көрсететін сұлу Бурабай мені келешекке мықты мақсат қоюға, биік армандауға үйретті. Мен Отаным – Қазақстанды шексіз жақсы көремін.


Міне, менің жазғы демалысым осылай керемет өтті. Жазда көрген ғимараттарды салу үшін көп оқып, білімді боламын деген нық сеніммен мектепке келдім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу